Д??гелек ?стел Та?ырыбы: «Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым!»


Благодар орта мектебі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!»
Өткізген: С.Б.Алгашбаева
08.12.2016ж
Ақтөбе – 2016ж.
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!»
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Тәуелсіз Қазақстанның әр жылдардағы жетістіктерін сараптау, өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында оқушылар жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Түрі: Дөңгелек үстел.
Барысы: Кіріспе сөз.
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған мұғалімдер мен оқушылар! Міне санаулы күндерден кейін ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланғалы отыр. Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр өзінің егемен ел, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Барлығы да бір-бірімен тек құқықта қарым-қатынас жасай алады. Өйткені бәрінің де жүрегі туған өз отаны Қазақстан деп соғады. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы ширек уақыт ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
Қатысушыларды таныстыру.
(Видеоролик)
Дөңгелек үстелімізде қаралатын сұрақтарға назар аударайық.
Сіз ата-бабаңыз Қазақстанға қашан келді?
25 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді?
Сіздер Қазақстанның болашағын қалай елестетесіздер?
(Сабыр, Дана, Назерке)
Өз өміріңде қазақ елінің дамуына қандай үлесіңізді қостыңыз. Оқушылар сіздер қандай үлес қосар едіңіздер?
(Жадыра апай, Ислам, Алтынбек)
Сіздердің ойыңызша Қазақстан қандай мемлекет?
(Дариға, Ғазиза, Дулат)
Слайд
Қазақстанның «Азия жолбарыстары» мемлекеттерінің қатарына қосылу мүмкіншіліктері бар деп ойлайсыңдар ма?
(Сауле апай, Аяжан, Мария, Санат)
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына өз тілектеріңіз.
Қорытынды сөз.
«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл Мәңгіліе ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы».
Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып
тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемілекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік елдердің іргетасын қалады. Тәуелсіздікпен бірге
Мәңгілік мұраттарына қол жеткіздік. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің
тірегі-Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
«Әр күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Дамуымыз жедел келешегіміз кемел болсыні
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін Қазақстан мәңгілік» - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен аяқтағым келеді. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет.