Жабайы а?дар ашы? ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі
19050-2159
Бекітемін: …..................
«Достық» б/б меңгерушісі:
Ералимова Ш.У.
Саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Көркем әдебиеті.
Тақырыбы: «Жабайы аңдар».
Мақсаты: 1) Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелеу.
2) Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап,
аттарын айтып,сөздік қорын байыту.
3)Оларды қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал –жабдықтар: Суреттер, ойыншық аңдар,
ағаштар макеті,көгершін,күн, аспан макеті,гүлдер шашуға
Алдын ала орындалатын жұмыс: аңдар туралы әңгіме жүргізу.
Сөздік жұмыс: қонжық,жаутаң,көжек,бөлтірік.
Билингвальді компонент: медведь, волк, лиса, заяц, жираф, бегемот, зима, лес.
ҰОҚ барысы:
Балалар залға кіреді.
Шаттық шеңбер
Есть хорошая примета,
Всем с утра дарить цветы.
Солнцу красному...
Привет!
Небу ясному...
Привет!
Люди, взрослые и малыши,
Всем привет от всей души!
Тәрбиеші: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: -Қыс-/орысша-зима/
Тәрбиеші: -Қыстың ерекшеліктерін атап беріңдерші.
Балалар: -Аяз, қар жауады, мұз қатады, аққала жасаймыз, шана тебеміз, жылы киінеміз.
Тәрбиеші: -Дұрыс, айтасыңдар. Ал, қыста неше ай бар? Атап беріңдерші.
Балалар: -Үш ай бар- желтоқсан, қаңтар, ақпан./декабрь,январь,февраль/
Тәрбиеші: -Балалар қыста ағаштар қалай өмір сүреді?
Балалар: -Ұйықтайды, жапырақтары күзде түсіп қалады, қыста түбіне көп қармен жауып қоюмыз керек, сонда тамырлары тоңбайды.
(Есікті біреу түртеді. Көгершін ұшып хат алып келеді)
Тәрбиеші: -Балалар,мынау қандай құс? /көгершін-оны хат тасушы деп атауғада болады/
-Балалар, мына хат қайдан келді деп ойлайсыңдар?, не деп жазғанын қарайықшы: «Мыстан кемпір бәрін сиқырлап тастапты, енді мына орман тұрғындары не жеп, не ішетіндерін ұмытып қалдық.»
-Айтыңдаршы орманда, нелер мекендейді?
-Не болды екен, қалай ойлайсыңдар біздер көмектесе аламыз ба?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Ендеше біздер жыдағаттап аттанайық. Ол үшін ең тез жүретін көлік таңдауымыз керек. Ол қандай көлік?
Балалар:ұшақ, поезд,машина т.б.атайды.
Тәрбиеші:Онда, мына сиқырлы орындықтармен барайық!
-Ол үшін сиқырлы сөздерді айтайық:
«1,2,3, Стульчик мой лети!»
«ормандағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру.»
-Балалар біздер қайда келдік?
Балалар: Орманға.
Тәрбиеші: -Қараңдаршы, мына орманда ағаштар көп екен, бірақ аңдар көріне ме?
Ал кім орман туралы тақпақ біледі?
Назерке: Будь здоров, зеленый лес!
Стой в торжественном наряде.
Парты,книги и тетради,
Ты нам дал, зеленый лес!
Рахат: Чтобы в мире не исчез,
Зверь лесной,и птица тоже.
Процветай наш друг хороший,
Будь здоров, зеленый лес!
Д/ ойын: «Қандай аң екенін атайық»
-Мынау не екен? Жауабын айту оңай болмас мен қарап жіберейін, ал сендер жауабын шешіңдер.
Арсен:- Мен оны сипаттап беремін, ал сендер жауабын айтыңдар.
(Балалар жауабын айтқанда суретті көрсетеді. Сурет бойынша аңды сипаттап немен қоректенеді, қандай пайдасы бар екенін атайды.)
(қоян, түлкі) - (орнымен орналастыр)
Сергіту сәті:
Алдымызда талдардан,
Жылтыңдайды қу түлкі
Біз түлкіні алдаймыз
Жүгіре басып қалмаймыз
(Балалар түлкінің жүрісін салады)
Қояндарды көреміз,
Қоянға ұқсап жүреміз.
Қолымызды алға ұстап,
Секіре басып келеміз.
(Қоянға ұқсап қосаяқтап секіру)
Рахат:жұмбақ жасырады./ Аю, қасқыр/ балалар аңдардың қайда мекендейді?,немен қоректенеди,пайдасын атайды.
Қ/о «Ормандағы аю» Аю жүрген орманнан,
Жидек тердім сол маңнан
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Тәрбиеші:-Балалар, мына жерде нелер тығылып қалған?
Д/ойын: «Төлін ата, орналастыр!» Медведь-аю-қонжық
Волк-қасқыр-бөлтірік
Лиса-түлкі-жаутаң
Заяц-қоян-көжек
(Балалары аналарының қасына орналастырады)
Тәрбиеші: -Балалар, мұнда тағы қандай аңдар қалып қойған?
Балалар:-Арыстан, керік,маймыл,тышқан кірпі,піл.
Тәрбиеші:-Олар қайда мекендейді?
Балалар:- Оң түстікте,жылы жақта, ол жақта қыс болмайды.
Керік: азанда жеген шөбі асқазанға түсте барады екен.
Піл: Индия, Африка елдерінде мекендейді біздің орманда өмір сүре алмайды.
Тәрбиеші:- Балалар, біздер ормандағы аңдарға қамқор болу керекпіз-Ағаштарда сындырып, шөптерді жұлуға бола ма?
-Аңдарды атуға болады ма?
-Неге?
Балалар:-жоқ, оларды қорғау керекпіз.
Арсен: Ал,балалар,сендерде,
Дос болыңдар олармен.
Мекендейтін орманды,
Аңдар,құстар,жәндік бар.
Тәрбиеші:- Балалар, орман тұрғындарын дұрыс орналастырдық па?
-Мына тәттілерді сендерге рахметін айтып кішкентай қонжық берді.
-Бәріміз ендеше топқа оралайық.
-Ол үшін сиқырлы сөздерді айтайық:
«1,2,3, Стульчик мой лети!»
-Балалар,біздер қайда бардық? Қандай аңдарды кездестірдік?
Қоянның түсі қалай өзгереді? /балалардың жауабы/
Біздер қандай халық болжамдарын білеміз? Кім айтып береді?
Балалар:
1 Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса-қыс қатты болады.
2 Дала тышқандары шұбырып шөп жинаса-кешікпей жауын-шашын болады.
3 Аю апанын биікке салса, көктем ерте шығып,су тасқыны болады.
4 Қыста қар көп болса, жазда жаңбыр көп болады.
5 Егерде қояндар аулға жақындаса –аяз болады.
Тәрбиеші: (балаларды мадақтау,бағалау)жарадыңдар балалар, бүгін бар білгенімізді ортаға салдық , сұрақтарға да жауап бердіңіздер мына аңдар силаған конфеттерін топқа барып бөліп аласыңдар.
-Ендеше қонақ апайлармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!
Бекітемін:_________
«Достық» балабақшасының
меңгерушісі Ералимова Ш.У.
қаңтар 2017ж.
«Балдырған» тобы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
497765189491
Білім беру саласы :Коммуникация
497765-5192
Бөлімі: Көркем әдебиет
4870085080
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Өткізген тәрбиеші: Калиева Г.К
2017 жыл