Математика п?нінен 5 сынып?а арнал?ан саба? жоспары Натурал сандарды азайту


Сабақ жоспарыСабақ жоспары
Күні:
Сынып: 5 «а»
Пән: математика
Ұстаз: Оралканова К.О.
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың қайталауға арналған есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру. Натурал сандарды координаталық сәуле бойында азайту амалын орындай білуге үйрету, тиімді тәсілдермен азайту амалын орындау үшін, азайтудың қасиеттерін пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: түсіндіру
Оқулық: Алдамұратов Т.А., Байшоланов Е.С.
-13716061595Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңіа) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
-219075200660Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабақты түсіндіру:
г) үй тапсырмасын тексеру
Натурал сандарды азайту.
Азайту амалы деп- қосындының мәні мен қосылғыштардың бірі белгілі болғанда екінші қосылғышты табу амалы.
13-9=4
Азайғыш-13
Азайтқыш-9
Айырманың мәні- 4
a-b=c
Координаталық сәуледе азайту
44386463500
Азайтудың қасиеттері
Саннан екі санның қосындысын азайту үшін одан қосылғыштардың бірін азайтып, шыққан нәтижеден екіншісін азайтуға болады.
38-12+5=38-17=2138-12+5=38-12-5=26-5=2138-12+5=38-5-12=33-12=21Қосындыдан санды азайту үшін оны қосылғыштардың бірінен азайтып, шыққан нәтижеге екінші қосылғышты қосуға болады.
а+в-е=са-е+в=сa+b-d=c№249
Берілгені:
Шарлар тізбесінде қызыл, жасыл, көк және сары түсті барлығы 123 шар бар. Ондағы қызыл түсті емес шарлар саны 94, жасыл түсті емес шарлар саны 81, көк түсті емес шарлар саны 89, ал сары түсті шарлар саны нешеу?
Шешуі:
123-94=29 (қызыл түсті шарлар)123-81=42 (жасыл түсті шарлар)123-89=34 (көк түсті шарлар)123- (29+42+34)=18 (сары түсті шарлар)Жауабы: 18 сары түсті шарлар
№250
Қалада трамвайлар жұретін төрт жол бар. Бірінші және екінші жолдарда 47 аялдама бар. Екінші және үшінші жолдарда 60 аялдама бар. Үшінші және төртінші жолдарда 64 аялдама бар. Егер төртінші жолда 30 аялдама болса, қаладағы трамвайлар жүретін бірінші жолда неше аялдама бар?
I+II - 47II+III - 60III+IV - 64IV - 3064-30=34 - III60-34=26 - II47-26=21 - IЖауабы: бірінші жолда 21 аялдама.
Деңгейлік тапсырмалар:
(84+35)-14(97+46)-26(316+195)-116(73+а)-16, мұндағы а=27129-(62+b) мұндағы b=38(65+c)-31 мұндағы c=35(34*12-414/23)/30-(42*18-354)/67
(544/34+97*12)/59-(43*17-167)/47
Сабақты бекіту кезеңі:
Натурал сандарды қалай қосамыз?
Натурал сандарды қалай азайтамыз?
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: 245. 249 59 бет