Неделя «Физики, информатики и математики»
Павлодар қаласы, «№2 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде өткен «Математика, физика және информатика» пәндер апталығы 06 ақпан мен 11 ақпан аралығында мектепте 5 -11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «МИФ әлеміне саяхат» деген тақырыпта апталықтың ашылуы өткізілді. Апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді. Жоспар бойынша математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.
07.02.2017ж. күні математика пәнінен Наманаева А.К. «Кім жылдам» деген тақырыпта 5"ә" сыныбында математикалық сайыс өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
08.02.2017ж күні информатика пәнінен Шампатова М.М «Информатика әлемі» деген тақырыпта 5б сыныбында сайыс сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
09.02.2017ж күні сабағымызды математика пәнінен «Кенгуру» интелектуалды марафон сайысы 5-7 сыныптарында Жунусова Сауле Капанқызы өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді. Интер белсенді тақтаның көмегімен оқушылар пәнге деген қызығушылығын көрсете білді.
Ашық сабақтың жалғасын сол күні Информатика пәнінінің мұғалімі Шампатова М.М 7а сыныбымен «Алгоритмдерді программалау» тақырыбында қорытынды сабақ практикалық жұмыс жүргізумен жалғастырды. Сабақ барысында СТО технологиялары, тренинг, сергіту сәті тиімді қолдана білді. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ оқушылар білімін бағалауда «білім ағашы» стратегиясы оқушыларға өте қызықты болды. Сабақ өз дәрежесінде өтті.
09.02.2017ж. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» деген тақырыпта 10 "а", "ә" сыныптар арасындағы информатикалық сайысты Досанова Г.Қ. өткізді топтары арасында өткізілген интеллектуалды шоу болды. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Үш топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті.
6"б" сыныбымен Наманаева А.К. математика пәнінен «Бір айнымаласы бар сызықтық теңсіздіктер» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай А, В, С деңгейлі болып сауатты жоспарланған.
Келесі ашық сабақты 10.02. 2017ж. күні бірлестігіміздің жас маманы Тунгатбаева А.С. 7"ә" сыныбында «Жұлдызды сәт» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді. Оқушылар теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді.
10.02.17 ж. 10 "а", "ә" сыныптар арасындар физика пәнінің мұғалімдері Досанова Гүлбаршын Қуандыққызы «МИФ ғылымына саяхат» деген тақырыпта физика, информатика, математика және әр түрлі сұрақтардаң ұсынылған интелектуалды шоу сайысын өткізді. Сайыс өте тартымды өтті. Сайысқа қатысушы оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Сайысты тамашалаушы ұстаздар да осындай мерекеге ризашылықтарын білдірді.
Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері білдірілді.
Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
Информатика пәні мұғалімі: Досанова Гульбаршин Қуандыққызы