Кіріктірілген о?у ба?дарламасыны? жетістіктері
left31813500
Таугистауова Зинаида Саламатқызы
Атырау қаласындағы
химия- биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік Мектебінің
биология пәні мұғалімі
Кіріктірілген оқу бағдарламасының жетістіктері
Назарбаев Зияткерлік Мектебіне мұғалім ретінде қабылданып, жұмысты бастағаннан бері өзімдегі көптеген өзгерістерді байқадым. Бұл өзгерістердің көпшілігі мектептегі жұмыс деңгейі мен қазіргі уақыттағы заман талабына сай білім беру сапасының артып, мұғалімнің білімділігіне, белсенділігіне деген сұраныстың артуы болып отыр деп есептеймін.
Мектептегі жұмыс талабы қарапайым мектепке қарағанда күштірек. Себебі мұғалімнің алдында көп шәкірттердің ішінен сарапталып келген, білімді оқушылар отыр. Ол оқушылардың сұранысы қарапайым мектептегі оқушыдан гөрі көбірек және мұғалім олардың білімді болуы үшін жауапкершілікті анық сезінеді. Себебі НЗМ –тері еліміздегі алдыңғы қатарлы мектеп ретінде халық алдындағы міндеті де жоғары, ол халықтың сенімі. Сондықтан осы ата-аналар мен оқушылардың сенімін ақтау бұл мектепте қызмет атқаратын әр ұстаздың міндеті болып отыр. Артылған жүк ауыр әрине, бірақ ел болашағы үшін қызмет ету, өз мамандығын құрметтейтін ұстаз үшін міндет.
Мектептегі оқыту жүйесінде биылғы оқу жылынан бастап, кіріктірілген оқу бағдарламасы енгізілген болатын. Алғашында әдеттегідей қорқынышпен, күдікпен басталған іс, қазір өзінің болашақта жетістікке жеткізер жолдың бірі екендігіне көзімізді жеткізіп отыр.
Бағдарлама Қазақстан мен Кембридж Университетімен бірігіп жасалған. Дүниежүзінде білімге мән беріп, білім жүйесін өте жақсы дамытқан елдер мен оқу орындары көп. Соның ішінде Кембридж Университеті де бар. Бұл білім ордасы тек қана білім берумен емес, сонымен қатар әлем бойынша орта білім беру саласында көптеген әдістерді ұсынып, сараптаудан өткізіп жүрген жетекші оқу орны.Бұл оқу орнымен 160-тай ел білім беру саласында кеңесіп, олардың жасап шығарған оқу бағдарламаларын пайдаланып келеді екен.Олар тек қана оқу бағдарламасын әзірлеу емес, сонымен қатар ұстаздардың біліктілігін арттыру жолдарын, оқушыны бағалау әдістерін жақсарту, оқушыдағы және мұғалімдегі лидерлік қабілетті дамытуға бағытталған көптеген бағдарламаларды ойластырып шығарған білім ордасы болып отыр.
Сондықтан да біздің еліміз де білімді ұрпақ тәрбиелеуде жетекші елдердің әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы білім саласын дамытуда көптеген жаңалықтарды енгізуде.
Кіріктірілген оқу бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшелігі:
* Пәндерді бір- бірімен кіріктіре отырып оқыту
* Жаңа пәндерді енгізу
* Шәкірттің тек білімді алып қана қоймай, оны өз болашағындағы күнделікті өмірде алдында кездескен проблеммаларды шешуде қолдана білуге үйрету
* Тілдік дағдыны қалыптастыру, яғни біздердегі жетіспейтін тіл мәселесі оқушының өз ойын еркін айта білу, ғылыми тілінде сауатты сөйлей білу қабілетін дамыту
* Критерийге сәйкес бағалау жүйесі
* Оқушылардың жоба жасай білу қабілеттерін дамыту
* Ғылыми сауаттылықты көтеру, ғылыми жаңалықтарды аша білу,зерттеу жұмысымен айналысып, одан қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту болып табылады.
* Оқушының өздігінен білім алу, топта және жеке жұмыс жасай білуін дамыту
* Білімін өз шығармашылығында пайдалана алу
* Сын тұрғысынан ойлай білу
* АКТ қолдану дағдыларының қалыптасуы
* Әр сабақтың практикамен ұштасып отыруы
* Жоғарғы сыныпта өзіне жақын пәнді таңдай алу мүмкіндігі
* Жоғарғы оқу орнына түсуге дайындықтың нақты болуы да қарастырылған.
Бұл бағдарламаның бұрынғы бағдарламалардан тағы бір ерекшелігі, пәнді оқытуда қайталау мен жыл сайынғы тақырыптың күрделене түсуімен ерекшеленеді. Мысалға: бұрын биология пәнін оқыту кезінде 6 сыныпта тек қана өсімдіктер мен жануарлардың құрылысына тоқталып, 7 сыныпта сол жануарлар мен өсімдіктерді топтарға жіктеп, олардың құрылыс ерекшеліктерімен танысып, 8- сыныпта адамның ішкі және сыртқы құрылысын,10-11 сыныпта жалпы биологияны оқитын едік. Бұл әдіс оқушылардың жастық деңгейіне сәйкес болғанымен, 11 сыныпты бітіріп жоғарғы оқу орнына дайындық кезі жеткенде өз қиындығын көрсететін. Себебі оқушы төменгі сыныпта оқып білгенін жыл өткен сайын ұмытып қалады. Бұл емтиханға дайындалатын оқушы үшін қиындық туғызады.
Жаңа бағдарламада бұл жағдай туындамайды. Себебі оқушы 6- сыныптан бастап биологияның негізін оқиды және оны жыл сайын қайталай отырып , тереңірек оқи түседі.
Мысалға: 7 сыныппен 8 сыныптың тарауларын салыстырсақ онда олардағы аздаған ғана айырмашылықты көруге болады.
7 сынып 8 сынып
7.1A бөлім Жасушалық биология7.1B бөлім Жасушалық цикл 7.1С бөлім Молекулалық биология7.1D бөлім Тірі организмдердің әр түрлілігі7.2А бөлім Қоректену7.2В бөлім Заттардың тасымалдануы7.2С бөлім Бөліп шығару7.2D бөлім Қозғалыс7.2Е бөлім Координация және реттеу7.3А бөлім Тыныс алу7.3В бөлім Көбею7.3C бөлім Өсу және даму7.3D бөлім Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары7.3E бөлім Селекция негіздері7.4А бөлім Микробиология және биотехнология7.4В бөлім Биосфера, экожүйе, популяция7.4С бөлім Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері8.1AЖасушалық биология
8.1BМолекулярлық биология
8.1C Тірі организмдердің әр түрлілігі 8.1D Өсімдіктердің қоректенуі
8.2AТасымалдау
8.2BҚозғалыс
8.2CКоординация және реттеу
8.3AБиосфера, экожүйе, популяция
8.3BАдам қызметінің қоршаған ортаға әсері
8.3CТыныс алу және бөліп шығару
8.4AКөбею және даму
8.4BТұқым қуалаушылық, өзгергіштік және эволюциялық даму
8.4CМикробиология және биотехнология
Сынып жоғарылаған сайын осы тақырыптар әрі қарай күрделендіріліп оқытыла түседі. Бұл оқушының бұрын оқығанын ұмытып қалмай, пәнді одан әрі тереңірек түсінуіне әкеледі.
Мысалға төмендегідей сабақтардың құрылымы сабақтың өз мақсатына айқын, әрі жеңіл жетуін қамтамасыз етеді.
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты /1/
«Биология» пәнінің мақсаты - оқушыларға органикалық дүниедегі көптүрлілік,
ондағы болып жатқан құбылыстар мен процестердің заңдары мен заңдылықтары туралы
білім мен түсінік жүйелерін беру.
Биологияны оқу оқушыларға табиғаттағы биологиялық әр түрліліктің бағалылығын
түсінуге, биологиялық үрдістердің себеп-салдарлық байланыстарын түсінуге, тірі
табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды түсіндіріп, болжауға, нақты жағдайда бағалау
және дұрыс ғылыми дәлелді шешім қабылдау үшін биология бойынша білімдерін
шығармашылық қолдануға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға тірі табиғаттың заңдары мен
заңдылықтарының мәнін түсіну негізінде қоршаған ортаның болмысын, ондағы
үрдістердің өзара байланысы мен өзара әсерін білу мүмкіндігін ұсынады.
Биология бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың біліктіліктері мен
дағдыларын қалыптастыру және дамыту келесі іс-әрекеттерге қажет:
эксперимент жүргізу үшін зертханалық жабдықты пайдалану;
табиғи биологиялық құбылыстар, үрдістер, заңдар мен заңдылықтардың мәнін
түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізу;
топпен және жеке жұмыс істеу,
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.
Алынған дағдылар оқушылар мына мүмкіндіктерді береді:
жеке бас қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын және құзыреттілігін дамыту;
әр түрлі ақпарат түрлерімен жұмыс істеу, түрлендіру және қажетті ақпаратты
таңдау;
биология бойынша зерттеу жоспарын құру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық
байланыс орнату, болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды негіздеу және
қорытынды жасау;
түрлі коммуникативтік құралдар мен электронды материалдарды пайдалана білу;
биология пәнінен алған білімдері мен дағдыларын күнделікті ӛмір тәжірибесінде
және проблемалық жағдайларды шешу үшін шығармашылық қолдана білу.
Оқушыларға ғаламшар маңыздылығы бар тақырыптарда адамгершілік аспектілерін
ең маңызды сұрақтарды талқылауда дәлелдемелер мен қорытынды құруда алынған
білімдер мен дағдылар көмектеседі, мысалы:
табиғи ортаданы сақтаудағы адамның ролі;
жергілікті және ғаламдық экологиялық мәселелер;
парниктік эффект және климаттың ғаламдық жылынуы;
биоалуантүрлілік мәселелері;
генді модифифицирленген өнімдер: мәселелер мен келешегі.
Биологияны оқу арқылы оқушылар мынаны түсінеді:
органикалық дүниенің көп түрлілігі, құбылыстардың өзара байланысы және өзара
әсері, қоршаған ортада болып жатқан биологиялық үрдістердің себеп-салдарлық
байланысы;
тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері,
олардың даму заңдары мен заңдылықтары, биологиялық ғылымды дамыту
қажеттілігі;
алынған мәліметтердің талдауы мен синтезінің, нәтижелердің алынуы мен
интерпретациясы, биология бойынша эксперименттік және зерттеу жұмысын
жүргізу кезінде жағдайды объективті бағалау үшін дұрыс қорытынды
қалыптастырудың мәні;
адамның қоршаған ортаға және тірі дүниеге әсер ету салдары, оған ұқыпты қарау
қажеттілігі;
салауатты өмір салтын жүргізудің адамның физикалық және психологиялық
денсаулығын сақтаудың негізгі ретінде мәні.
11 сыныптағы Жасушалық биология тарауында жасушаның құрылысы тақырыбы
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
•жасуша, ұлпа, мүше және мүшелер жүйесі түсініктеріне анықтама беру
•өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын топтастыру.
Осы мақсатқа сәйкес оқушылар орындай алады:
жасушалардың, ұлпалардың, мүшелер және мүшелер жүйелерінің мағынасын анықтай алады.
өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын топтастыра алады
Тілдік мақсатта:
Оқушылар :
•Тарауларға сәйкес тақырыптар бойынша жасуша, ұлпа, мүше және мүшелер жүйелерімен байланысты жеке иллюстрацияланған түйінді терминологиялық глоссарийін құрастыра алады, мысалы:
i)Жасушалар
ii)Ұлпалар
iii)Ағзалар жүйелері
•Сонымен қатар оқушылардың терминдерді ағылшын тілінде, қазақ/орыс тілдерінде жазуы құпталады.
Осы мақстатарға сәйкес Оқушылар орындай алуы тиіс…
Тірі ағзалардың көптүрлілігі
6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып 10-сынып
тірі патшалық
негізінде
классификацияға
анықтама беру
бір жасушалы және
көп жасушалы
ағзалардың сыртқы
құрылысының
ерекшеліктерін айыра
білу
таксономиялық
иерархияны білу
әртүрлі түрлерді
сипаттау барысында
бинарлық
номенклатураны
қолдану
даражарнақты және
қосжарнақты
өсімдіктердің,
саңырауқұлақтардың
белгілеріне қарай
ажыратып сипаттау
және осы класс
өкілдерін анықтай
білу
Әр жыл сайын мұғалімнің мақсаты айқын болғандықтан мұғалімге сабақ жоспарын құру да өзіндік жеңілдік береді.
Мысалға 6 сыныпта «Тірі организмдердің әртүрлілігі» тақырыбын өткен кезде берілген мақсатқа жету үшін тірі патшалық негізінде классификацияға анықтама беруге арналған тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар жеңіл әрі сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған болады.
Оқушылар топқа бөлінеді және әр топқа бірнеше жануарлардың суреттері беріледі. Сол суреттерді жүйелеу заңдылығына сәйкес дұрыс орналастырып шығады және неге олай ойлағандықтарына түсінік береді.
7 сыныпта мақсатқа жету үшін бір жасушалы ағза мен көп жасушалы ағзалардың сыртқы көрінісі анық көрінетін видео көрсету арқылы немесе суреттері арқылы олардың сыртқы құрылысын салыстырып, сипаттама беруге бағытталған тапсырмалар беріледі. Топ олардың суреттерін салу арқылы флипчарт қорғайды.
8 сыныпта бірнеше жануарлардың суреттері мозайка түрінде беріледі, мозайканы құрастыру арқылы таксономиялық иархияны құрастырып шығады немесе домино ойыны арқылы да иеархия құрастыртуға болады. Жұмыс топпен немесе жұппен жүргізіледі.
9 сыныпта бинарлық номенклатураны қолданып әртүрлі түрлерге сипаттау жасай алуды ұйымдастырамыз.
10 сыныпта даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың белгілеріне қарай ажыратып сипаттау және осы класс өкілдерін анықтай білуге бағытталған тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды ойын түрінде немесе жаңа түр тапқан саяхатшы рольінде, түрлердің суреттері мен олардың типтері, кластары, отраядтарын жазу түрінде жазылған қима қағаздарды сәйкестендіру тапсырмалары арқылы сабақтың мақсатына жетуге болады
Нәтижесінде мектеп бағдарламасын аяқтаған оқушы әр пәннен сауатты да білімді, өзіне деген талабы жоғары, өз білімін өмірде толық іске асара алатын ел азаматы болып шығары даусыз. Ал мұғалім үнемі ізденіс үстінде болатындықтан өз білімі мен біліктілігін арттыруда көп еңбектенуіне тура келеді.
Осы бағытта жұмыс жасау кезінен бері өзімдегі өзгерістер :
1. Дүниежүзі бойынша білім деңгейі ең жоғары елдермен тәжірбие алмасу нәтижесінде , көптеген оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқып үйрендім
2. Оқушыны жан –жақты дамыта білу жолдарын үнемі сабақта қолдануға мүмкіншіліктің болуы. Яғни сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен технологиялардың жеткілікті болуы мұғалімдегі сабақты түрлендіре білу қабілетінің дамуына және сабақтың мақсатына жете білуіне толық қол жеткіздім.
3. Өзге елдің мамандарымен және еліміздегі үздік білім беретін әріптестермен еркін араласып, тәжірбие алмасу дәстүрлі сабақ беруден заманға сай білім беру дағдымыздың қалыптасуына әсер етті.
4. Пәнді оқытуда оңайдан қиынға қарай , жыл сайын қайталай отырып, білімді күрделендіру өзінің нәтижелі болатындығын көрсетіп отыр. Осы әдіс сәтті ойластырылған. Егер осы жүйені нақты өзімізге бейімдеп тақырыптарды әлі де жүйелеп оқытатын болсақ, бұл әдісті барлық қарапайым мектептерге де енгізу арқылы, елдің білім деңгейін көтеруіне толықтай мүмкіндік туатындығы анық екендіне көзім жетті.
Пайдаланған әдебиеттер:
Оқу бағдарламасы Биология негізгі мектеп 6 нұсқа
ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ ӘДІСІН (CLIL) ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ Нұрақаева Л.Т., Шегенова 3.К.