«Алтын ?а?па» зияткерлік ойыны


«Алтын қақпа» зияткерлік ойыныТақырыбы: «Алтын қақпа» зияткерлік ойыныМақсатыТанымдылық: қазақ мәдениеті, тарихы жөнінде ойларын жүйелеу;
Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, ой – өрістерін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: өз еліне деген сүйіспеншілік қабілетін арттыру, патриот болуға баулу.
 
Түрі: зияткерлік ойын 
Әдісі: сұрақ – жауап 
Көрнекілік: интерактивті тақта, шарлар, нақыл сөздер 
Өтілу барысыҰйымдастыру.
 
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
   - Еуразия құрылығының нақ жүрегіндегі шетсіз – шексіз, биік таулар мен далада, мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол мәдениет моңғол мен түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде қазіргі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. «Еркін» деген ұғымды білдіретін, «қазақ» атауының өзі ХІV – ХV ғасырларда пайда болды. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілердің мұрагері болып табылады. Бүгінгі біздің «Алтын қақпа» ойынымыз осы Қазақстан мәдениетіне арналады. Ойын 3 қақпадан тұрады.
1 – қақпа. «Тас қақапа»
2 – қақпа. «Күміс қақпа»
3 – қақпа. «Алтын қақпа» және «Алтын сандық»
   Үш қақпаны ашқан топ «Алтын сандық» қақпаның сұрақтарына жауап беріп жеңімпаз атанады.
Жалпылама сұрақтар.
1. Қазақстан территориясында өмір сүрген ежелгі тайпалар. (сақтар, ғұндар, үйсіндер т.б.)
2. Қазақтың әдет – ғұрыптық фольклорын ата. («Жар - жар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Бесік жыры»)
3. 100 жыл жасаған айтыскер – ақын (Ж.Жабаев)
 
«Тас қақпа» сұрақтары (параққа жауаптарын жазып отырсын, уақыт бер 30 секунд)
1. Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңдар. (Қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, дабыл, асатаяқ, даңғыра, домбыра)
2. Қалыңдықтың сүйір бұрышты, әсем безендірілген бас киімі. (Сәукеле)
3. «Адамзат қоғамының шежіресі» деген не? (Тарих)
4. ХІХ – ХХ ғасырларда өмір сүрген әнші – сазгерлерді атаңдар. (Жаяу Мұса, Ақан сері, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Әсет Найманбаев)
5. ХХ ғасырда Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңдар. (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола)
6. Ұлттық ойындарын атаңдар. («Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Асық ату»)
 
«Күміс қақпа» сұрақтары1. ХІV – ХV ғасырдағы сәулет өнеріндегі ерекше туындыны атаңдар. (Ахмет Йассауи кесенесі)
2. Қазақтың театр өнері тұңғыш рет кімнің, қандай шығармадан басталған? (1962 ж. қызылорда қаласында М.Әуезовтің «Еңлік - Кебек» спектаклінен басталды)
3. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы. (А.Байтұрсынұлы)
4. 13 жасында араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгеріп, Шығыс классиктерінің шығармаларын оқыған. Есімі бүкіл әлемге белгілі. Бұл кім? (А.Құнанбайұлы)
5. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта    Үздігіп тербеледі адам соқса.
    Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
    Не пайда үндемейді адам жоқта. (Домбыра)
6. «Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері кім болған? (Н.Тілендиев)
 
«Алтын қақпа» сұрақтары1. «Трактат» дегеніміз не? (Шағын ғылыми еңбек)
2. Қазақ тарихындағы тұңғыш көркем фильм қалай аталады? («Амангелді»)
3. Үш арсыз не? (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ешкінің пірі (Шекшек ата)
5. Қай жылы «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланды? (2000 жыл)
6. Сақ мәдениетінде «андық стиль» қай ғасырда пайда болды? (б.з.д. VІІ ғ.) 
Жеңген топ «Алтын сандық» сұрақтарына жауап береді.
 
Шкатулку принести «Алтын сандық» сұрақтарыҚолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. (Киіз үй)