Есептік ж?не реттік сан есімдер 
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты:Сан есім туралы білік, білімдерін пысықтау, молайту.Сан есім 
туралы алған білімдерін бекіту қорыту.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.Өзара ынтымақтастыққа,сыйластыққа 
тәрбиелеу.
Ұқыптылыққа,сауаттыжазуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар,
Сабақ түрі:Білім, білік дағдыны дамыту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,салыстыру, ойын, тест тапсырмалары.
Пән аралық байланыс:математика,ана тілі, дүниетану.
                                  Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпеннен біз.
Бүгінгі сабақта үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
1-топ «Ережешілер» 
2-топ «Мысалшылар»
3-топ «Толықтырушылар» 
Әр топтың өзінің міндетін айту.
Сабақтың тәрбиелік ұраны: Ағаш –өмір,  білім- жапырақ.
Өткенді пысықтау. 1-слайд. «Ой ашар»  Сынау сұрақтары.
1-топ. Етістік дегеніміз не?
2-топ. Мысалшылар .Мысал келтіру.
3-топ. Толықтырушылар Етістіктің түрлері?
(Негізгі ,туынды етістік,  болымды  және болымсыз  етістік)
Негізгі етістік:  оқы, жүр, кел.    Туынды етістік: төрле, ақылдас, ойлан, ақта.
Болымды етістік:  Бар, кел, жүр, отыр. Болымсыз етістік:  барма, келме,
 жүрме,отырма.
Сын есім.Ережешілер  ережесін ,сұрақтарын айтады.
Мысалшылар  мысал ккелтіреді.  Тәтті, жасыл, көңілді, сары, нәзік.
Толықтырушылар  негізгі ,туынды түрлерімен. Күшейткіш буындар арқылы 
жасалатындығын айтады.
Сан есім туралы қайталап өту.
2-слайд.  « Кім тапқыр»  
Дәптермен  жұмыс. Каллиграфиялық кезең.
 Жж  жетпіс.
17-жаттығу. Мәтінді оқу, Сан есімдерді теріп жазу, оларға сұрақ қою.
Сан есімдерді салыстыру. Бір-бірінен өзгешелігі   неде?
3-слайд. « Ой қорыту» 
Ал,кім айтады қандай ой қорытындыланды?
1.Сан есім нешеге бөлінеді?  (есептік, реттік)
2.Қандай сұрақтар қойылады?  (есептік сан есімге қанша? неше?) 
(реттік сан есімге нешінші) Реттік сан есім есептік  сан есімге –ыншы,-інші, ншы,-нші жұрнақтары арқылы  жасалады.
 18-жаттығу. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып  жаз. Оқушылар  тақтада орындайды.
4-слайд.          «Кім алда?»
21-жаттығу .Жұмбақты көшіріп жазу, сан есімдердің түрлерін айту. Қос сөз қандай 
сан есіммен алмастыруға болады? 
Сергіту жаттығулары.
Көзге арналған жаттығулар.
5-слайд.  «Ой толғау»  Қызықты тапсырмалар.
1-топ. Ребустар шешу.
100-ік, 6н, к3ік, 100дік, 7ген, к2лік,100ім.5тау.
2-топ.Құрамында сан есімі бар мақалдар жазу.  
Мысалы: Жеті рет өлше, бір рет кес.Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.
Білгенің  бір тоғыз, білмегенің  тоқсан тоғыз.
3-топ. Мына сөздерге лайықты сөздер жазу.
Бір асым, бір жұтым, бір шумақ, бір жайым, бір шөкім, бір шымшым.
6-слайд.   «Сандарда сөйлейді»  ойыны.
12,30,31,4,4,7,365,24  осы сандарды  сөйлету.
Мысалы: 12-бір жылда он екі ай бар. . . ......
7-слайд.          «Зейінділік  байқауы.»
У М Ү Ш Б Л Р  Т О Ғ Ы З У Д Л
Л С Р О Т Ы З Б Қ Т Е Л У С Т Р
Б С Р К Ж Ү З Л Р М О Н Е К І 
Т М Е К І Л О Н Ж Ұ Б Е С Ғ А
  Ц Е Г П А Л Т Ы С О Д Б І Р П 
Ы Н Ж Е Т І М Ч Б А Л П Ы С   (осы сан есімдерден  реттік сан есімдер жазу)
8-слайд.  Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
1.Заттың .....    білдіретін сөздеді сан есім дейміз
2.Сұрақтары.
2-деңгей.
1.Сөз тіркесін жаса.
Сан есім. Сын есім. Етістік.
Сан есімдерге мысалдар жаз. Есептік ,реттік.
3-деңгей.
Кім тапқыр?
Жоқ сөздердің орнына сан есімдер жаз.
Жаздың  . . .  күні, қыстың  . . . күнін асырайды.
Білекті . . . жығар, білімді . . .  жығар.
. . .   атасын білген ер,
 . . .  жұрттың қамын жер.
9-слайд.  Қорытынды. Бүгінгі сабақта біз бір ағаш өсірдік. Оның аты «Сан есім» 
Оның бұтағына жапырақтар жайылды .Оның өсуіне сендер көмек бердіңдер .
Қанша?          Неше?          Нешінші?  
Есептік        Реттік  
Үйге тапсырма беру:
Бағалау :Өзін-өзі бағалау пікірлерін тыңдау.
Тілек айту.
Келген қонақтарды күтіп шығарып салу –көрсеткен ілтипатымыз. Қане, балалар бір-
бір тілек айтып қонақтарға табыс тілейік.
Бес нәрсеге асық бол.
Бес нәрседен қашық бол.
Жамбыл атамыздай жүзге жетсін жасыңыз.
Төрт құбылаңыз  тең болсын.
Моншақты  қызыңыз  болсын,
Оншақты  ұлыңыз  болсын.
 Рахмет.