?леуметтік инфра??рылым салалары ашы? саба?


Мұнайлы ауданы № 11 орта мектеп

8890191135Тақырыбы:
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
00Тақырыбы:
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

(Ашық сабақ)

Дайындаған: география пәні
мұғалімі
Абикеева С.Н
Сынып: 9 «Е»
Пән: география.
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар»,
Тәрбиелік: оқушылардың еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытта баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу..
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақс танның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, ойын, тірек сызба, түртіп алу, топпен жұмыс, «географиялық дуэл» картамен жұмыс.
Пән аралық байланыс: тарих, туризм.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
IV. Оқушылар білімін бекіту.
V. Үй тапсырмасы туралы хабар беру.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Бағалау.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару. Сыныпты төрт топқа бөліп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды?(су көліктері, теміржол, әуе, автомобиль, құбыр жолдары және телекоммуникация).
Халық пен өндіріске қызмет көрсететін кешен. (инфрақұрылымдық)
Су жол қатнастарына қолайлы өзен, көлдер. (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Есіл, Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балқаш, Жайсан көлі)
Өзен көлігінде неше порт бар? (алты, оның ірілері Павлодар, Атырау, Орал, Өскемен)
Еліміздің оңтүстік аудандарын газбен жабдықтау мақсатында тартылған газқұбыры. (ұзындығы 1317 км. Мүбәрәк – Ташкент - Шымкент- Тараз- Бішкек-Алматы)
Маңғыстау түбегінде өндірілген мұнайды тасмалдау үшін салынған құбыр көлігі қай жолдар арқылы тартылған? (Өзен- Жетібай -Ақтау және Өзен -Атырау- Самара )
Әлемдегі ең ірі авиалайнер «Боинг» шығаратын компания орналасқан ел? (АҚШ)
Халықаралық және ішкі жолаушы тасмалының 80 % тиесілі әуе компания.(ЭйрАстана)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Инфрақұрылым дегеніміз не?
Инфрақұрылым (латын infra төмен, structura құрылым, орналасу) халықтың күнделікті қажетін қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым – кқлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету.Өндірістік салаға жатқызу себебі жүк пен жолаушынының көлік арқылы қозғалысы оның шығараьтын өніміне тең деп есептеген.
Әлеуметтік инфрақұрылым (қызмет көрсету) білім беру, денсаулық сақ тау, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатады.
(Оқушылар ассоциация құру арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.)
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен , мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Оқушылар топта мынандай ролдер бойынша жұмыс жасайды:
Төраға
Таймкипер
Хатшы
Баяндамашы
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды постер арқылы қорғайды.
І топ. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету
ІІ топ. Денсаулық сақтау және оны қалпына келтіру
ІІІ топ. Білім беру
ІV топ. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар.
Сауданың түрлері
Ішкі сауда
Сыртқы сауда
Аукциондық сауда
Айырбас сауда
Өтемақылы сауда
Көтерме сауда (кез келген тауарды өзгертпестен қайта сату)
Бөлшек сауда (халық жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығына пайдалану үшін сату)
Халықаралық сауда (бір елдің басқа мемлекетке , басқа республикаға тауар шығаруы немесе тауарды әкелуі)
Көзге көрінбейтін сауда (көрсететін қызмет көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттық , құрылыс, т.б)
ІV. Сабақты бекіту.
І кезең.
Инфрақұрылым
Ресей Қазақстан
Табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерешеленеді.Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жаңға жайлы курорттары. Байкал көлі мен Сібірдің өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай, Саян тауларындағы таулық туристік базалар. Халықаралық туризм жылдам дамуда. Минералды бұлақтарда емдік курортар құрылған (Сарыағаш, Алма -Арасан, Шучье). Шығыстағы Мұзтау, Көккөл(Қазақстандағы ең биік 50 метрлік сарқырама) және Марқакөл («Алтайдың көл жагары»). Өлкенің мәдени астаасы Семей қаласы. Аспалы көпір. Теңіз типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор Алматы облысындағы Алакөл.Шарын шатқалы, «Әнші шағылдар», Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Павлодардың жанында балшықпен емдеуге маманданған Мойылды курорты.
Бекет ата жер асты мешіті.
ІІ кезең. «Білім биржасы» ойыны.
Шетелге шығаратын тауар? (экспорт)
Қазақстанның көне қалалары? (Отырар, Тараз, Сығанақ, Түркістан)
Ежелгі қалалардың бірі. Бұл жайында алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылған. VII –VIII ғ сауда , қолөнер орталығы болған. Ч ғ араб географы былай деп жазды: « бақтары көп, халқы тығызқоныстанған, қамал сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар ірі бекіністі қала». Бұл қай қала?
Қосымша көмек: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қалалардың бірі. 1936жылға дейін Әулие Ата , 1936-1939 жылдардың аралығында Мирзаян қаласы деп аталды . (Кейін Жамбыл деп аталады.Тараз қаласы)
2011 жылғы есеп бойынша жалпы білім беретін мектептердің саны.(7775, оның 7638 мемлекеттік)
Рекреация қандай мағынаны береді? (қалпына клтіру)
Тарихи және мәдени ескерткіштер Қазақстанның қай бөлінде көп орналасқан?
2012 жылғы есеп бойынша әр он мың тұрғынға неше дәрігерден келеді?(37,6)
ІІІ кезең. «Географиялық дуэл»
І топ. Картадан Қазақстанның рекреациялық аудандарын көрсету .
ІІ топ.Картадан Қазақстанда тау туризм дамыған аймақты көрсету
ІІІ топ. Қазақстанның сыртқы сауда қатнасы дамыған елдерді картадан көрсету
ІV топ. Картадан минералды су ресурстарын көрсету.
V. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу. «Біздің сыныптың туристік таңдауы» атты сауалнама арқылы зерттеу жүргізіндер.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Бағалау.