Саба? жоспары ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Елта?басы мен ?н?раны
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
мен Әнұраны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер тақырыбына түсінік беру.Септік жалғауларын қайталау. Грамматикалық тақырыптарды практикада қолдана білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға, туған жерін мақтан тұта білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар,кәртішкелер,тірек сызбалар,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
І. Бағыт беру кезеңі:
-ұйымдастыру
-сұрақ-жауап жұмысы
Қандай мереке жақындап келе жатыр?
Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
«Тәуелсіз» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз жеріміз, теңдігіміз, рәміздеріміз, теңгеміз бар)
(Сабақтың тақырыбы, міндеті айтылады, дәптерге күн жазылады)
Бейнематериал көрсетіледі.
-үй жұмысын тексеру (әр балаға карточка беріледі)
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерді буындарға бөліп, буындардың түрін анықтаңдар.
Қыран, ұлттық, күн.
ІІ деңгей
1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Тудың, мемлекеттік.
І деңгей 1. Тест
1.Мемлекеттік тудың түсі қандай? а) қызыл ә) көк б) ақ
2.Тудың авторы кім? а) Шота Уәлиханов ә) Жұмекен Нәжімеденов б) Шәкен Ниязбеков
3.Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? а) 1991 жылы ә)1992 жылы б) 2006 жылы
4.Туда не бейнеленген? а) шаңырақ ә) күн б) жұлдыз
5. Тудың өлшемі қандай?
а) ені-1 метр, ұзындығы-2 метр ә) ені-2 метр, ұзындығы-2 метр б) ені-2 метр, ұзындығы-3 метр
-Үй жұмысын бағалау
ІІ. Іске асыру кезеңі:
-сөздік жұмысы пырақ-мифический крылатый конь шаңырақ-купол юрты уықтар-купольные жерди юрты жұлдыз-звезда аңыз-легенда -мәтінмен жұмыс (мұғалім оқиды, оқушылар өздері дауыс шығарып оқиды, кезектесіп оқиды)
Мемлекеттік елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі шаңырақ. Шаңырақтың айналасында уықтар бар. Уықтарды қанатты пырақтар қоршап тұр. Пырақ аңыздарда кездесетін қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» жазуы орналасқан. Елтаңбаның түсі алтын және көгілдір түсті.
Мемлекеттік әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов. Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
-жаңа сөздерді мәтіннен тауып оқып, аударамыз (аудару барысында жұлдыз, пырақ нені білдіретінін сұрау)
ІІІ. Бекіту:
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
-Мемлекеттік рәміздер күні қай күн? -Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не? -Шаңырақтың айналасында не бар?-Уықтарды не қоршап тұр? -Пырақ деген не? -Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар? - Елтаңбаның төменгі жағында не орналасқан? -Елтаңбаның түсі қандай? - Елтаңбаның авторлары кім? -Елтаңба қашан қабылданды? -Әнұранның авторы кім?-Әнұранның сөзін жазған кімдер?-Мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?
-грамматика
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Қазақ тілінде неше септік бар? 3. Зат есім дегеніміз не? 4. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-топпен жұмыс
І топ Мәтіннен 5 зат есімді тауып жазыңдар. Сөйлем құраңдар.
ІІ топ «Шаңырақ» сөзін септеңдер. Сөйлем құраңдар.
ІІІ топ Мәтінге тірек сызба дайындаңдар. (сызба бойынша әңгімелеу)
-Сергіту сәті
-тақтамен жұмыс
Сөйлемді дұрыс құраңдар
Міндеті / сыйлау- /әрбір адамның /мемлекеттік рәміздерді. (Мемлекеттік рәміздерді сыйлау-әрбір адамның міндеті.)
-Мемлекеттік рәміздерді сыйлау дегенді қалай түсінесіңдер?
-Рәміздерді сыйлау, қадірлеу, яғни өз Отаныңды қадірлей білу. Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
IV. Үйге: мәтінді мазмұндау, жаңа сөздер V. Бағалау: