Файлдар, бумалар ж?не белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді ??ру. Атын ?згерту (5сынып)


Сынып: 5
Тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгертуМақсаты:Білімділік: Оқушыларға файл, бума, белгіше нысаналарымен таныстыру, оларды құру, атын өзгеру әрекеттерін орындауға үйретуДамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.Сабақ түрі: ПрактикалықСабақ типі: Жаңа сабақ.Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, жеке жұмыс.Құрал - жабдықтар: компьютер, жеке тапсырмаларСабақ барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;ә) оқушыларды түгендеу.2) Өткен тақырыптарды қайталау1 тоқсан тақырыптарын қайталау. Карточкалармен жұмыс  HYPERLINK "http://yadi.sk/d/On8Q1x06GGipc" \t "_blank" карточкалар. docx3) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентация  HYPERLINK "http://yadi.sk/d/g6psXT8jGGiwD" \t "_blank" Файлдар, бумалар, жарлықтар. pptxФайл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:*. bmp Paint*. doc Word WordPad*. txt Блокнот қолданбасының құжаты*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.*. avi Бейне — клип*. xls Excel кестелік процессорының құжаты*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесеріБума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.Бумалар екі түрлі болады:- жүйелік бума - каталогтар;- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)Бумаларды құру оның құрылымы:Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.Терезеде жаңа бума құру:Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету.Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.Бірінші жолы:• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.Екінші жолы:• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту5) Сабақты бекіту. Практикалық тапсырмалар орындауА деңгейі1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар6. Жарлықтарды жойыңдарВ деңгейі1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл салыңдар5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен атаС деңгейі 1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың көшірмесін жасаңдар2. Оның белгішесін ауыстырыңдар3. Ол буманы жасырын етіңдер4. Буманы Қоржынға апарыңдар5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар6) Бағалау7) Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту