«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» та?ырыбы бойынша ?ыс?а мерзімді коучинг жоспары


Атырау қаласы, Дамбы селосы
Амангелді атындағы орта мектебі
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ескалиева Бахытжамал Бактияровна

2 - коучинг сабақ
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары
Сабақ тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Жалпы мақсаты: Мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың оқушы үшін де мұғалім үшін де тиімді екенін түсіндіру, өз тәжірибесіне енгізуге ықпал ету.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Негізгі идеялар: Оқу мен оқытудағы нақты бағалаумен таныстыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, флипчарт, стикер, маркер
Оқыту әдістері: Жұптық, топтық жұмыс
Power Point таныстырылымы
Дереккөздері: Мұғалімдерге арналаған нұсқаулық
Тапсырмалар: Таныстырылым, бейнежазбалар, тапсырмалар
Коучинг сабақ жоспары
Психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс – әрекеті
Мұғалімнің іс – әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Бас бармақ арқылы көңіл – күйлерін көрсету Бас бармақ арқылы көңіл – күйлерін көрсетеді.
Топқа бөлу «Жыл мезгілдері» мозаикасы
Тапсырма:
Құрастырылған сурет бойынша :
Көктем – Ән салу
Күз – 5 жағымды және 5 жағымсыз жақтарын ата.
Әр топ бір-бірін «5» балдық жүйемен бағалайды. Мұғалімнің іс – әрекеті
Қима суреттер арқылы жыл мезгілдерін құрастыра отырып, топ құрады.
Түрткі сұрақтар
Постер қорғау
10 минут «Құндылықтар спектрі» әдісімен (екі жақ топ болып отырып, постер қорғау)
І топ: «5» балдық жүйемен бағалау тиімді.
ІІ топ: «5» балдық жүйемен бағалау тиімсіз.
Мұғалімнің іс – әрекеті
Әр топ берілген тапсырма постер қорғайды
Бейнежазба
5 минут Коучтың іс – әрекеті
Слайд көрсетіледі Мұғалімнің іс – әрекеті
Бейнежазбаларды мұқият қарап шығу
Ақпарат беру
15 минут Коучтың іс – әрекеті
1.Деңгейлік бағдарлама бойынша ақпарат беріледі.
2. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін таныстыру Мұғалімнің іс – әрекеті
Ақпарат тыңдайды
Тапсырма
Сурет салу Пілдің бейнесін салу.
Суреттің салынуы бойынша бағалау өлшемдері ұсынылады.
Топ алмасып, критерий арқылы бірін- бірі бағалайды. Мұғалімнің іс – әрекеті
Сурет салады.
Ақпарат беру
10 минут Коучтың іс – әрекеті
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліндегі бағалау өлшемдері туралы түсінік беру
Тапсырма: Әр топқа берілген тақырып бойынша бағалау өлшемдерін құру
І топ – Шығарма
ІІ топ- Мазмұндама
Мұғалімнің іс – әрекеті
Ақпарат тыңдайды. Әр топ бағалау өлшемдерін құрады.
Рефлексия
8 минут Коучтың іс – әрекеті
1.Кері байланыс бағалау бетшесін тарату,
2.Коучинг сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланыс бетшесін беру
3. Конфеттер тарату. Мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу.