Есептік ж?не реттік сан есім (3-класс)


Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты: 1.Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру.2.Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
3.Оқушылардың ұлттық, спорттық ойынға деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы, топта бір - біріне қамқор, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:1.Есептік және реттік сан есімдерді ажырата алады.
2.Сөйлем құруда ,әңгіме құрастыруда пайдалана алады.
3.Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық,стикер.Түрі: Пысықтау сабақӘдісі: Сұрақ - жауап, Жиксо әдісіПәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, дене шынықтыруСабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Сапқа тұрғызу. Бірінші, екінші деп санату.1 топ бір қадам алға, 2 топ екі қадам алға. Топтарға отырғызу.2. Психологиялық дайындық Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Сабақ желісін хабарлау.
-Ұлттық ойындарды білеміз бе?- Соның бірі «Тай жарыс». Көктем келді, күн жылынды. Тайы бар балалар жарысқа шығады. Біз де бүгінгі сабақта тайымызбен жарысқа түсіп көрейік. Тай жарыста бірнеше бала қатысады. Әр 2 топқа 2 тай беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы әр белестерден өтіп жарысып отырасыңдар./ Топ басшыларын сайлау/
Ат жарыс, тай жарыстардың өздерінің шақырымдары болады. Шақырымды анықтап алайық.3,4,5,6,7,8,9 шақырымдық жарыстар болады.
3. Үй тапсырмасын тексеруОл үшін үй тапсырмасы бойынша тапсырмаларды орындайық. 1 топ. 1. Жұмбақты оқы, шешуін айт. Қос сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады?2 топ. 2. Сан есімді тауып, түрін анықта. 4. Жаңа сабақ.Пысықтау сабағы.3 шақырымның тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны (ауызша)
Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?1 топ Бесінші бөлме, жетінші пәтер,тоғызыншы бет
2 топОн төртінші қатар, екінші касса,сегізінші қайықБолған топ бес жұлдыз арқылы білдіру
4 шақырымның тапсырмасы:4. Дәптермен жұмыс23 - жаттығу. Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің астын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сыз.Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ.
5 шақырымның тапсырмасы:24 – жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып бер. Сан есімі бар сөйлемдерді жаз. Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт.
Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70 - тен аспайды.
МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мән беру керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады. Сызықша қойылмайды. Ал егерде жалғау жалғанса цифрдан кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.6 шақырым тапсырмасы:26-жаттығу.Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.1 топ---------------2 топ -----------------
Бір і --------------- бірінші лер------------
Екі сі-------------- екінші лер--------------
Үш і ---------------- үшінші лер ------------
Алты сы---------- алтыншы лар------------
Он ы--------------- оныншы лар ------------
Сергіту сәті
7 шақырым тапсырмасы: «Тез, ойлан!» ойыны1 Өзгертпе сөзді шеш 2 Сан есімдерді тап 3 Қандай сан есімдер?
8 шақырым тапсырмасы: Ребус шешу.Жаздың бір күні - қыстың мың күнін асырайды
9 шақырым тапсырмасы: Бекіту.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Мақал - мәтелді жалғастыру.1.Батыр... рет өледі. \бір\ Қорқақ... рет өледі. \ мың\2. ... атасын білмеген жетесіз. \жеті\ 3. ... рет өлшеп,... рет кес. \жеті, бір\4. Ер жігіттің... сөйлегені өлгені. \екі\ 5........ тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды.\отыз екі, қырық \ 6. Ел құлағы... \елу\ 7. Бағалау. Жинаған ұпай сандарын қорытындылау.8. Үй тапсырмасы: 25 - жаттығу. Сурет бойынша шығарма жазу
9. Кері байланыс:Нені түсіндің ?Нені түсінбедің?