Ашы? саба? Білімді тияна?тау
Тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақ мақсаты: Ертегі сабақ арқылы балалардың алған білімдерін тереңдетіп, тиянақтау, логикалықойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа, жылдамдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға бүгінгі сабақтың ерекше болатынын, себебі бұл ертегі сабағы бойынша тапсырмалар болатынын айту.
Сабақты бастамас бұрын балаларға көңіл күйлері жақсы болу үшін сәттілік тілеу.
ІІ. Кіріспе бөлімі
Көркем әдебиет сабағынан қандай ертегілерді өткендерін еске түсіру. (Ертегілердің аты айтылады. Түлкі мен ешкі, Мақта қыз, Үш аю, Үйшік, Бауырсақ)
-"Бауырсақ" ертегісін еске түсіреміз. "Бауысақ" ертегісінің соңында түлкі бауырсақты жеп қояды. Бірақ бүгінгі "Бауырсақ" ертегісінің соңын өзіміз аяқтаймыз. Тек бұл жолы бауырсаққа сендердің көмектерің қажет. Ол үшін бізге қоян, қасқыр, аю, түлкі тапсырма береді. Соларды орындасақ, бауырсақты түлкіден аман алып қалатынымызды балаларға түсіндіру.
- Балалар, бауырсаққа көмектескілерің келе ме? Ендеше барлығымыз берілген тапсырмаларды орындауға тырысайық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бір оқушыға "Бауырсақ" ертегісінің мазмұнын айтқызу. (Қоянға кездескеге дейін) Бауырсақ әндетіп келе жатып, қоянға жолығады. (Интерактивті тақтадан қоянның суретін көрсету)
Қоян бауырсақты жеп қоямын дегенде, бауырсақ жемеші деп жадынады. Сонда қоян ендеше мына тапсырмаларды орындаңдар, сосын жіберемін дейді.
Қоянның тапсырмасы.
1. 0-10-ға дейін тура және кері санау.
2. Сұрақтарға жауап бере отырып карточкадағы суреттерді тез табу керек.
1. Мектепте кім оқиды?
2. Бақшада не өседі?
3. Ағашты немен жарады?
4. Орманда қандай аңдар тұрады?
5. Суда не жүзеді?
Бір оқушыға ертегі мазмұнын айтқызу.
- Бауырсаққа келесі кездесетін қай аң?
- Қасқыр.
Интерактивті тақтадан қасқырдың бауырсақпен кездескен суретін көрсету.
Қасқырдың тапсырмасы - Мысалдап шығару.
1. Ағаштың бір бұтағында 4 шие, ал екінші бұтағында 5 шие болды . Барлығы неше шие?
2. Бұтақта 8 алма тұр, 2 алманы жұлып алдық. Неше алма қалды?
Сергіту сәті. "Қасқыр қайда барасың?" (Қимыл - қозғалыс арқылы айтқызу.)
Келесі кездесетін аң қандай? - Аю.
Аюдың тапсырмасы.
1. Суреттен бірдей екі құлынды, екі қозыны табу.
2. Бос торларды сәйкес пішінмен толтыру.
Келесі кездесетін аң қандай? - Түлкі.
Түлкінің тапсырмасы.
1. Санамақтар айтқызу.
2. Орыс тіліндегі мына сөздерді қазақ тіліне аударып, бос торларды толтыру:- разрешите, -хорошо,- ладно,- давай -помогу, -прости, -здравствуйте, -спасибо.
Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау.