Научная работа по математике на казахском языке
Шығын материалдарын үнемдеу бойынша математикалық есептеулер.
Авторы: Оракбай Баян
Ғылыми жетекшісі: Қожаева А.Т.
Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі
Мазмұны
Кіріспе . Негізгі бөлім .
Қорытынды .
Пайдаланылған әдебиеттер .
Қосымша .
Мақсаты: Салмағы 50 г. шайға арналғанқорапшаны дайындау үшін материалды үнемдеу жолдарын анықтау.
Міндеті: 1) Пиала, «Ассам» 50 г. шайлары үшін арналған қорапшаларды мысалға ала отырып, шығын материалының есебін жүргізу.
2) 50 г. шайдың алатын көлемін анықтау.
3) Қорапшаны куб ретінде қарастыру.
4) Жүргізілген зерттеулерге талдау жасау
5) Үнемді қорапшаны анықтау
6) Қорапша дайындау
Зерттеу обьектісі: Салмағы 50 г. пиала шайының «Ассам», «Жаңа пиала» шайларының қорапшаларының жазбасы.
Зерттеу пәні: Тік бұрышты параллелепидтің көлемі мен тікбұрыштың аудандарының формулаларын практикалық есептерді шешуге қолдану процесі.
Зерттеу әдістері: Тәжірибе, талдау, қорапшаны дайындау.
Зерттеу базасы«Пиала», «Ассам», «Жаңа пиала», «Куб шайларына арналган қорапшалардың жазбасы».
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында былай деген болатын: «Бүгін елдер мен континеттерді ауқымды дүниежүзілік дағдарысшарпыған бұл ерекше құбылысты адамзат әлі білген емес.
Қазіргі жүйедегі терең ақауларды анықтауға тоқталу өте маңыздырақ.Ең бастысы оларды толық жою жолдарын іздестіру .
Әрбір адам дағдарысқа қарсы тұрұ тек Үкімет пен әкімдердің ғана жұмысы емес екендігін сезіну қажет.Бұрынғы психологиядан түбегейлі арылу уақыты жетті ,яғни «мемлекет дағдарысқа ұшырауымызға жол бермейді» деген ойдан аулақ болу . Нарық біздің халықты көп нәрсеге үйретті , әрі қарай да үйретеді. Еңбекқор,үнемшіл,іскер болатын уақыт кез келді.Біз әрқайсысымыздан жұмысқа берілген,бәсекеге қабілетті талап ететін кезеңді өткізудеміз С. Абдрахманов, «Егеменді Қазақстан 14 ақпан 2009 ж»
Көріп отырғанымыздай, қазір барлық адамдар қағазды өте көп пайдаланады,ал қағазды ағаштан жасайды.Негізінде ағаштың 30%-40%-ы ғана пайдалы қолданысқа ие болады екен ,ал қалғаны жарамсыз.
Қазақстан ормандары Республика ауданының 4,6%-н құраса да маңызды функцияларды атқарады .Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдары ормандағы өрттердің және заңсыз ағаш кесу туралы мтериалдарын көптеп жариялауда .Әсіресе еліміздің Шығыс аудандарында.
Мұның салдары ұзақ жылдардан кейін біліне бастайды .
Алған білімдерім мені Жеріміздің орманды қорын үнемді пайдалануға, ағаштарды көбірек сақтап қалуға алып келді. Қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеру және басқару үшін тыңғылықты және жалпыбілімділік дайындық керек ,яғни математикадан белсенді білім компоненттерін қамту қажет.
Көптеген математикалық заңдылықтар ұйымдастыруда ,технологияларда, қазіргі заманғы өндіріс экономикасында, белгілі бір өндірістік процесстерде қолданылады .Осы ғылыми жұмыста «көлем» , «аудан» ұғымдарын қолдана отырып ,отандық өндірістегі шай қорапшаларын дайындау үшін жұмсалатын материалды қаншалықты үнемдеуге болатындығын ұсынамын . Сонымен бірге осы қорапшаларды тасымалдайтын көлік шығынын да үнемдеуге болатындығын ұсынамын.Өндірістегі «Пиала»және « Ассам» шайларының қорапшаларын мысалға ала отырып , осы екі шайдың қорапшаларының қайсысы үнемдірек екенін анықтадым .
Негізгі бөлім:
Математика сабағынан тік бұрышты параллелепипедтің көлемі V=a ×в ×сжәне тікбұрыштың ауданы S=a ×в формулаларымен есептелетінін білеміз
Маған оларды өмірде қай жерде қолдануға болатындығы қызық болды.
Мен айналамдағы тік бұрышты параллелепипед формалы әртүрлі заттарды таптым және оларды дайындау үшін қанша материал қажет екендігін тексеріп көргім келді.
Мысалы шай қорапшаларына қанша материал қажет екендігіне көз жеткізгім келді және осы қорапшаларды жасауда материал шығынын үнемдеуге бола ма екендігін білгім келді.
Болжам: Егер материал шығынын қорапша өлшемдерін азайту есебінен, формасын өзгерту есебінен азайтатын болсақ, онда материал шығынын үнемдеуге болады.
Зерттеу: №1 50г. «Пиала» шайының қорапшасы
Өлшемдері: 5,4 ×3,6×7,7(см)V=149.7cм3 S=25,4×3,6+5,4×7,7+3,6×7,7=177,48(см3)Егер осындай 149,7см3 көлемдегі куб формасын алатын болсақ, онда кубтың қыры 5,31см болуы қажет, сонда S2=169.1766 cм2Зерттеу: №2 50г. «Ассам» шайының қорапшасы.
Өлшемдері: 4×6×7,5см, у=180см3 S1=198см2180см3көлеміндегі кубты алатын болсақ, онда кубтың қыры 5,646см болады,
онда S2=191,236 см2Зерттеу №3 Жапсыруға арналған аудандарды есептеу
«Пиала» «Ассам»
1,4×5,4×2 1) 6×1,5×23,6×2,5×4 2) 4×2,7×41,2×7,7 3) 7,5×1қорытынды: 60,36 см2 4) қорытынды: 68,7
«Пиала» - куб қыры 5,3 см «Ассам» - куб, қыры 5,6 см
5,3×1,4×2 1) 5,6 ×1,5×25,3×2,5×4 2) 5,6 ×2,5×45,3×1,2 3) 5,6×1,2қорытынды 74,2 см2 4) қорытынды 79,52 см3Зерттеу №4 Алынған мәліметтердің салыстырмалы анализі.
Таблица-1
«Пиала» «Ассам»
Шайдың салмағы, г 50 50
Қорапша көлемі, см3150 180
Жапсырмасыз ауданы, см2177,48 158
Жапсырмалардың ауданы, см260,36 68,7
Жалпы ауданы ,см2237,84 266,7
Таблица-2
«Пиала» Куб 5,3 «Ассам» Куб 5,6
Салмағы, г 50 50 50 50
Көлемі, см3150 150 180 180
177,48 168,54 198 188,16
60,36 74,2 68,7 79,52
237,84 247,74 266,7 267,68
Зерттеу №5 50г. шайды өлшеу сырттары бар мензурка салсақ, онда оның көлемі 105 см3 екенін көреміз
Зерттеу №6 «Пиала» шайының қорапшасының биіктігін азайтамыз. Сонда қорапшаның өлшемдері 5,4×3,6×7,2 см, көлемі 140, ауданы 168,48 жапсырмалары мен ауданы 59,76 жалпы ауданы 228,24
Қорытынды .
Зерттеулердің нәтижесін қорытындылаймыз. Алынған мәліметтерді салыстыра отырып, біздің зерттеулер мынаны көрсетеді.
«Пиала» шайының қорапшасы мейлінше үлкенірек.
Қорапшаның өлшемдерін азайту есебінен материал шығынын азайтуға болады.
«Пиала» қорапшасының биіктігін 0,5 см-ге азайтқанда материал шығыны 9,6 см2қа азаяды.
1миллион қорапша дайындауда бұл 9600000 см2 ауданды құрайды ,бұлтағықосымша42060 қорапша дайындауға болатындығын көрсетеді.Қорапшаны дайындауда өндірушілер шығынматериалдарына көп шығындалады .Мүмкін,
артық шығынды біз, яғни сатып алушылар сіздер мен біздер төлеп отырған болармыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.А.Алдамуратова Математика 6 ,Алматы 2001
М.Я.Выгодский. Справочник по элементарной математике, Москва,Наука»
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңы.
ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы, 30 август 1995ж
«Қоршаған ортаны қорғау» туралы заң 15 июль 1997ж.
Қазақстан Республикасының орман кодексі , 23 январь 1993 ж.
Куб формалы пиала шайы
2476540005
Куб формалыассам шайы