?сімдіктерден алынатын таби?и материал т?рлері


Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлеріТақырыбы: Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері. Табиғи материалдан « Көлдегі аққу» композициясын құрастыруМақсаты:Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгертуТәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауКөрнекілігі: Табиғи материалдар түрлері, дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөліміЕңбек туралы мақал – мәтелдер: «Еңбек – ер атандырады»«Еңбек етсең - емерсің»«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»2. Өткенді қайталау:«Ой шақыру». Жұмбақтар шешу1. Сырты қатты, іші тәтті? (Жаңғақ)Жауаптары: Өсімдіктер, жаңғақ, жапырақ, емен.Табиғи материалдар табигаттан алынады. Оларды жұлуға, сындыруға болмайды. Өздері жерге түскен соң ғана алу керек.Табиғи материалдар: Өсімдік жапырақтары, тастар, жаңғақтар, ермексаз т. б.Жаңа сабақпен таныстыруСлайд: (Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)Слайдпен аққудың түрліше суреттерімен таныстыру, «аққу» биіндегі көрініс.Аққу – құс. Аққу сөзіне талдау жасау. Ол топтанып ұшатын, жыл құсы. 300 - 400 жыл өмір сүреді.Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады.«Жалғастыр» ойыны1.... атпа,... сатпа.2.... құссыз көл жетім3. Аққу құсқа оқ тисе,Қанатын суға тигізбес4. Өлең енсе сөз сұлу,... жүзсе - көл сұлу.Кім жүйрік? Қауіпсіздік ережелерін еске алу1. Ермексазды аузыңа салма2. Киіміңе жабыстырма3. Соңынын қолыңды жуСуреттерге шолу (слайдтар)1. «Аққулы көлде» композициясын көрсетіп әңгімелеу.Қажетті құрал - жабдықтарды атап, оларды шығарып алуҚатырма қағаз, көк түсті қағаз, ағаштың бүрі, немесе оның орнына жұмыртқаның қабығы,өсімдіктің жапырақтары, жұмсақ сым.Жасалу жолын айта отырып орындау. Көлді бейнелеу үшін көк түсті қағазды алып қорап ішіне жайып қоямыз. Аққудың мойынын сымнан иіп дайындап аламыз және оны жұмыртқа қабығына ермексазбен біріктіреміз. Содан соң денесі мен мойнын бірігіп аққу мүсіні шығады оны көлге орналастырамыз. Айналасын көл бетінде өсетін кептірілген өсімдіктермен әсемдеймізОқушылардың жұмысын бағалау.Сабақты қорытындылау: Біз бүгін немен жұмыс жасадық?Табиғи материал деген не? Оны қайдан аламыз?Аққу туралы ән білеміз бе?