Открытый урок в 4 классе литературное чтение в казахском классе Курмангазы Сагырбайулы


Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4 «А
Сабақтың тақырыбы:  С.Бақбергенов. "Құрманғазы"
Сабақтың мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, Құрманғазы мен оның күйлері туралы мағлұмат беру, өз бетінше білім алуға үйрету.
Топтық жұмыс арқылы сыни ойлауын дамыту.
Оқытудың нәтижесі
Мәтін туралы ұғымдары кеңейеді, өз бетінше білім алуға үйренеді,күй және қазақ күйшілері туралы мағлұмат алады, сөздік қорлары артады.
Негізгі түйіні
Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, негізгі ұғымды меңгерту. Топтық жұмыс арқылы бір-бірімен пікірлеседі, ой бөліседі.
Жабдықтар:
Флипчарт, бағалау парағы, суреттер,телевизор,бағалау парағы.
Сілтеме:Әдебиеттік оқу 4 сынып.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі:  Топтық жұмыс .Сұрақ-жауап,топтастыру,тауып оқу,тізбектей оқу.Миға шабуыл. ЖИГСО әдісі
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру. Ой ашар.
Назарын сабаққа аудару. Қорапқа салынған домбыра, қобыз,жетіген аспаптарының суреттерін таңдатады.
Суреттерді таңдап алады. Сол арқылы топқа бөлінеді, әр топ топ басшысын сайлап,топ ережесін құрады.
1топ Домбыра
2топ Қобыз
3топ Жетіген
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ш.Мұртаза «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар дайындау.
1топ
1. Т.Рысқұлов кім?
2.Мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті?
2топ
1. Ол неге Сибирь сөзін естігенде селк етті ?
2. Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев деп өзгеру себебін білесін бе?
3 топ
1.Бала Тұрар әңгімесі кандай романның үзіндісі?
2.Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсындар?
III. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Құрамнғазы күйін ойнату.
Күй тыңдатады. Сұрақтар қояды.(Миға шабуыл)
-Біз қандай музыканың түрін тыңдадық?
- Күй дегеніміз не?
-Күйді кім орындайды?
-Қандай күйшілерді білесіңдер?деген сияқты сұрақтар қояды.
Оқушылар сұраққа жауап береді, сол арқылы ұпай жинап, бағалау парағына қояды.
«Құрманғазы» әңгімесінің авторымен слайд арқылы таныстырады.
Автор туралы мағлұмат алады.
Олай болса, бүгін біз атақты күйші Құрманғазы мен шәкірті Дина әжеміз жайлы мағлұмат алмақпыз.
Әңгіме авторына тоқталу.
С.Бақбергенов Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданында 1920 жылы дүниеге келген. Соғысқа қатысқан. Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. Көптеген кітаптардың авторы. Ол 1997 жылы қайтыс болған.
-Балалар мен сендерге алдыңғы сабақта белгілі күйші,домбырашы Құрманғазы мен Дина туралы мағлұматтар жинақтап келіңдер деп едім тапсырмаға кім дайын?
Оқушы жауаптары.
IV Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді оқу топ арасында талдау.
V. ЖИГСО әдісін пайдаланады
3 бөлімге бөлінген мәтінді топ басшылары басқа топтарға барын түсіндіреді.
Топтарға тапсырма
1-топ.
1.Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2. Ол әңгімеден Құрманғазының өмірі жайында не түсіндің?
2- топ.
1. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі неге «Қайран шешем» деп аталған деп ойлайсың?
3-топ.
1. Құрманғазыны түрмеге әкетер кездегі Динаның көңіл- күйі қандай болды?
2. Құрманғазы Динаға домбырасын не үшін қалдырып кетті деп ойлайсың?
Сергіту сәті (Тыныштық сәті)
Ұлытау күйін ойнату
VI.Қорытынды.
Мұғалім сөзі; Оқушылар біз бүгін қазақтың атақты кұйшісі Құрманғазы атамыз жайында көп мағлұмат алдық.Осы білімдерімізді қортындылау мақсатында алдырындағы тапсырмаларды орындандар:
күйді тыңдап отырып тапсырмаларды орындау.
1топ Домбыра 5 жол өлен
2 топ Қазіргі заман күйімен Құрманғазы күйін салыстыр
3 топ Құрманғазыға кластер құру
VII.Бағалау.
Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды .
Мұғалім ұпай арқылы топтарды бағалайды.
VIII.Үйге тапсырма.
1 Түсініп оқу Мазмұның айту.
2 Шығармашылық тапсырмаЭссе жазу
3 Құрманғазының қандай тағы күйлерін білесіндер.
Кері байланыс:
Ноталарды қою арқылы
-Бүгінгі сабақтан алган әсерлерін білдіру
Қазақстан білім және ғылым министрлігі
Сабақтың тақырыбы:  С.Бақбергенов. "Құрманғазы"
(Ашық сабақ)
Орындаған: Абдулкаримова Асель Назарбековна.
Сынып : 4 «а»
«Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені»КММ 2016-2017оқу жылы.