Внекласное работа казахском языке на тему К??ілді тап?ырлар началных классов


Шараның әдістемелік мақсаты:
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсету;
Типі: дәстүрлі емес сабақ.
Түрі:сайыс.
Әдіс-тәсілдері,технология түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, құрастыру, салыстыру,ажырату,көрнекілік әдістері; дамыта оқыту технологиясының кейбір элементтері.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,дүниетану.
Көрнекі құралдар: сызбалар, кестелер, кеспе әріптер, кеспе буындар, тақырып, ұрандар,топтың аттары,сайыстың түрлері жазылған плакаттар.
Шараның құрылымдық жоспары:
I.Ұйымдастыру.
II.Негізгі бөлім:
1.«Қызықты сөйлем»
2.«Баспалдақ»
3. «Сөз ойла,тез ойла!»
4.«Қызық сөздер»
5.«Кім жылдам?»
6. «Адасқан сөздер»
7. «Тез ойлан!»
8. «Кім алғыр?»
9. «Бір сөзден көп сөз»
III.Қорытынды бөлім.

Тақырыбы: "Көңілді тапқырлар"
Мақсаты:1)оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін грамматикалық ойындар арқылы қайталап бекіте түсу;
2)ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін,тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту;
3)өз ойларын толық жеткізе алуға, тапқырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Шараның барысы:
I.Ұйымдастыру.
1) Психологиялық дайындық:
-Екі көз не үшін керек?
-Бір жақсылықты көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең
Туған жерге жету үшін!
2)Оқушылармен таныстыру.
-Біздің ұранымыз: Білекті-бірді жығады,
Білімді-мыңды жығады.
Мұғалім:-Міне,сөйтіп біз оқушылар таныс болдық.Енді,қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(қазылар алқасы таныстырылады)
Ал,келіңдер,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер,-
-дей отырып,барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
Сіздердің де бір-бірлеріңізге тілерлеріңіз:
Бүгінгі жарыста,
Алға шық қалыспа!
Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік!
Сайыс ретімен таныстыру:
1.«Қызықты сөйлем»
2.«Баспалдақ»
3. «Сөз ойла,тез ойла!»
4.«Қызық сөздер»
5.«Кім жылдам?»
6. «Адасқан сөздер»
7. «Тез ойлан!»
8. «Кім алғыр?»
9. «Бір сөзден көп сөз»
II.Негізгі бөлім.
1.«Қызықты сөйлем»
Шарты: әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру.
3-4 сыныпқа: 2-сыныпқа:
А... а... а... а... А... а... а...
Ж... ж... ж... ж... Б... б... б...
С... с... с... с...
Б... б... б... б...
2.«Баспалдақ»
Шарты: баспалдақтан сүрінбей жылдам түсу.
3-4 сыныпқа:
О т
О ру
О т а нО рм а нО т а рб а
О қ ж ыл а н
2-сыныпқа:

Б у
Б о рБ ұ л т
Б а л ық
Б а л шық
Б а ра б а н
А с
А т а
А с ы қ
А й м а н
А с т а н а
А с ы л б е к

3. "Сөз ойла,тез ойла!"
л
2-сыныпқа:
а
л


Қаа
с
қ
ы


р
а
ш
а

т
а
қ
а
р

3-4 сыныпқа:



а



тазалық,барабан,қалашық,қарашық,орталық,парасат,шапағат,марапат,балақай
4.«Қызықты сөздер»
-«Қызық» сөзі несімен қызық?
Жауап: тура оқысақ та,кері оқысақ та бір сөз шығады.
-Ендеше,әріптері ауыспайтын қызық сөздер жазамыз.Кім көп сөз жазса,сол жеңімпаз.
5. «Кім жылдам?»
Шарты: сөздердің бірінші және соңғы әріптері бірдей дыбыстардан тұратын сөздер жазу.
2-сыныпқа:
ра
л м а
л а ша
с т а на
л а б о т а
т а м ырза
А
3-4 сыныпқа:
е к
и ік
ө к е к
ірпік
ө б е л е к
ү нде л ік
К
ра
л м а
л а ша
с т а на
л а б о т а
т а м ырза
А
6."Адасқан сөздер"
2-сыныпқа:
Шарты: орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау,тыныс белгісін қою.
теруге
балалар
орманға
барды
жидек



тамаша
коньки
қандай
қыста
тебу


алған
қойдың
кітапты
ба
орнына


3-сыныпқа:
Шарты: берілген сөздерді сөз таптарына қарай ажырату,топтау.
он екі
кітап
ақылдас
өнерлі
ойлан
икемсіз

келді
көлшік
сегіз
ақындар
білгір
үшінші

Зат есім

Етістік
Сын есім
Сан есім

4-сыныпқа:
Шарты:берілген сөздерді септелуіне қарай ажырату,топтау.
Шығыс
Жатыс
Табыс
Барыс
Ілік
Атау
Көмектес

көктемдесәбізқұрылысшының
ұшаққаауылғамалшыға
қарданкітаптақонақтың
көлікпенқайықдәрігерден
7. «Тез ойлан»
Шарты: кестені толтыру арқылы дыбыстық талдау жасау
2-сыныпқа: батыр,қоржын,ғарыш,қазан,кілем,сурет.(әр оқушыға бір-бірден)
Сөз Дауысты дыбысДауыссыздыбысЖуан дауыстыЖіңішке дауыстыҚатаң дауыссызҰяң дауыссызҮнді дауыссызБ + + А + + Т + + Ы + + Р + +

3-сыныпқа: сазан,берік,қоңыз,құрал,күміс,жырау.(әр қушыға екі-екіден)
Сөз Дауысты дыбыс Дауыссыз
дыбыс
Жуан дауысты Жіңішке дауысты Қатаң дауыссыз Ұяң дауыссыз Үнді дауыссыз
С + + А + + З + + А + + Н + +

4-сыныпқа: берілген сөздерді септеу: кітап,оқушы,қалам,ұстаз,дәптер,дәрігер.(әр оқушыға екі-екіден)
8. "Кім алғыр?"
Шарты: кестеден сөздер шығару.
2-сыныпқа: оқушылардың есімдері шығуы керек.
(Жаңылсын,Құралай,Айым,Алпамыс,Айнұр,Алмаз)
Ж А А Й Ы М
А Ң Ы Л Й Н
Л М Ы С А Ұ
П А С Ы Н Р
Қ А Л А Л М
Ұ Р А Й З А
3-4 сыныпқа: қала атаулары шығу керек.
(Атырау,Алматы,Ақтөбе,Жезқазған,Өскемен,Астана,Қарағанды)
А Т А Қ Т А С
А Ы У Ө Ө Б Т
Л Р А С К Е А
М А А Н Е А Н
Ж Т Ғ Е М Ғ А
Е Ы З Н Р А Н
З Қ А Қ А Ы Д
9.«Бір сөзден көп сөз»
-Біздің туып-өскен жеріміз,кішкентай Отанымыз қалай аталады? «Қайыңдысай»
-Ендеше «Бір сөзден көп сөз» ойыны.
Шарты:«Қайыңдысай» сөзінен көп сөз шығару.
III.Қорытынды бөлім.
Әр оқушының ұпай сандары есептелініп,жеңімпаз оқушылар анықталады.
Ойын: «Сөз тапқан» (жеңімпаз оқушылар қатысады)
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін «Сөз тапқанға» берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрелік.
Таңдалынатын әріптер: А,Ж,С,Қ,Б,Т,М,Ә.
Сұрақтар:
1.Ауа райы қандай?
2.Сайысқа қайдан келдіңіз?
3.Қай пәнді ұнатасыз?
4.Болашақта кім болғыңыз келеді?
5.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
6.Отан үшін не істейсіз?
7.Осы отырған көпшілікке не тілейсіз?
Мұғалім: -Осындай жақсы тілектермен сайысымызды аяқтаймыз.
(оқушылар мадақталады,марапатталады.)