«Мені? ?аза?станым — мені? болаша?ым!»
Ақмола облысы
Жарқайың ауданының
«Білім бөлімі» ММ
Өмірлік орта мектебі
-127043180 Сыныптан тыс
іс-шаралар
00 Сыныптан тыс
іс-шаралар
Өткізген: даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Бақыт Қапарбекқызы
Державин 2014 жыл
Өмірлік негізгі мектебі
«Менің Қазақстаным - менің
болашағым!»
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Қанатты сөз:
1.Туған жер – алтын бесік.
2.Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.
Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев.
-1117607747000
- Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.
Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
- Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .
- Неге ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
Балалардың жаттаған «Қазақстан жалауы» деген өлең жолдары тыңдалады.
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалықтаған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі де білерсің.
Есте белгі ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла қыранда,
Алтын түске қапталған.
Сол жағында матаның,
Сары түсті жолақ бар.
Мұратындай атамның,
Әсем өрнек ол ұлттық!
Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Рәміздік 01651000тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.
Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің елтаңба» деген тақпақ айтылады.
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай белгі емес ұгып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар -күннің сәулесі.
Сүйсіндірер өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы.
Жоғарыға түсер көз,
Бес бармақты жұлдызға,
«Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл-қызға.
Мағыналы , сымбатты,
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол-еліміз!
Сергіту сәті:Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!
-Ата –бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз.
Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.
Бала : Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем. (Ата мен немересі шығып кетеді.)
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
-444504572000(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
-Балалар, Туған жерді гүлдендірер
ұл-қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.
Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер.
Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
«Туған жер–алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп сабақты аяқтайды.
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік негізгі мектебі
Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дүкен»
Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»
Дайындаған: мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ
2017ж
Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»
Білімділік мақсаты: :Балалардың диалогты сөйлей білуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқаруға талпындыру.
Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.
Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.
Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.
Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Қанағат» дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет
Балалар: (Топқа әуенмен кіреді.)
Мұғалім: Саләматсыздарма!
Хош келдіңіздер! Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін.
1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?
Анель:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.
2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?
Керім: «Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».
3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?
Али: Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.
Ойыншықтар неден жасалады?
4)Сұрақ: Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?
Әділет:ретімен кояды.123456:654321:
Мұғалім:Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.
Анель:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.
Керім:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бөліміне бара ғой.
Али:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.
Әділет: Сен сандарды өте жақсы айыра білдің касса бөліміне бара ғой.
Сатып алушылар:Әділжан, Алан, Алинур.
Күзетшілер: Даулет пен Диас
Ойын ситуациясы: Сатып алушылар кезек-кезек дүкенге кіреді.
Өздеріне ұнаған бөлімдеріне барады.
Сатып алушы-Әділжан: Сәлеметсіз бе, сізде банан бар ма?
Сатушы-Анель: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир Әділет: Сізден 1 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Даулет: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Алинур: Сәлеметсіз бе, сізде машина бар ма?
Сатушы-Али: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир Әділет: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Диас: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Алан: Сәлеметсіз бе, сізде нан бар ма?
Сатушы-Керім: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир Әділет: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.)
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Даулет: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Осылай барлық сатып алушылар кіріп шығады. Соңғы сатып алушы кеткенде.
Дүкен жабылады.
Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік негізгі мектебі
Тәрбие сабақ:
"Әз-Наурыз құтты болсын!"
Өткізген: мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ
2015жыл
Мақсаты : Әз-Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмеген бірліктің,ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт –дәстүрін дәріптеу арқылы балаларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктері : нақыл сөздер,суреттер,киіз үй жабдықтары, көрме. Барысы: «Наурыз »әні орындалады . Мұғалім: Наурызым,жаңа жылым төрге шық, Өлеңменен жанымызды тербетіп, Шат көңілді көкжиекке өрлетіп, Бір ғажайып,күйге бөлеп жұртымды, Шуақ күннің шапағына боянып, Жер дүние ұйқысынан оянып. Әз-Наурыз,ғазиз көктем төрге шық! Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар ! Бүгін Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. «Наурыз сөзіне тоқталатын болсақ, Нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Нұх Пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтауы күн мен түннің теңескен сәтіне тең келеді.Осы күні ұлан асыр той жасаған. Сол ұлы салтанатқа адам мен аң-құс,жәндік пен өсімдік секілді тіршілік біткеннің бәрі түгел қатысып, өз өнерлерін көрсеткен. Осылай Қазығұрт тауындағы алғашқы қуаныш үлкен мерекеге ұласып, жаңа ұлыстың ұлы күні ретінде ұлықталып, бұл күн жаңа жылдық –Наурыз тойының басы ретінде кейінгілерге мирас боп қалған.
Осы ұлыстың ұлы күнінде ата салтымыз бойынша тойдың бастауын еліміздің патшасы ашатын болған. Олай болса, ортаға патшаны шақырайық !(Ортаға патша шығады.) Патша : Армысыңдар,жәмиғат ! Ару көктем,Әз Наурызым,ақ күнім Ала келген бар әлемнің шаттығын, Қазан-қазан көже жасап, Азан-қазан көңілменен күй кешу, Біздер үшін бақ бүгін. Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын, Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы, Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқын. Біліміңмен,білігіңмен таласқын. Ынтымақты,ырысты ел деп, Бізді сүйіп таң атсын. Олай болса, Әз Наурыз жаңа күнім біздерден, Адалдық пен іргеміздің бөлінбеуін сұрап тұр. Наурыз тойын құлдық ұрып қарсы алып, Тамашалайық ,бастауыш сынып балаларын ! (Уәзірлері ортаға патшаны отырғызады )
1-жүргізуші : Наурыз айы нәр алған ақ ырыстан, Наурыз айы жаралған сағыныштан. Көгершіндер көгімде қалықтайды. Ақ тілектер жүректі жарып ұшқан. Қадірменді патша, уа халайық!ортаға Ару Көктемді шақырайық ! (Музыка орындалып, ортаға Көктем шығады ) Көктем : Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні, Самал желменен қиялың қырға ұшады. Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған, Даламның пай-пай! Не деген алып құшағы. Қадірменді патшам, уа халайық сіздерге арнап көктемнің жылы шуақ күндерінен әсем ән жолдаймын! Ортаға Ару Көктем әнші қызды алып шығады. 2-жүргізуші : Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша Жаңа Жылда Күннің көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат «Күн сәті деп аталады.» Егер кімде-кім Ұлыс күнін «Күн сәтінде» күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеген күнге бәріміз иіліп сәлем беріп,»Құт дарысын деп тілейік !» Ортаға Күн шығады. Басталар тіршіліктің той думаны, Оянар жан-жануар ой қырдағы. Боянар күннің суттей сәулесіне Аққулар жүзіп жүрген айдындағы. Күн: Уа халайық, Ару көктем, қадірменді патшам сіздерге арнап биші қыздарым мың бұралып билеп берсін. Қарсы алайық ! (Биші қыздар би билейді ) Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні ,яғни Жаңа жылда Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас деп» төрге қос шырақ жағып қояды екен. Жақсылықтың жаршысы Қызыр бабаны қарсы алайық ! Қызыр баба : Ақыл –ойды асырып, Ата салтын сақтаңдар, Дұрыс сөзге тоқтаңдар, Ұлы күні ұлыстың Өкпе назды тастаңдар. Мынау тұрған халықты Ынтымақ пен достыққа, Жақсылыққа бастаңдар. Айналайын ел-жұртым, Орындалсын арманың, Жайқала берсін орманың. Әумин. Ал,балапандарым,ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал,қане,ортаға өнерлеріңді салыңдар.
1-жүргізуші : Қызыр бабамызға арнап біздің топтың жігіттері «Сарбазда» биін билеп береді. Қызыр баба бата береді : Уа құдайым оңдасын, Жаманшылық болмасын, Аруақ біткен жар болып, Қызыр бабам қолдасын. Аман сақтап,төл басын, Еккен егін солмасын, Орта толып ырысқа, Бейбіт өмір орнасын. Бақыт ашып қақпасын, Мәңгі бақм жаппасын. Пәле-жала қазақты, Іздесе де таппасын. Әумин ! 2-жүргізуші : Халықтың ұғымында Наурыздың 20-22 аралығында әз кіреді деген ұғым бар. Ол әуеде болар-болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен көк,ағаш тал,бұта сияқты тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа тіршілік басталғанынан хабар етеді.Халық шат-шадыман болып қуанышқа кенеледі. «Әз болмай,мәз болмайды» деген мақал содан айтылса керек. Тәрбиеші: Тарқалмасын Ұлы Наурыз мейрамы, Тойға ұлассын қазағымның тойлары, Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін. Ұлыс күні Ұлы Отанның аймағы. О,жас ұрпақ, Жарқылдаңдар,күліңдер. Бақытты өмір,баянды өмір сүріңдер. Бар жақсылық-Бейбітшілік,Білімде, Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер. -Құрметті қонақтар, сіздерді Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтай отырып, Дендеріңізге саулық ,отбастарыңызға аманшылық,береке бірлік тілей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз!