Урок по физику Электромагниттік тол?ындар (9 класс)
Күні: 23.01.16. Пәні: Физика Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар.
Сабақтың мақсаты: Электромагниттік толқындардың маңызы, ерекшеліктері, қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Электромагниттік толқындар және олардың қолданылуы туралы білім беру.
2. Формулаларды дұрыс пайдаланып есеп шығаруды үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс тәсілдер: Топтық жұмыс, тесттік жұмыс, физикалық диктант, сұрақ-жауап, Т кестесі, Венн диаграммасы.
Күтілетін нәтиже:
Электромагниттік толқындар және олардың қолданылуы туралы мағлұмат алады.
Формулаларды дұрыс пайдаланып есептер шығара алады.
Өзара ынтымақты қарым-қатынаста болады.
Қамтылатын модульдер: СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, жаңа әдіс-тәсілдер.
Сабақтың кезеңдері. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушылықты ояту.
(8-10 мин) 1. Оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыны анықтау, сабаққа дайындықтарын бақылау. Топқа бөлуді ұйымдастыру. Бағалау парақтарын тарату.(3 мин)
2. Тест сұрақтары арқылы. (5 мин)
1. Гректің akustikos сөзі қазақша қалай аталады?
А) тембр Ә) дыбыс Б) тон
2. Тон биіктігі немен анықталады?
А) тербеліс периоды Ә) тербеліс амплитудасы Б) тербеліс жиілігі
3) Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) тербеліс амплитудасы Ә) тербеліс жиілігі Б) тербеліс периоды
4) Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы?
А) тон Ә) жаңғырық Б) шу
5) Жиілігі 21 мың Гц –ке дейінгі жиіліктегі дыбысты қабылдай алатын тіршілік иесі?
А) жарқанат Ә) дельфин Б) ит
6) Аудағы дыбыстың таралу жылдамдығы?
А) 150 м/с Ә) 330 м/с Б) 260 м/с
7) Мектеп камертондарының дыбысы қандай нотаға сәйкес келеді?
А) ля Ә) си Б) фа
8) Күрделі дыбыстың белгілі бір биіктіктегі дыбыс жиілігі?
А) негізгі жиілік Ә) негізгі тембр Б) негізгі тон
9)Құлаққа ауыртпалық түсіретін дыбыс қаттылығы?
А) 100 дБ Ә) 130 дБ Б) 80 дБ
10) Судағы дыбыстың таралу жылдамдығы?
А) 1480 м/с Ә) 1280 м/с Б) 3800 м/с 1. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады, сабаққа келмеген оқушыны айтады, сабаққа дайындалды. Топбасшы бағалау парағын толтырады.
2. Дәптерлеріне жеке орындайды. Жанындағы адамның дәптерімен ауысып тексереді.
ІІ. Мағынаны тану. Топтық жұмыс. (20-25 мин) 1. Электромагниттік толқын туралы мәлімет беру. Джеймс Максвелл 1866 жылы электромагниттік толқындардың бар екендігін дәлелдеді. 1888 ж. неміс ғалымы Генрих Герц электромагниттік толқынның бар екендігін эксперимент жүзінде ашты.
2. Топтық жұмыс ұйымдастырады: әр топқа түрлендірілген тапсырмалар береді. Қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.
3. Есептер шығару. (3 мин)
1. Толқын көзінің тербеліс жиілігі 0,2 Гц, ал толқынның таралу жылдамдығы 10 м/с. Толқын ұзындығы неге тең? (50 м)
2. Радиотолқынның ұзындығы 30 м, оның ауадағы таралу жылдамдығы 3 м/с. Толқын көзінің жиілігі неге тең? (0,1 Гц)
3. Ұзындығы 340 м, толқынның жиілігі 4 Гц . Толқын көзінің таралу жылдамдығының анықтаңдар. (85 м/с)
4. Физикалық диктант. (2 мин)
1. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын ...................... деп атайды. (электромагниттік толқындар)
2. Электромагниттік толқын әр түрлі .......... да, ........ де тарай алады. (заттарда, вакуумде)
3. Механикалық толқындар сияқты электромагниттік толқындар да ........ тасиды. (энергия) 1. Тыңдайды. Түсінік қалыптастырады.
2. І – топ: Электромагниттік толқындардың ашылуы туралы.
ІІ – топ: Электромагниттік толқындар мен механикалық толқындарды салыстыру.(Венн диаграмасы)
ІІІ – топ: Аралас формулалардың ішінен элетромагниттік толқындарға қатысты формулаларды анықтайды және қорғайды.
3. Есептерді топ болып шығарады.
4. Жеке орындайды.
ІІІ. Ой толғау кезеңі. (8-10 мин)
Т кестесін толтыру 1. Қосымша мәліметтер береді. Сабақты қорытындылай келе электромагниттік толқындардың пайдасы мен зияны туралы білімдерін тексереді.
2. «Кері байланыс» карточкаларын таратады.
3. Бағалау парағына бағаларын қоюды сұрайды. 1. Т кестесін толтырады.(топпен)
Электромагниттік толқындардың зияны мен пайдасын қағазға жазып қорғайды.
2. Карточкаларды толтырады.
3. Топбасшысы оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
ІV. Үйге тапсырма беру.(1 мин) § 36, 29 жаттығу
Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау парағы: І топ
Топ мүшелері Тест Топтық тапсырма Есеп шығару. Физ.диктант Т кестесі Қорытынды баға
Бағалау парағы: ІІ топ
Топ мүшелері Тест Постер құру Есеп шығару. Физ. диктант Қорытынды баға
Бағалау парағы: ІІІ топ
Топ мүшелері Тест Постер құру Есеп шығару. Физ. диктант Қорытынды баға
Кері байланыс парағы:
Нені білдім:________________________________________________________
Бұл білім маған не үшін қажет:________________________________________
Не білгім келеді: _________________________________________________

№39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі
Тақырыбы: §36 Электромагниттік толқындар.
Пән мұғалімі: Өмірбеков Ғ.Ә.
2015-2016 оқу жылы