АШЫ? САБА? Д?ЙЕКТЕМЕСІ Та?ырыбы: «А?ылшын жа?асын ??растыру сызбасы»


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ
АШЫҚ САБАҚ ДӘЙЕКТЕМЕСІ
Тақырыбы: «Ағылшын жағасын құрастыру сызбасы»
129540527685
Орындаған: Уразова Л.Ш.
Алматы 2016 ж
«Бекітемін»
директордың
ОӨЖ орынбасары
Садирова Н.В.
________________
Сабақтың тақырыбы: «Ағылшын жағасын құрастыру сызбасы»
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға ағылшын жағасы жайлы түсінік беру,ағылшын жағасын құрастыру есептері мен сызу реттілігін көрсету, ағылшын жағасын құрастыруды уйрету.
Дамыту: оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін толықтыру, ой өрістерін кеңейту, логикалық және кеңестікте ойлау қабілетін дамыту,кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың болашақ кәсібінің мазмұнына тән білік дағдыларын қалыптастыру, алдына қойған мақсатын жетуде табандылыққа, мұқиятттылыққа тәрбиелеу, өз жұмысына деган жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Модельдеу,
Технология
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Бұйым улгілері, плакаттар, интерактивтік подиум, маникен , әйелдер жакеті үлгі ретінде
Материалдық – технологиялық жабдықтар
Құрал - саймандар: Қарындаш, өшіргіш, масштабты сызғыш, лекало сызғышы,шеңбер сызар, 1 :4 м әйелдер жартылай қынамалы қөйлегінің негіз сызбасы.
Сабақтың жүру барысы:
I-Ұйымдастыру кезеңі /2-3/ мин
Оқушыларды тізім бойынша түгендеу
Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру.
II- Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру /7- 15/ мин

( Әйелдер жартылай қынамалы көйлегінің 1: 4 масштабтағы сызбасын тексеру )
Өткен тақырып бойынша оқушылар білімдерін тексеру үшін, экрандағы көрсетілген сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау.
Берілетін сұрақтар:
1 Жаға дегеніміз не?
2 Жағаның қандай түрлерін білесің?
3 Қайырма жағаны құрастыру үшін қандай өлшемдер қажет?
4 L гор қалай есептейміз?
5 Тік жағаның конструктивті сызықтарын ата?
6 Қайырма жағаның түрлерін айт?
7 Жағаның ұшы неге байланысты?
III- Жаңа сабақты түсіндіру /20-25/ мин
Мұғалім: Оқушылар бүгін біз сіздермен «Ағылшын жағасын құрастыру сызбасы» тақырыбындағы жаңа сабақты өтеміз. Біз сіздермен ағылшын жағасын құрастыру есептерін шығарып,сызу реттілігін сақтай отырып, ағылшын жағасын құрастыруды уйренеміз.
Киімнің лацканы бар қайырма жаға
( Презентацияны слайд бойынша көрсету)
Ағылшын жағасы дегеніміз бұл киімнің лацканы бар қайырма жаға. Ағылшын жағасы деп аталып кетуінің себебі 18 ғ ағылшындықтардың сән үлгілері үстем болып тұрғанда классикалық стильдегі бұйымдардың қарқынды дамып келе жатқан кезі болатын. Сол кездегі классикалық үлгідегі жакеттер мен пиджактар ағылшындықтардан келгкен киім үлгілері болғандықтан бұл бұйымдардың жағасы ағылшын жағасы деп аталып кеткен.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты,«таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Мұңдай жағалар конструкциясы киімнің алдыңғы бой негізінің сызбасында анықталады. Модельге байланысты мойын ойындысының түрпішініналдын ала түзейді. Артқы бойындағы мойын ойындысын өлшеп алады.

Лацканы бар қайырма жаға түрпішініне әсер ететін маңызды конструкциялау элементі жағаны мойын ойындысына қондыру сызығының үйлесімді пішімі болып табылады. Өз кезегінде бұл сызықтың түрпішіні жағаның тіреу биіктігі мен лацкан бүгілу сызығының орнына байланысты. Тіреу биіктігінің сан мағынасын жағаның жобаланған түрпішініне байланысты 2-3,5 см аралығында таңдайды.

Тірек биіктігі неғұрлым көп болса, соғырлым қатаң және жаға мойынға қонымды болады. Кіші болған сайын олар жайлы түрпішінді және мойынннан алшақ орналасады.

Алдыңғы бой мойын ойындысые 1,5 см.түсіреміз. Ол үшін А5 нүктесінен төмен қарай А5А6=1,5 см түсіреміз А6 – алдыңғы бой мойын ойындысының жоғарғы нүктесін аламыз.

Өңір сызығы бойынан бірінші түймелік орнын Л нүктесі деп белгілеп алып сол нүктеден жоғары қарай Ло нүктесін аламыз ЛоЛ=1-1,5 см

Лацканның қайырылу сызығын құрастыру
Иық иінінің сызығын 1-1,5 см жалғастырамыз жакет үшін 2-2,5см пальто үшін. А4З = 1,5смЛ нүктесін З нүктесімен қосып ЛЗ — Лацканның қайырылу сызығын аламыз

ЗЗ1артқы бой мойын ойындысының ұзындығы сызбадан аламыз 0,5-1 см алып тастаймыз
Л1 нүктесінен Л1З1 нүктелері аралығына тең болатын радиус жүргіземіз.
З1 нүктесінен солға қарай З1З2 кесіндісін аламыз ол тең ЗЗ1 аралығының 1/3бөлігіне. З2 нүктесінен З1З2 аралығын табамыз яғни, тіктеме биіктігін(2-2,5см — жакеттер үшін 2,5-3 см пальтолар үшін).
З3З4 тіреу биіктігі 2,5 +қайырма ені 1,0-1,5 см көп тіреу биіктігінен .
Кайырма қыры модельге байланысты З5З6 аралығын З5нүктесіне дейін тік қосып , содан соң бірқалыпты иілген сызықпен қосамыз 0,3-0,5см.
Модельге байлангысты жағаның негізігі конструкциялық сызықтарын аламыз.
IV- Жаңа тақырыпты бекіту /8 мин/
Сұрақтар:
Алдыңғы бойда құрастырылатын жаға түрі?
Ағылшын жағасы деп аталуының себебі?
Ло нүктесін қалай табамыз?
Лацканның қайырылу сызығын қалай табамыз?
Артқы бойдың мойын ойындысын қалай өлшейміз?
Тіреу биіктігі жакеттер үшін қанша см?
Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың сызбасын бағалау.
Үйге тапсырма: 1 4 масштабта мм торкөз қағазға ағылшын жағасын құрастыру
Оқушыларды бағалау.
№ Аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Қосымша жауаптар Жалпы
1 Ануарбекова Аяулым Серікханқызы 2 Акрим Гозяль Қаһарманқызы 3 Айтжан Маржан 4 Алимахун Тоғжан Кеңесбаевна 5 Әбіш Раушан Алғанқызы 6 Әбдіраман Айман Лесбайқызы 7 Ербол Айгерім Ерболқызы 8 Ережеп Арайлым Әмірбекқызы 9 Жамалбекова Гүлназ Мұхтарқызы 10 Жансерікова Айым Жансерікқызы 11 Жылқышы Гүлзира Асхатқызы 12 Жұмақова Арайлым Булатқызы 13 Зейнуллаева Лазиза Тұрмағанбетовна 14 Кабилова Арзыгүл Абдувалиқызы 15 Кенжебек Арайлым Құрманғазықызы 16 Махат Зарина Батырханқызы 17 Мүштай Әдемі Ерсұлтанқызы 18 Мәлібек Тоғжан Ерланқызы 19 Нұрғаипова Алтынай Меирманқызы 20 Рахметалиева Жанар Кеңесбековна 21 Сейдахмет Баян Асқарқызы 22 Сүйінбай Айзат Ұланқызы 23 Тағаева Альбина Мұратқызы 24 Фарит Әшіркүл Рамильқызы 25 Шағалақ Назерке Қуатқызы 26 Шенсізбай Дария Қанатқызы