Плпнирование в тему «Тап?ырлар тартысы»
Сыныптан тыс - іс шара "Тапқырлар тартысы" 1 сынып
Мақсаты: Білімділік: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе тырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың типі: жарыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, математика, дүниетану,орыс тілі,ағылшын тілі.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық
Балалар, бүгін біз сіздермен "Тапқырлар тартысы " атты интеллектуалды жарыс өткіземіз.
Жарысқа екі топ қатысқалы отыр
I. топ"Алғырлар" II. топ " Тапқырлар"
Жарыс ережесімен таныстыру. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
Жарыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру2. Сиқырлы сөздер.
3 Кім жылдам?
4. Жұмбақты шеш
5. Сын сағаты. Немесе жағдаяттар шешу?
Құрметті ұстаздар, оқушылар!"Тапқырлар тартысы " сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!
Сөз кезегін " Тапқырлар" және "Алғырлар"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)
1 - кезең: Таныстыру. 1 – топ
Ұраны:
Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!
2 – топ.
Ұраны:
Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,
Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар!
2 – кезең ."Сиқырлы сөздер"
Қазір шашылған әріптерден қай бірнеше сөздер құраса, сол топта көп ұпай болады.(екі минут уақыт беріледі).
3 - кезең."Кім жылдам" кезеңінде сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауды көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Мен бір сан ойладым, оған 9-ды қосқанда 10 шықты. Мен қандай сан ойладым?(1)
2. Үйдің мұржасы қандай фигураға ұқсайды ?
3. Текше,целиндар,конус жазық фигураларға жата ма?
4. 8 қандай сандардың қосындысынан шығады ?
5. Асқардың 10 теңгесі бар еді. Ол 6 теңгеге кәмпит сатып алды. Асқарда неше теңге қалды? 4
6. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
7. Тоқпақ сөзінде неше әріп , неше дыбыс бар?
8. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
9. ҚАРЛЫҒАШ сөзінде неше буын бар?
10. У дыбысы қай кезде дауыссыз болады ?
11. 1 л деп нені өлшейді?
12. Шопан сөзіндегі жуан дауысты дыбыстарды ата
13. Қазақстан республикасының астанасы қай қала?
14. Боран қай кезде болады?
15. Тымақ деген не?
16. Күннің пішіні қандай ?
4 – кезең. Жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту
1.Балаға ең жақын адам (ана-мама-mammy)
2.Қарбыздың ішінің түсі (қызыл-красный-red)
3.Сәбіздің түсі (қызғылт сары-оранжевый-oranqe)
4.Екіден кіші сан (бір-один-yan)
5.Үйдегі адамдар (отбасы-семья-family)
5- кезең "Сын сағаты"кезеңі бойынша әр топқа жағдаяттық сұрақ қойылады. Олар сол сұраққа ойланып, өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.
1 - топқа сұрақ: Сабақта "2" алып қалдыңдар оған ұстазың да, анаң да қатты ренжіді, сол ренішті қалай өтер едіңдер?
2 - топқа сұрақ: Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйдегілерге не айтасыңдар?
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды