Сабак жоспары М. Гумеров. К?к кептер
Кайрадинова Жұлдыздың 2-сыныпқа өткізген сабақ жоспарлары:
Пәннің аты:
Әдебиеттік оқу Уақыты: 2. 12
Сабақтың атауы М.Дулатов. Қыс
Мақсаты Алдыңғы тарауды қорытындылау, жаңа тарау мақсатымен таныстыру. Оқушылардың өз бетімен түсініп оқып, тақырып мазмұнын аша білуге баулу
Күтілетін нәтиже
Мәтінді өз бетінше оқиды, талдайды, мағынасын ашады, тапсырмаларға топ болып жауап береді, бағалайды
Модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОҮБ, АКТ, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Ресурстар Интербелсенді тақта, электронды оқулық, топқа бөлуге арналған қима қағаздар, топ аттары, А4 қағаздар, автор портреті, стикерлер, маркерлер, бағалау парағы, топ ережесі, сұрақтар, тілек ағашы.
Мұғалім әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Психологиялық ахуал
(1 мин) Көтеріліп шаңырақ,Уықтары шаншыларКерегелер керіліп,Өрімдей боп өрілер.Бәріміз жүрсек айналып,Киіз үй боп көрінер. Оқушылар шеңберде жиналып,іс-қимылдар жасайды
Топқа бөлу
(1 мин)
1-топ: «Білім»
2-топ: «Асыл мұра»
3-топ: «Туған өлке»
4-топ: «Қыс»
Топ басшысын, хатшысын, бақылаушы, баяндаушы
Бағалау парағымен таныстырады Тараулар нөмірін суырады, тарау не туралы екенін табады, сол арқылы топқа бөлінеді:
Бағалау әдісімен таныстыру Топ ережесін іледі. Топ басшысын, хатшысын, баяндаушысын, бақылаушысын сайлап алуын сұрайды Топ басшысын, хатшысын, баяндаушысын, бақылаушысын сайлап алады
Үй тапсырмасы
(10 мин) Үй тапсырмасын «Мозайка» ойыны арқылы тексереді
1-топ: Отан сөзін қалай түсінесің? Өз Отаның туралы не айта аласың?
2-топ: Туған жер, Отан туралы өлеңдер білесің бе? Жатқа айт.
3-топ: Мұқағали Мақатаев туралы не білесің? Оның қандай шығармасымен таныссың?
4-топ: Қандай тарауларды өттік? Ол тарауларда не үйрендік?
Оқушылар тарау туралы сұрақтарға жауап береді
Қызығушылықты ояту
(3 мин)
Сөзжұмбақты шешу:
а) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
ә) Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (аяз)
б) Отқа жанбас, Суға батпас.(мұз)
Қар, аяз, мұз сөздерін айтқанда көз алдымызға не елестейді?
Балалар біз бүгін жаңа «Қыста талай қызық бар» тарауымен танысамыз. Қыс мезгілі туралы білуімізге Міржақып Дулатовтың «Қыс» мәтіні көмегін тигізеді Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Автор туралы түсінік
(3мин)
Сөздік жұмысы
(2мин)
Сергіту сәті
(1 мин)
Мағынаны тану
(15 мин)
Суретпен жұмыс
(2 мин)
Электронды оқулық бойынша сызбамен жұмыс жүрізеді.
Ақын, жазушы Міржақып Дулатов туралы мәлімет береді.
Міржақып Дулатов(1885-1935) қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көркемсөз шебері. Ол Қостанай облысының Қызбел ауылында туған. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш ойын-тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі баласын жастайынан оқуға береді. Бірақ Міржақып шешесінен 2 жасында, әкесінен 12 жасында жетім қалып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Ағасы да інісінің оқуын әрі қарай жалғап білім алуына ерекше көңіл бөледі. Міржақып қазақша мен орысшаға бірдей зиялы азамат болып өседі. 1909 жылы «Оян қазақ» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. Міржақып қазақ баспасының, газеттерінің шығуына атсалысып, ауыл мұғалімі, кейіннен Орынбор институты мұағалімі болып та қызмет атқарады. Ол 1928 жылы патша өкіметінің құсқауымен көптеген қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынып, 10 жылға сотталады, 1935жылы тұтқында қайтыс болады.
Тақтаға күннің жадын, тақырыпты жазады, сөздік жұмысын интертақта бойынша көрсетеді
Интертақта бойынша қыс туралы караоке қосады
Оқушылырға іштей, тізбектей оқытады. Джиксо әдісі арқылы мәтінді 4 топқа бөліп береді.
Интертақта бойынша суретті ашады. Оқулықтағы сұрақтарды оқушыларға бөліп береді.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қыста қалай киінесің?
Қыс мезгілі үй жануарларына жайсыз ба?
Қыс мезгіліндегі жылқышылар еңбегі туралы әңгімеле. Дәптермен жұмыс
Али мен Айяға қосылып «Ақша қар» әнін айтады
Үйге тапсырма Оқу, мазмұндау. Сурет бойынша әңгіме құрау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
(2 мин) Бағалау парағы бойынша баға қояды
Аты-жөні Үй тапсырма жұмбақ Оқуы Суретпен жұмыс Баға
1 2 3 4 Топ бақылаушысы бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
(3 мин) Тілек ағашын іледі Стикерлерге өз ойын жазып тілек ағашына жабыстырады