Ішкі энергия.Ішкі энергияны ?згертуді? т?сілдері.Жылу беруді? т?рлері та?ырыбында саба? (8 сынып)


Апта: 3 Күні: 15.09 Сабақ: 3
Сабақтың атауыІшкі энергия.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері.Жылу берудің түрлері..
СілтемеБ.М.Дүйсембаев; Г.З.Байжасарова; А.А.Медетбеков; «Физика және астраномия» Алматы «Мектеп» 2012 жМАН ,2012
Жалпы мақсаты 1.Оқушылар ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін және жылу берілу механизмін түсінеді.Заттың молекулалық негізінде олардың физикалық мәнін ашып көрсетеді ..
2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
3.Топта өз-өзін және топты бағалайды.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
2.Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.
3.Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.
4.Бір – бірін бағалауды үйренеді
Сабақта туындаған негізгі идеяларБерілетін ұғымдар:
Ішкі энергия;
Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;
Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.
Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.
Дерек көздер және жабдықтар Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар.Спирт шамы,темір сым,сіріңке,қант кесегі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1-тапсырма
3 - минут Мұғалім немен айналысады Оқушылар немен айналысады
Ұйымдастыру сәті.
1.Оқушыларды түгендеу,шаттық шеңбер құру, психологиялық ахуал туғызу.
2. Топқа бөлу – термометрлердің өлшем бірліктеріне байланысты
1- топ: Фаренгейт
2-топ: Цельсий
3-топ: Кельвин Шаттық шеңберін жасайды,
Оқушылар 3 топқа бөлінді
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
2-тапсырма
5 минут Сұрақтар береді
1.Температура дегеніміз не?
2.Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз.
3. Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?
4. Жылу алмасы дегеніміз не?
5.Суретті қысқаша түсіндір?
475615113665
Ойланып,жауап береді
Біз салқын және жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі қызу қасиетіне ие бола алады. Бүл қасиетті температура деп атайды.
Т = t + 237
5763
Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолы-
мен энергияның қаттырақ қыздырыл-ған денеден азырақ қыздырылған денеге өтуі.
Сурет бойынша жауап береді
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
3-тапсырма
10 минут Электрондық оқулықты пайдалана отырып, «Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері.Жылу берудің түрлері» тақырыбындағы тәжірибелер көрсетілді,
жаңа сабақ бойынша тақырыптар бөліп береді
Талдайды, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
өз беттерінше
оқиды,талдайды,бір-біріне түсіндіреді.
Жұмыстарын формативті бағалайды – бағдаршам арқылы
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
4-тапсырма
6 минут Теориялық материалдар негізінде әр топқа тәжірибе жасау үшін қажетті жабдықтар таратылды.
Қауіпсіздік ережелері ескертілді.
1-топқа:
Қаламсапты екі алақанның ортасына қойып уқалаңдар,беттеріне тигізіңдер.Не байқадыңдар?-деген тапсырма берілді.
2-топқа:
Қантты үгіту.Қантты үгіту үшін не істедіңдер?-деген тапсырма берілді.
3-топқа:
Шаммен темір сымды қыздырамыз.Не байқадыңдар?-деген тапсырма берілді. Тәжірибелерді топта жасады.
Топта зерттеушілік әңгіме жүргізді, талқылады, бір шешімге келді. Бұл тапсырмаларды орындап,жауаптарын түсіндірді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
5-тапсырма
6 - минут Сұрақтар беріледі 1.Қыстыгүні қай үй жылы болады, ағаштан соғылғаны ма, әлде кірпіштен
соғылғаны ма? Неге?
2.Қатты,сұйық, газ тәріздес денелердің қайсысында конвекцияның
жүруі мүмкін ?
3.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе, әлде тар
аяқ киімнен бе? Неліктен?
4.Өңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен
мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?

5.Жаздыкүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті
Тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
6-тапсырма
8 минут Жинақталған материалдан постер жасау.
Тақырыптар:
1-топ : Конвекция



2-топ: Жылуөткізгіштік

3-топ: Сәуле шығару

Топпен постер жасайды, қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды. (түрлі түсті стикерлер арқылы)
Оқыту мен оқуды бағалау: Жиынтық бағалау
Топтың бірін-бірі бағалау
Рефлексия Сабақ сендерге ұнады ма?
Егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз. 
Оқушылар қолдарын көтеру арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін білдіреді.
Үйге тапсырма  Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.Жылу берілудің түрлері.
2-жаттығу № 6,7
3-жаттығу №5,6
Күнделіктеріне жазады