Файлдар, бумалар ж?не белгішелер. Бумалар мен белгшелерді ??ру. Атын ?згерту.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №11 Мұғалім: Асанова А.Т.
Тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту. Мерзімі 21.12.2015
Сынып 5 «Ақ, Ә»
Мақсаты:
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді Кіріспе сабақ Жаңа материалды меңгеру сабағы Қайталау білімді жүйелеу сабағы Білімді тиянақтау сабағы
Кіріктірілген сабақ ББД-ны дамыту ж/е бекіту сабағы Бинарлы сабақ
Аралас сабақ ББД-ны бекіту ж/е қалыптастыру сабағы ББД-ны тексеру,бағалау сабағы Сабақ түрі
Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік
Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету. Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу. Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.
Міндет
тері:
Сабақтың жабдықталуы мен дидактикалық материалдар:
кестелер жаттығулар жинағы иллюстрация, ұлы тұлғалар портреті, оқулық стикер
сызба таратпа материалдар дидактикалық жинақтама ТСО
оқулық тапсырмалар карточкасы маркерлер, А-4, А-3 парақтары, тесттер
Күтілетін нәтиже: Файлдар, бумалар және белгішелерді біледі(барлығы).
Бумалар мен белгшелерді құрып, атын өзгерте алады (көбі).
Файлдар, бумалар мен белгшелерді құруға, атын өзгертуге мысалдар келтіре алады (кейбіреулері)
Жаңа түсінік: Файл, бума, жарлық түрлері , Файл, бума, жарлық қызметтері , Файл, бума, жарлықпен жұмыс жасау әдістері
Сабақтың барысы
Сабақтың мазмұны Белсенді оқытуда қолданылатын формалар.Оқытудың стратегиялары мен техникалары. Бағалау
Ояту
Ұйымдастыру кезеңі // Жағымды ахуал тудыру // Оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыларды журналға белгілеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу. Оқушыларды Үш бидің даналық сөздері арқылы үш топқа бөліп отырғызамын.
Сарқылмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да, Уақтысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген пәни бұл, Баласы жоқта мият жоқ, Бәрінен қиын сол екен, Артыңда жанған шырақ жоқ... (Әйтеке би)
— Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады ма?
— Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
— Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,
— Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.
— Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
— Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
— Бес дегеніміз –белсеніп шыққан жау жаман.
— Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
— Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
— Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
— Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.
— Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, — дейді (Қаз дауысты Қазыбек.)
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы,Балаң жақсы болса,Жан мен тәннің шырағы.Қызың жақсы болса,Жайқалып өскен құрағы.Әйелің жақсы болса,Бірінші - иманың,Екінші - жиғаның,Үшінші - ырысыңның тұрағы.(Төле би) Амандасады
Сынып оқушылары отырар алдында үш бидің даналық сөздері арқылы топқа бөлінеді. II. Мағынаны тану
Өткен сабақтағы материалдарды қайталау
Үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға әр топ жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:
1. Терезе деген не?2. Терезелердің түрлерін атаңдар.3. Пернетақтаның көмегімен терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?4. Айналдыру жолақтары не үшін керек?5. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?8. Мына батырма қандай қызмет атқарады?9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?10. Терезе неше бөліктен тұрады?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.ФайлдарФайл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * > < |.БумаларБума – объектілер қоймасы.Бумалардың түрлері:Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.ЖарлықтарЖарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)Терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жұптық жұмыс. Практикалық тапсырма.1. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.4. Олардың бір - екеуінің атын өзгертіңдер.5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.2. Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын аттарымен файлдарды, бімаларды және жарлықтарды жеке - жеке кесте бағанына теріп жазыңдар.V. Жаңа тақырыпты бекіту: Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?А) ФайлВ) БумаС) ПрограммаD) Құжат2. Жарлық – ол:А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтемеВ) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бумаС) Арнайы түрде құрылғанD) Мәтіні бар файл3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:А) 100В) 200С) 50D) 2554. Буманы ашу үшін не істеу керек?А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шертуВ) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шертуС) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертуD) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту5. Белгіше - ол:А) Жүйелік бумаВ) Жұмысшы бумаС) ЖарлықD) Файл6. Белгіше - ол:А) ФайлВ) БумаС) ЖарлықD) Компьютер7. Белгіше - ол:А) ФайлВ) БумаС) ЖарлықD) Компьютер8. Белгіше - ол:А) ФайлВ) БумаС) ЖарлықD) КомпьютерТестті бағалау шкаласы:8 ұпай – 5;6 - 7 ұпай – 4;4 - 5 ұпай – 3;4 төмен ұпай – 2.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар Әр топ басшылары кезекпен жалаушалардағы сұрақтарды алып топпен ақылдасып жауап береді.
Компьютерден дайындаған слайд арқылы мұғалім жаңа түсінік қалыптастырады. (АКТ)
Берілген тапсырманы компьютерде орындап көрсетеді.
Әр оп оқушыларына тест парақшасы таратылып белгілеп болған соң слайдта көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексереді.
Күнделіктеріне жазады. Рефлексия. VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушыларға гүл күлтешелері таратылады. Оқушылар күлтешелерге өздерінің бүгінгі жаңа сабақтан не үйренгендерін, білгендерін қорытындылап жазып, тақтаға іледі.
Гүл күлтешелерге өз ойларын жазып тақтаға іледі.