Файлдар, бумалар ж?не белгішелер. Бумалар мен белгішелерді ??ру. Атын ?згерту
5 сынып “____” “_________” 201_ жыл
Сабақтың тақырыбы:Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту
Сабақтың мақсаттары: «файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар», «корзина» ұғымдарымен, қапшықтың құрылымы және объектілер жасау ережелерімен таныстыру.
І.Білімділік:Оқушылар білуі тиіс:
- файлдар қапшықтар не екенін;
-қапшықтар құрылымдарын;
-қапшықтар құру ережелерін;
-таңбаша деген не екенін;
- таңбашаларды қолдану;
-таңбашалар құру ережелерін;
ІІ.Тәрбиелік:Еңбек етуге, ізденуге, шапшандыққа тәрбиелей отырып, білімін жинақтап жеткізуге баулу.
ІІІ.Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін жеткізу, өзін-өзін әрі қарай дамытуға үйрету
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың көрнекіліктері:слайд, оқулық, дәптер, коспьютер
Сабақтың барысы:
І:Ұйымдастыру
ІІ:Үй жұмысын тексеру
ІІІ:Жаңа сабақ
ІҮ:Сергіту сәті
Ү:Сабақты бекіту (практикалық жұмыс)
ҮІ:Сабақты қорытындылау
ҮІІ:Бағалау
ҮІІІ:Үйге тапсырма
ІІ:Үй жұмысын тексеру
І тоқсан бойынша өткен материалдарды қайталау
Ақпарат дегенді қалай түсінесіндер?
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
Пернетақта құрылымын ата?
Операциялық жүйе туралы не білеміз?
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері?
Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары қандай?
Windows операциялық жүйесінің негізгі түсініктері қандай?
Жұмыс столының құрылымы?
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар?
Windows жүйесін іске қосу онымен жұмысты ? ІІІ:Жаңа сабақты баяндау
Файл-бұл Windows ХР жүйесінде жұмыс жасайтын ақпараттың негізгі құрылымдылық бірлігі. Мұндай ақпарат қандайда бір тұрақты жадтайтын құрылғыға, мысалы, дискета немесе винчестерге жазылады және оны басқа файлдардан ажырату үшін нақта аты болады.
Файлдардың негізгі типтері: құжаттар , суреттер, программалар.
Windows ХР жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтаған жөн:
-файлдардың аты мен кеңейтілуі болады.
-файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символымен жазылуы мүмкін.Бірақ басқа жүйелермен жұмыс істегенде
-Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс алфвитінің әріптерінен , -9-0 –ға дейін цифрларды, арнайы символдарды: -, астын сызу, леп белгісі!, символдар:@,#,$,%,^,&, , қолдауға болады
-.,*,:,;,сұрақ белгісі?,/, болмайды
-файлды кеңейтілуі үш символдан тұрады. Және файлдың артынан нүкте арқылы ажыратылады.
Файлдар кеңейтілуі оның мазмұны көрсетеді және олар алуан түрлі болады;
1)txt, doc, dot,rtf-мәтіндік редактор
2)exe, com-программалар және қолданбалар файлы
3)bat-командалық файл
4)bmp-графикалық файл
5)htm-интернет беттері
6)rar,arj, zip-архивтік файлдар
7)hlp-анықтама файл
8)lib, obj, dll-кітапханалар файлы
9)bas-Бейсик тіліндегі пограммалау
10)bac-ескі файлдардың көшірмесі
11)sys-жүйелі файл
12)dbt-деректер базасы және тағы басқа
Файлдардың арасында мәтіндік, графикалық және дыбыс ақпараты, программалар мәтіні, программалар жұмысы туралы деректері және тағы басқа бар программалар мен құжаттарды ерекшелеу керек.
Файлдардың барлығының атымен кеңейтілуімен басқарылады келесі сипаттамалары бар:
-өлшем;і
-типі;
өзгері уақыты;
Қапшықтар-бұл файлдардың қандайда бір белгісі бойынша бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда. Қапшық- бұл аты аталған файлдар тобы.
Windows ХР қапшықтар каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықтарды кәдімгі ішкі қағаз беттерін -файлдарды салатын қапқықпен салыстыруға болады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтарда, бос болуы да мүмкін. Аты бірдей объектілер болмауы тиіс.
Қапшықтың екі түрі болады:-кәдімгі қапшықтар каталогтар; - арнайы қапшықтар(менің компьютерім)
Қапшықтарды құру және оның құрылысы.
Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық құру: Файл/создать/папка командасымен құрылады.
Таңбаша-бұл программаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетті бар пиктограмма, объектінің белгішесі, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол қандайда бір объектіге :файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге тағы басқа сәйкес келеді.
Таңбаша жеке объекті емес ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.
Таңбаша тышқан мен екі рет шерту әсерімен бірдей
Ағылымдағы терезеде таңбаша құру;
1.Фғымдағы терезелерде таңбашаларды файл/ создать/ярлык командасының көмегімен жасауға болады.
2.Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға орналастыруға болады.
3.Ол үшін таңбашада құрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау процесін іске қосқаннан соң жүргізуге болады немесе алдымен объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды басқаруға болады.
ІҮ:Сергіту сәті
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қататйтып, бірнеше секунд жұмындар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Көздеріңдң талдырмаңдар.
- Алысқа қадалып қараңдар.
3-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
5-жаттығу
Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу
Бастарыңды көтермей, ТӨМЕН қарап, көз түскен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар.
Көзді дем алдыру жаттығулары:
Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;
Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;
Көзді жұмып және оны қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.
Шаршағанда (арқа талғанда) орындайтын жаттығулар:
Басты сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта басты бұру;
Басты екі жаққа кезекпен бұру;
Жұдырықты түйіп, жазу:
Керілу.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дермек қобдишасының құрамы
Ү:Сабақты бекіту (практикалық жұмыс)
А-деңгей
Жұмыс үстелінде жана бума аш
Буманын атын өзіңнің атынмен ата
Paint редакторын аш
Аққала суретін сал
Суреттін атын «аққала» деп атап жұмыс істеліндегі бумада сақта
Буманы ашып тексер
Буманын ішінен контекстік мәзір арқылы жаңа Word мәтіндік редакторын құр.
Атын «менің құжатым» деп ата
Жұмыс үстеліндегі өз атыңмен белгілеген буманы өшір (удалить)
В-деңгей
Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрастыр
Бумалардың бірінде мәтіндік құжатты құрындар
Жұмыс үстеліне өздеріңнің бумаларын үшін жарлық құрындар
Құрылған жарлықтың аттарын алмастырындар
Құрылған жарлықтың белгішелерін алмастырындар
Құрылған ір жарлықты қоржынға апартындар
Қажетті жарлықтарды жойындар
С-деңгей
Мәтінде редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттандар
Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтандар
Тура осылай Бума құру деген құжаттар құрындар
Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарымен аталған бумаға сақтандар
Осы бума үшін жарлық құрындар
Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырындар
Жұмыс бумасын жасырын етіндер
Жұмыс бумасын жойындар
Жұмыс бумасын Қоржыннан қайра қалпына келтіріндер
ҮІ:Сабақты қорытындылау
Файл дегеніміз не?
Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
Бума дегеніміз не?
Файлға дейінгі жолдың файлдың толық атауынан айырмашылығы неден?
Файл атауындағы шектеулерді ата?
Буманы қалай құрамыз?
Жарлық дегеніміз не?
Жарлықты қалай құрамыз?
Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?
ҮІІ:Бағалау
ҮІІІ:Үйге тапсырма: §11 85-96 бет