?аза? тілінен ашы? саба? Емханада


Сабақтың тақырыбы: Емханада Сынып: 7 «Г»
Сабақтың мақсаты: Өткен материалдармен байланыстыра отырып, жаңа сабақты, жаңа сөздерді игеру. Сөздік қорын молайту, ауызша тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Денсаулықтарын күте білуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша материалдар, технологиялық карталар, бағалау парағы, мультимедия, презентация, сергіту сәті, қызғалдақтар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, оқу, аудару.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу 2)Психологиялық дайындық «Мен саған гүл сыйлаймын»
2. Қайталау
Сұрақтарға жауап беру
Салауатты өмір салтына .... жатады.
Тісті ... жастан бастап күту керек.
Дәрі керек болса, ... бару керек.
Кешкі тамақтан соң, таза ауада ... серуендеу керек.
Қос сөздің қандай түрі бар?
Сан есімнің мағынасына қарай неше түрі бар?
3. Жаңа сабақ
1- тапсырма. Ребус шешіп, сабақтын тақырыбын анықтайды «Емханада»
2- тапсырма. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызу.
3- тапсырма. Емхана сөзіне әңгіме құрастыру.
4- тапсырма. Дәрігер не істейді? Деген сұраққа оқушылардан жауап алу.
Қандай атақты дәрігерлерді білеміз?
(Гиппократ, аудан дәрігерлері туралы оқушылар дайындап келген презентациялары бойынша баяндап бреді).
5 –тапсырма.(бейне көрініс көру)
Ал қазір бейне көрініс көреміз, ауру қандай дәрігерде, олар не туралы айтады?
6-тапсырма. Топпен жұмыс. Әр топ «Емханада» немесе «Дәрігерде» деген тақырыпқа диалог құрастырады.
7-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
А) Жаңа сөздермен жұмыс
Ә) Мәтінді іштей оқып, түсініп, сұрақтар құрастырады да басқа топтармен ауысып жауап бергізеді.
8-тапсырма. Жазбаша жұмыс. Тақтада орындайды.
Тіс дәрігерінің кабинеті бірінші қабатта орналасқан.
Темекі тістерді сарғайтады.
Анасы оны емханаға апарды.
Спортпен шұғылданған адам тұмаумен сирек ауырады.
Бекіту: сұрақ-жауап
Рефлексия: әр топқа қызғалдақ үлестіріп беру, оқушылар сабақта не ұнағандары туралы жазып, тақтаға іледі.
Бағалау: Әр топ басшылары бағалау парағы бойынша бағаларын айтады