Кіріктірілген саба?Ауа райы.Ауа райын болжау


Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі
Кіріктірілген сабақ:Дүниетану.
4-сынып
-1856131637693

Өткізген :Қойшыбаева Л.А
Қайбалиева Ф.Ғ
2015-16 о.ж
Күні:17.11.15
Сыныбы:4
Бекітемін ОІМ Қанатова А.С
Пәні: Дүниетану.
Тақырыбы:Ауа райы.Ауа райын болжау.
Сабақтың мақсаты: Ауа райын болжау туралы ұғым беру.Ауа райына
байланысты айтылған халықтың болжамдарымен
танысу Метеорологиялық станциялар туралы
түсіндіру.
ә) Оқушылардың өз бетімен ойларын жеткізе біліп,
қорытынды жасай білуге,білімдерін ,мазмұндау
машықтарын ауа райының маңызы туралы
білімберін дағдыландыру.
б) Оқушылардың бойына табиғатты сүю, қоршаған
ортаны қорғай білу қасиеттерін қалыптастыра
отырып тәрбиелеу
түрі:кіріктірілген жаңа сабақ.
әдісі:әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ жауап, баяндау.
көрнекілігі:суреттер, үлестірмелер,баспасөз материалдары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу ,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Ауа жердің қорғаны.Ауаны қорғау тақырыбының мазмүнын сұрау.
III.Білімді тексеру кезеңі.
Ауа қабаты қайда орналасқан ?
Таза ауаның пайдасы қандай?
Біздің елімізде ауаны қорғау үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?
IV.Мақсатын қою кезеңі.Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
Ауа райын болжау.
V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Ауа райын бақылау үшін не қажет ?
Қазақстанның жерінде не себепті ауа райы аз түседі ?
.Оқулықпен жұмыс
Ауа рай ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай күйі.Метрологиялық қызмет ауа райы болжамын жасайды.Ол жерде қызметкерлер күн сайын ауаның қозғалысын, желдің бағытын, температураны бақылап отырады.
Метрологиялық қызмет халыққа алдын ала ауа райының шуақты немесе жауын шашынды,салқын немесе жылы болатынын хабарлап отырады.Жұрттың бірі шуақты ауа райын күтеді.
Ауа райының болжамы бір тәулікке,бір аптаға, тіпті бір айға жасалады.Мұндай болжам егістікте жұмыс істейтін адамдарға, ұшқыштар мен теңізшілерге қажет.
Олар егін егу, ұшу, теңізге шығу уақыттарын ауа райын қарай жоспарлайды.
Тақырыпты тізбектей дауыстап оқыту.
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
Ауа райын қалай болжаймыз?
Ауа рай деген не ?
Ол қалай өзгереді?
Дәптермен жұмыс.
Берілген тапсырмаларды орында
VII.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
Ауа райын болжау не үшін қажет ?
VIII .Үйге тапсырма.
Мазмұндап келу.
Бағалау.