1. 4 санымен цифрыны? жазылуы жолдарын, 4 саныны? ??рамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура ж?не кері санау?а ?йрету 2. Дидактикалы? материалдарды пайдалана отырып, балаларды ?йымшылды??а, тап?ырлы??а, д?рыс есептеуге, ізденімпазды??а т?


Күні: 23.10.2015 Сыныбы: 1 «А»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
4 санымен цифрының жазылуы жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету;
Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, «Білім қорабы», 4 санының құрамы, сызықтар, текше, өрнектер,оқулық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
1.Кел ойнайық! (алақандарын соғады)
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
-сонымен бізде қандай сабақ? (математика)
-нешінші сабақ? (2-ші сабақ)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (3мин)
Санамақтар.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (4мин)
«Кубик тастамақ» ойыны.
1.Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, түзу сызық, қисық сызық, тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық)
2.2+1 қосындының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)
3.3-1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)
4.Сандарды өсу ретімен сана.
ІV.Сергіту сәті.(2мин)
-Оқушылар көздерін жұмып, мұғалім атаған фигураларды алдарындағы қорапшалардан алып көрсетеді.
V.Жаңа тақырыпты меңгеру.(6мин)
Алдымыздағы фигуралар ішінен шаршыны (текшені) көрсетеміз.
Бұл фигураны неге төртбұрыш деп аталады?
Төртбұрыштың бұрыштары нешеу?
Ал неше қабырғасы бар?
-Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз 4 саны және цифры деп аталады. (тақтамен жұмыс)
Балалар неше жыл мезгілі бар? (қыс,көктем,жаз,күз)
Төрт түлік малды білеміз бе? (түйе, жылқы,сиыр,қой+ешкі)
4 санының көршілерін атап өтсек: 1,2, 3.
4

2

1
3
1
2
3


Олай болса, дәптердің оқулықтың, партаның бұрыштарын санайық.
1-ші қатар: дәптердің бұрыштарын;
2-ші қатар: оқулықтың бұрыштарын;
3-ші қатар: партаның бұрыштарын.
-қанша болды?
-әрине 4.
VІ.Дәптермен жұмыс.(5мин)
-Оқушыларға 4 саны және цифрының таңбалану әдісін ұғындыру. Цифрды алдымен тақтада 2 элемент арқылы жазылатынын сосын ауада орындап, дәптерлерімізге орындаймыз.
-Саусақтарымызға арналған сергіту сәті (1мин)

-Әрі қарай жалғастырып көркем жазумен жазамыз.
VІІ.Оқулықпен жұмыс (5мин)
-№2 есеп. 3 қатар бойынша жұмыс.Әр қатардан 3-3 оқушыдан тақтаға жауабын жазады.
3+□=4
4-□=3
4-3=□
1+□=4
4-□=2
2+2=□
□+2=4
□-3=1
3+1=□

VІІІ.Қорытынды.(7мин, жұппен+топпен жұмыс)
-Балалар сабағымызды «Білім қорабымен» бүгінгі математика сабағымызда нені түсінгенімізді, сабақта не ұнағанын, не үйренгенімізбен неі білгенімізді, қорапқа алдарымыздағы күнделікті сабақта қолданыа жүрген түрлі-түсті шеңберлерімізді бір-бірімізге айтып саламыз.
-Тамаша! «Білім қорабымызды» ашып қарап, қай қатар қалай түсінгенін қарап көрелік. (сары түс - осы қатар бүгінгі сабағымызды түсінген екен; күлгін түс-бұл қатармен келесі сабақта көбірек жұмыс жасайды екенбіз)
-Осымен бүгінгі математика сабағымыз өз соңына жетті.
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Құрметті қонақтар назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!