Разработка по казахскому языку на тему Дара ж?не к?рделі сан есім (4 класс)
Пән: қазақ тілі Күні: 22.02.2016 Сыныбы: 4Б Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім. Мақсаты: -сан есімнің құрамына қарай және мағынасына қарай бөлінуі мен танысады, олардың жазылу емлесімен танысады., сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу-есте сақтау қабілетін күшейту, өздері қорытынды жасай білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал ету. - ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерге баулу. Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру. Күтілетін нәтиже: -сан есімнің құрамына қарай және мағынасына қарай бөлінуі мен танысады, олардың жазылу емлесімен танысады., сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілеттері жетіледі, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін біледі.-есте сақтау қабілеттері күшейеді, өздері қорытынды жасай білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал етеді. - ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерге тәрбиеленеді. Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән береді. Пәнаралық байланыс: математика. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «көңілашар», «1қадам артқа», «ой шақыру», «Австралиядағы жаңбыр», «ойын».
Сабақ кезеңі Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс- әрекеті Бағалау Ресурстар
І. Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі
«Көңілашар»
«1 қадам артқа»
«Ой шақыру»
«Австралиядағы жаңбыр»
«Ойын» Кім шапшаң?
Бағалау: Үйге тапсырма: Оқушылармен амандасады.Түгендейді.
Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.
1-2-3 сынып іші тып- тыныш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру. 46-бет. 6-жаттығу.
1. Сан есім дегеніміз не?2. Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?3. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?4. Дара сан есім дегеніміз не?5. Күрделі сан есім дегеніміз не? Сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
1-жаттығу. 1. Қамыс- сулы жерде өсетін, ең көп тараған өсімдік. Қамыстың биіктігі екі метрден үш метрге дейін болады. Оның екі жүзден астам түрі бар. 2. Үш адам жолға шықты. 3. Жиырмадан бесті алса, он бес болады.
2-жаттығу. Киттің бір түрі- жолақ кит. Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін, салмағы жүз елу тоннаға дейін жетеді. Оның жаңа туған баласының ұзындығы алты метрден асады.
-сандарға қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
1 -. Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (Түйеқұс ұшпайды)2 - Жүз қырық үш қызғыш құсқаЖүз қырық үш қызғыш құс қосса,Қанша қызғыш құс болды? ( 286)
3-жаттығу. 1.Табиғатта өмір бойы аяғынан тік тұрумен өтетін жануарлар бар. Олар- пілдер. Ересек пілдер жүз жыл бойы тізе бүкпейді. 2.Медеу- мың алты жүз тоқсан жеті метр биіктікте салынған мұзайдын. Мұзайдындағы ойынды он екі мың көрермен қызықтай алады. 3. Қой арамшөптің бес жүз жетпіске жуық түрін жейді. Қойдан басқа жануар мұнша көп арамшөп жемейді.
4-жаттығу. 9, 588, 45, 797, 25, 10, 888, 5.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, бағалау. 48-бет. 5- жаттығу. Амандасады. Сабаққа дайындалады.
Құрал-жабдықтарын реттейді.
Оқушылар назарларын сабаққа аударады.
Суреттерге қарап, қарама- қарсы мағынасы бойынша жұптап жазады. Бір- бірінің дәптерлерін тексеріп бағалайды.
Сан есім дегеніміз-заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Қанша? неше? нешеу? нешінші? Сан есім дара және күрделі болады. Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион. Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.
Сөйлемдерді оқиды. Сан есімдерді теріп жазып, неше сөзден құралғанына көңіл бөледі.
Сөйлемдерді көшіріп жазады. Дара, күрделі сан есімдерді тауып, астын сызады.
Мысалы: Жеті ата, жеті күн, жеті шелпек, жетіқарақшы, жеті қат жер, он үште отау иесі, он үш мүшел жас, жеті керемет. Қазақ халқында: жеті атасын білмеген- жетесіз.
Сан есімге қатысты сұрақтарға тез-тез жауап беруге тырысады.
Сөйлемдерді оқиды. Дара және күрделі сан есімдерге теріп жазады.
Сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жазады.
Бағаларын қойдыртады, үй тапсырмасын жазып алады. Жарайсыңдар!
5 балдық деңгейде бағалау.
Жарайсыңдар!
Мадақтау.
Мадақтау.
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
5 балдық деңгейде бағалау. «Алматыкітап» 2015ж. Қазақ тілі 4 –сынып
Күнделік.
Қолы:
Баға: