Коучинг О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау.


Апта Күні
Коучинг тақырыбы:4 Диалогтік оқытудың оқыту мен оқудағы маңыздылығы
Сілтеме: Нұсқаулық, МАН-99 бет, деректі фильмдер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты: Диалогтік оқытудағы әңгімелер арқылы өз ойларын еркін айтуға, пікірін дәлелдеу арқылы көзқарастарын қалыптастыра отырып, қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Топтаса отырып оқушылар бір-бірін тыңдай біледі, пікір алысады және топ арасында ынтымақтастық пайда болады.
Топқа бөліну Топтарды сандар арқылы бөлу. 1 2 3
Кіріспе тапсырма:
Слайд көрсету Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқарғанын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.Александер(2008) диалог түрінде оқытуды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді.
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылған тәсілдер уақыт
1- тапсырма Видеороликті көрсетемін.
Әңгіменің 3 түріне байланысты.
Әңгіме-дебат
Кумулятивтік әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
Сұрақ-жауап
Видеороликтен не байқадыңыздар?
Диалогтік оқытудың қанша түрін көрдіңіздер?
Диалогтік оқыту дегенімізді қалай түсінесіздер?
Сіздің ойыңызша осы роликтер диалогтік оқытудың қай түріне жатады? Тренинг-сергіту Ауада 1-ден 10-ға дейін сандарды жазу 2-тапсырма Топтаркөрген видеороликтерінен рөлдік ойын көрсету.
Мұғалім-мұғалім
Мұғалім-әкімшілік
Мұғалім-оқушы Бақылаушы
Бағалау
Толық ашты-2
Жартылай ашты-1
Аша алмады-0
Өз ойларын жүйелі жеткізуі;
Жеткізе алды-1
Жекізе алмады-2
3-тапсырма Постер жасау. Қорытынды Доппен ойын:" Жерге түсірме"
Рефлексия Өзінің пікірін айтып, ұсыныстар жасайды. Екі жұлдыз бір тілек Аққыстау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Мейрамгул 23.01.2014ж.
4-апта 4-күн
Коучинг тақырыбы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың тиімділігі
Сілтеме Нұсқаулық,ғаламтор материалдары,қосымша материалдар.
Мақсаты Өзін-өзі,жұптық,топтық бағалаулар арқылы өзін-өзі реттеуге,білім алуға үйренеді.Кездескен қателерді оқытудың келесі қадамында түзетуге машықтанады.
Оқыту нәтижесі Топпен жұмыс жасай отырып,сыни ойлауға,формативті,жиынтық бағалауда оқытудың қиындықтарын анықтауға,кері байланыс жасауға үйренеді.
Топқа бөліну а) Шеңбер құрып бір-біріне тілек айтады. ә) Әр түрлі ( ) стикерлер арқылы бөлу.
Кіріспе тапсырма
1-тапсырма
АКТ-да берілген отбасы туралы бір сурет бойынша үш топ жұмыс жасайды. Постер жасау
Отбасына байланысты сурет.
I-топ: Суретті математикаға байланыстырады.
II-топ: Қазақ тіліне байланыстырады.
III-топ: Ана тіліне байланыстырады.
Тапсырмалардың түрлері 1.Сурет бойынша тапсырма.
2.Постер қорғау.
3.Формативті бағалау.
4.Жиынтық бағалау.
5.Ойын: «Өз деңгейіңді анықта».
Тренинг-сергіту Бейнетаспадағы көрсетілім бойынша қимылдарды қайталау.
2-тапсырма
Әр топ жасаған жұмысы бойынша бағалау өлшемін құрады.Қарсы топтар бірін-бірі бағалайды.
Сұрақ-жауап 1.Оқыту үшін және оқуды бағалауды қалай түсінесіздер?
2.Формативті бағалау арқылы қандай әсер алдыңыздар?
3.Критериалды бағалай отырып,қандай көзқарас пайда болды?
3-тапсырма Слайд көрсету 1.Бағалаудың мақсаттарын анықтау.
2.Бағалаудың тиімділігі.
3.Әсері,күтілетін нәтиже.
Бағалау
Толық ашты-2
Жартылай ашты-1
Аша алмады-0
Қорытынды «Өз деңгейіңді анықта» ойыны.
Рефлексия Өз пікрлерін айтып,ұсыныстар жасайды.
Стикерлерге тілектерін жазады.
Исатай ауданы,Аққыстау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Мейрамгүлдің өткізген мектепішілік коучингі бойынша есебі.
Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлай алады,өзін-өзі, жұптық, формативті және жиынтық бағалау түрлерін пайдалана отырып,жауапкершілікті сезінеді,сыни ойлай алады, топпен,жұппен жұмыс жасауға үйренеді. Мақсаты: Берілген тапсырмалар бойынша әр топ бағалау өлшемін құруға,өзін-өзі,жұптық,топтық бағалауға машықтанады. Қатысқаны -15 мұғалім. Бастауыш сынып,биалогия,математика,физика,орыс тілі,ағылшын пәндерінің және Абай орта мектебінің мұғалімі Мұратов Нұрлан әріптестеріміз коучингке қатысты. I. Жоспар бойынша мұғалімдер ортаға шығып,бір-біріне коучингке байланысты жақсы тілектерін айтады. II. Стикерлер арқылы үш топқа бөлінеді.
Шеңбер
Шаршы
Жүрек
а) Әрқайсысы неліктен , немесе фигураларын алғаны туралы түсіндірді. ә) Шеңбер,шаршы,жүрек стикерлерін таңдаған адамдарға психологиялық мінездеме бердім. III. АКТ-да берілген отбасы туралы бір сурет бойынша келесі тапсырмаларды орындады. I-топ.Суретті математикамен байланыстырды Әке – 3 Ана – 3 Бала 3+1=4
Барлығы ?адам II-топ. Отбасы туралы суретті қазақ тілімен байланыстырды.Ата,әже,ана,немере,шөбере, н.к, н.ш.б, б.н.ш. III-топ. Әдебиеттік оқу пәніне байланыстыра отырып,өлең шығарды. а) Барлығы туыстықтан нәр алады, Белгілі адамдарда сана бары. Дастарханға жиналған қандай жақсы! Бар мәселе сол жерде қаралады, Ата-бәйтерек,әжесі қамқоршы. Тәлім алар ұл-қызы балалары, Ата-әже,туған-туысқан болған қандай жақсы. Отбасы әлемдегі басты құндылық, Жылылық отбасынан басталады. ә) Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын ана-анам, Болайын менде аман! Ата-анасның ықыласына бөленіп тұрған балалардың тілегі деп суреттеді. IV. Сергіту сәті. V. Әр топ жасалған жұмыстарын қорғады,қандай нәтижеге жеткенін дәлелдеді. VI. Келесі тапсырма бойынша жасалған жұмыстарына байланысты бағалау өлшемін құрды. I-топ. Математика пәні бойынша жоғары ұпай «3» 1. Есептің мазмұнын түсіну. 2. Шартын логикалық тұрғыдан құру. 3. Есепті шығару. 4. Жауабын тұжырымдауы. 5. Сөйлеу мәдениеті,жеткізе алуы. 14 – 15 ұпай «5» 10 – 13 ұпай «4» 6 – 9 ұпай «3» 1 – 5 ұпай «2» Қарсы топ ұсынысы жазылды (Достық бағалауы) 1. «3» 2. «3» 3. «3» 4. «3» 5. «3» деп бағалады. II-топ. 1. Суреттің орналасу тәртібі (жанына,көлденеңінен,ортасынан) 3 ұпай. 2. Түс пайдалануы 3 ұпай. 3. Отбасы адамдары түгел қамтылуы 3 ұпай. 4. Дастарханның безендірілуі 3 ұпай. 0 - 2 - «2» 3 – 6 – «3» 7 – 10 – «4» 11 – 12 – «5» Бір-бірінің бағалау өлшемін түсінбегенін айтты. III-топ.
I. Сурет мағынасы ашылды ма? 1.Төмен ұпай - 1 2. Орташа ұпай – 2 3. Жоғары ұпай - 3 II. Дайындаған постерлері эстетикалық талапқа сай ма? 1. 2. 3.
III. Мағынасын жеткізе білді ме? (ауызша) 1. 2. 3. IV. Бала үшін тиімді ме? Тәрбиелігі болды ма? 1. 2. 3.
VII. Үш топ бір-бірінің жұмыстарын өздері құрған бағалау өлшемдері бойынша бағалап, сұрақ-жауап арқылы пікірлерін дәлелдеді.Нәтижесінде өзін-өзі,жұптық,топтық бағалау жүрді.Формативті бағалау арқылы қызығушылықтары,белсенділіктері артқанын айтты. VIII. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тақырыбына байланысты критериалды бағалау түрлерімен таныстырдым.Бағалаудың мақсаттары сұрақ-жауап арқылы анықталды. Қазақ тілі пәні бойынша бағалау өлшемі . 1. Саутты,қатесіз жазу. 2. Жазу каллиграфиясын сақтау. 3. Өлең жолдарын ретімен жазу. 4. Тыныс белгісін дұрыс қою. Әдебиеттік оқу пәні бойынша бағалау өлшемі.
Аты-жөні Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Сұрақ-жауап Жаңа сабақты меңгеруі Жалпы ұпай Баға
Математика пәні бойынша бағалау өлшемі. №1 - №6 «5» №1 - №5 «4» №1 - №3 «3» №1 - № «2»
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренинг
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Аутотренинг.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Табиғат суреттері кетеді.
- Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударыңыз.
Соқпақ жолмен жүріп келесіз.......
Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз.................
Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінеді............
Алма бағы..................
2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16)Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17) Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18) Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19) Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
«Тиімді қарым-қатынас орнату» бағытында бейнежаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдайяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Тапсырмалар:
Басқаларға өзіңіздің сүйікті киіміңіз жайлы айтыңыз, оның түсін, үлгісін сипаттап беріңіз. Оны жиі киесіз бе, қандай жағдайларда киесіз?Соңғы көрген фильміңіз және оның не туралы болғанын айтыңыз: ол сізге ұнады ма?
Жақында қандай қуанышты оқиға болды, соны бөліскенде қасыңызда кім болды?Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, немен айналысасыз, қайда барасыз кіммен аралас
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық
жаттығулар1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
3. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын,өмірдебасшылыққаалатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады. Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет-ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:ҚұндылықтарПайыздық көрсеткіштерДенсаулық55%Нәтижелі өмір20%Белсенді іс-әрекетке толы өмір15%Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы5%Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс5% Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.Психологиялық ойындар«Менің көңіл-күйім» жаттығуыМақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеуАлдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .