?аза? тілі саба?ынан Ашы? ж?не ?ыса? дауыстылар.
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстыларСабақтың мақсаты:1. Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.2. Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағыСабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударуII. Үй тапсырмасын тексеру:1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.2. 104 - беттегі тапсырмаларды орындау.ІІІ Білім тексеру:Өздік жұмыс.Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса.мектепҮлгі: анаҮш дыбыс, үш әріпЕкі дауысты(а, а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)А - жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.Н – үнді дауыссыз дыбысА - на бір буынды сөз, а - ашық буын, на – ашық буын.Тест сұрақтарына жауап беру.1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?А) 42 ә) 37 б) 362. Дыбыстың белгісін табыңыз.А) айтылады ә) жазылады б) көрінеді3. Жуан дыбысты сөздерді табыңыз.А) а, ә, о, ө. Ә) ғ, г, д, ж. Б) о, ы, ұ, а.4. Қай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?А) у, ә) ы б) йІV Жаңа сабаққа дайындық1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу2. Сабақ мақсатын түсіндіруV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:Шығармашылық диктантТөмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.Бұлбұл, мазмұн, мағлұмат.Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.Сөздерді кестеге орналастыр.Ауыл, елорда, астана, өкіл, тіл. кең, әсем, өсімдік, пайдалы, тәуелсіз, ұлт, күш, дыбыс, катаң, ата - ана, кітап, қазір.Ашық дауыстылар ---------- Қысаң дауыстылар --------- Аралас дауыстыларVІІ. Жаңа сабақты бекіту.1. Оқулықпен жұмыс244 – жаттығуМәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.245 – жаттығуМына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?– жаттығуМәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.VІІІ. Сабақты бекіту:Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтаңыз.1. Дауысты дыбысты айтқанда ауа еркін шығады.2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырға қарай бөлінеді.3. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай қатаң - ұяң болып бөлінеді.4. Әріптердің қатары алфавит деп аталады.5. Қазақ тілінде ең көп дыбыстың түрі - ұяң дыбыстар.Сұрақтарға жауап бер.1. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар қайсы?2. Қандай дауысты дыбыстар жуан - жіңішке болып жұптасады?3. Әріп деген не?4. Әріп пен дыбыстың айырмасы не?5. Алфавит қазақша қалай аталады?6. Жақтың қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді?БағалауҮйге тапсырма беру:Ашық және қысаң дауыстылар246 - жаттығу