Гылыми жоба ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ?СІМДІКТЕРДІ? ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСУ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСУ.
Әбдіжәлелов Темірхан №19 топ студенті
Жетекшісі: Сагимбаева Жансая
Жобаның өзектілігі: Жергілікті жердегі өсімдіктердің пайдалана отырып бизнеспен айналысу және жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің негізгі мақсаты:
- Жергілікті жергеді емдік шөп, ағаштардың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның денсаулығына шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;
- Шипалы шөптердің пайдалана отырып тимді бизнес ашу жолдарын қарастыру;
- Табиғат пен жергілікті жерді аялауға, қорғауға тәрбиелей отырып,жеке кәсіппен айналысуға тәрбиелеу;
Зерттеудің міндеті:
- Жергілікті жердегі табиғат байлығының адамға тигізер пайдасын ұғындыру және тимді кәсіппен айналысу.
Кіріспе
Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткеен ықпалдары зор болды.
Қазіргі таңда көптеген химиялық қоспадан тұратын дәрі- дәрмектер, сабындар бар екенін біз білеміз.Ал осылардың барлығы күнделікті тұрмысымызда тигізер пайдасы болғанымен,зияны да бар екенін жасыру мүмкін емес.Сомен қатар оларға кететін қаражатымыз да аз емес.Сол себепті мен өз жобамда жергілікті жердің өсімдіктерін пайдалана отырып,еш қаражат жұмсамай дәрі – дәрмек және пайдалы сабын жасауға болатынын зертей келе,кәсіппен де айналысу жолдарын қарастырдым.
Негізгі бөлім.
2.1. Жергілікті жердің өсімдіктердің пайдасы.
Бақбақ - Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар. Бақбақ (Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T. koksagnuz). Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Еліміздің солтүстігінде ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі. Дәрілік бақбақ түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. , дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланыладыЕмдік қасиеті Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін.
Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Бақбақ – дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады.Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар мол. С және В2 витаминдері де оның бойынан табылады. Ал жапырақтарынан – инозит табылған.
Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Жалпы бақбақтың біз білмейтін денсаулыққа тигізер пайдасы мол.
*Омырау безі қабынған кезде 31 г кептірілген бақбақ гүлін 250 г суға бір қайнатамыз. Сосын оны бұқтырып ішеміз. Ал бақбақтың шөбін омырауға жылы күйінде жаншып тартып қоямыз.
*Көздің мүйіз қабаты қабынған жағдайда гүл шөбінен 10 г, ақ гүлден 10 г қосып, қайнатамыз. Қайнатпа салқындаған кезде онымен көзді жуамыз.
*Бадамша безіңіз қабынған болса. Бақбақтың 15 г, ошаған тұқымынан 3 г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г қосып, қайнатамыз. Содан оны бұқтырып ішіңіз. Сонда ауруыңыздан оңай айығасыз.
*Созылмалы іш қатуға бақбақты суға қайнатамыз. Содан онымен ауырып тұрған жерді дәке арқылы ысқылап, орап тастаймыз. Ол іштің жұмсаруына көмектеседі.
*Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г қосып, қайнтамыз. Дайын болған қайнатпаны үздіксіз ішіп отырамыз. Осылайша аурудан тезірек сауығамыз.
*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады. Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет® препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.
Алабұта – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Ол көбіне өзен-көл жағаларында, сор, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D2%A3" \o "Сортаң" сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. Алабұтаның биіктігі 5 – 300 см-дей. Гүлі қос жынысты, шашақты HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D2%AF%D0%BB%D1%88%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%80" \o "Гүлшоғыр" гүлшоғырына топталған. Алабұтаның ең жиі кездесетін түрлері кәдімгі Алабұта және иісті Алабұта . Кәдімгі Алабұтаның биіктігі 10 – 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ақтүкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қосжынысты, ақшыл сары түсті келеді. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%83%D1%81%D1%8B%D0%BC" \o "Маусым" Маусым – HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%B7" \o "Тамыз" тамызда гүлдейді, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%80%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA" \o "Қыркүйек" қыркүйекте HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%81" \o "Жеміс" жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A5%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Халық медицинасы (мұндай бет жоқ)" Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті Алабұта сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15 – 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым – тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D1%96%D0%BA%D0%BF%D0%B5" \o "Демікпе" демікпе ауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады.Сомен қатар ертеде қазақтар сабын жасауға да пайдаланған.
Тағы басқада көптеген өсімдіктердің адам тұрмысына пайдасы зор екенін айта берсек көп.Мен тек осы екі өсімдікті алып зертеген едім.
2.2.Осы өсімдіктерді пайдалана отырып бизнеспен айналысу.
Қазір нарықтың дамыған заманда сан түрлі дәрілер мен сабындар бар.Оларға кететін қаражатта аз емес.Мысалға алсақ: Құлағыңыз ауырса сіз дәрі аласыз,оның құны шамамен 1500 тг. дейік.Ал өт қалтасы ауырса сіз шамамен 1000 тг.дәрі аласыз. Сомен қатар күнбе- күн тұрмыста сабын,су сабын пайдаланасыз оларға шамамен 2000 тг. жұмсайсыз.осы аталға заттарға ақша жұмсап қана қоймай,олардың зардабын көресіз.Сол себепті мен көп шығынданбай тұрмыска керекті заттарды өндіру жолдарын айтқым келіп отыр.
2.3. Еш қаражат жұмсамай әра адам өз дәрі – дәрмегін емдік өсімдіктермен емдеп алуға болады.Бақбақ жергілікті жерде өсетін өсімдік соны теріп, кептіріп алып қойсақ,емдік дәрімізге айналар еді.Осылайша сіз дәрінің орнына емдік шөп сату арқылы табысқа кенелесіз.
Алабұта шөбінен қолдан сабын жасауға болады.Еш шығынсыз жасауға болады.Бұл бізге кір жуып қана қоймай,емдік қасиеті де бар.Осы өсімдіктерді пайдалана отырып өз кәсіңді ашуға болады.
Мысалға сабынды алсақ :
1.Оны өндіру үшін сізге зауоттар немесе фирмалар керек емес. Не бары қазан мен отын керек.Бұндай құралдар әр үйден табуға болады.
2.Оны сату үшін арнайы дүкен ашудың да керегі жоқ.Тек сайтқа жарияласаңыз болғаны.
3.Сіздің шығыныңыз да аз болады.
4.Сіз нарыққа табиғи таза өнімді ұсынасыз.
5.Ең бастысы сіздің бәсекелестеріңіз жоқ.
Қорытынды:
Елбасының Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулықты қорғау, нығайту, талабы, бағытында, сондай-ақ Жолдауда атап кеткен ұрпақтық саулығы үшін аталған міндеттер мен нормаларға сәйкес іс-қимылды жүргізудің біздің елімізде қолға алынған. Дені сау ұрпақ қатарын көбейтуде атқарылар шаралардың өзіндік маңызы өте зор.Қазір біз қолданып жүрген дәрілердің,сабындардың түрлі химиялық қоспалардан тұратынын адам денсаулығына да әсерін тигізетінін де білеміз, сол себепті мен жергілікті жердің өсімдіктерін пайдалана отырып, дәрілік шөп, емдік қасиеті бар сабындар жасау арқылы өз бизнесіңді ашуға болатынын және оған көп қаражат жұмсамай іске асыруға да болатынын айта кеткім келіп отыр.
Осы жобаны зерттей келе үш ұсыныс тастағым келіп отыр.
1.Коледжімізде жергілікті жердің өсімдіктерін пайдасын зерттейтін үйірмелер ашылса.
2.Және осы өсімдіктерді пайдаланып,калай бизнеспен айналысуға болатынын үйрету.
3.Дәріханаларда дәрілік шөп есебінде қолданысқа енгізсе.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Шипагерлік баян» кітабі 1994 жылы2. «Жас-ай журнал »№5 2011жылы 3. «Ақпарат материалдары»(интернет)