?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі ?ош бол, с?йікті ?ліппем! (1 сынып)


Қош бол, сүйікті ӘліппемТақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.Барысы:Мұғалім:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!1 - жүргізуші: Әли
Көз салып қараңызшы боймызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,Әліппемен қоштасу тойымызға.2 - жүргізуші: АйымӨтті оқу сан сабақБүгін үлкен салтанат.Оқулықпен достасып,Әліппемен қоштаспақ,Өсті білім, бойымыз.Құтты болсын тойымыз.3 - жүргізуші: МарғұланУа, халайық, халайық!Мұнда назар салайық!Бүлдіршінің ортадаҚане қарсы алайық!Оқушылар музыкамен ортаға кіреді. БАЛАЛАР ӘЛІППЕ КІТАБЫНАН ШЫҒАДЫ
1 - жүргізуші: Әли Ассалаумағалейкүм, халайық!2 - жүргізуші: АйымАрмысыздар қонақтар!3 - жүргізуші: МарғұланҚош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Енді біз өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл, әрине, Әліппенің арқасы.
1 - жүргізуші: Әли Тойымызға шашу шашайық,
Кәмпит теріп алайық.
2 - жүргізуші: АйымБелдеріңіз тек шашу жинауға ғана бүгілсің!3 - жүргізуші: МарғұланТойымызға шашу әкелген аяулы әжемізді ортаға шақырамыз!
ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.1 - жүргізуші: Әли  Достарым, біздің мектептегі ең алғаш күндеріміз естеріңде ме?2 - жүргізуші: Айым Әрине есімізде, оны қалай ұмытасың?3 - жүргізуші: Марғұлан Қане соны бір есімізге түсірейікші (осы жерде видео көрсетіледі)1 - жүргізуші: Әли  -Ал ,балалар, енді менің сұрағыма жауап беріңдерші, қазір сендер ойынды тастап, білім жолын таңдағандарыңа өкінбейсіңдер ме?Балалар: ЖООООҚ
2 - жүргізуші: Айым : Керісінше біз өте қуаныштымыз!3 - жүргізуші: Марғұлан: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.Ризамыз бәрімізді таныстырғанСөз бен дыбыс, әртүрлі әріптермен.2 - жүргізуші: Айым :Іші толы әріпкеБілімдіге жарық не?Хормен: бәріБолашаққа жол ашарОл сүйікті Әліппе!
1 - жүргізуші: Әли Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.Хормен:Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе: Армысыңдар жас достар!Армысыңдар, ата - ана!Болашаққа жол бастар,Әліппең келді ортаңа.Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйреніп, не білдік,Қане, ортаға салайық!Нұржан:
Ең алғаш қолға алғанда ӘліппеніҚызығып қарай бердім әріптерді.Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптыңҰстазым маған кілтін алып бердің
Жансая:А - ны айтқанда дауысымыз дірілдедіҰстазым көз алдымда күлімдеді.Күн сайын әріптердің атын білем,Сөз оқимын айырып әріпті енді.
1 - жүргізуші: Әли Әліппе деген даңғыл жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес, ауыр жолТырысып бақ намысқа, - деп «Әліппе» әнін шырқайтын да кез келді.ХОР. «Әліппе» әні2 - жүргізуші: Айым :Кешегі сәби балаңызЖарады міне қараңызҒылым, білім жолынаЕнді қайық саламыз.3 - жүргізуші: Марғұлан:
Мектебімнің есігінҚыркүйекте ашқанбызОқушы болып мектепкеҚуанып қадам басқанбыз
1 - жүргізуші: ӘлиБарлық әріп бағалыАйтсақ әділ бағаныӘріпсіз сөз болмайдыБуын онсыз толмайды.2-жүргізуші: Айым. Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық ,балалар!А - әрпі. СабинаМенің үшін жақсы адамАртық көрем басқадан,Апа, ата сөздеріҚайсы әріптен басталған?Н - әрпі. НұржанАс біткеннің анасыҚасиетті нан осы.Қайсы әріптен басталғанСоңғы әрпін де қарашы.
Ғ - әрпі. АйланаҰқсайды өзі шалғығаЕлестет көз алдыңа,Қане, ойланып табайықБолды екен бұл қай әріп?Р - әрпі. РауанҚырларда құр - деші,Жайылып жүр - деші.Ал енді өзің - ақР - р - р - р - деші.О - әрпі. АйымО - кәдімгі дөңгелекКетпесін ол дөңгелеп.М - әрпі.ӘлиТүйе өркешіне қарайықҰқсайды оған қай әріп?С - әрпі. МарғұланБілезікке қарайықҰқсайды оған қай әріп?Ы - әрпі. ЖанатКесе, шыны, пиялаОларсыз шай құя ма?Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
І - әрпі. МиланаІрімшікті жедің ғойТәтті екен дедің ғойОның аты біз жазғанҚайсы әріптен басталған?
З - әрпі. АсанәліҚаздан көре аласыңҚағаздан да табасыңБайқамасаң анықтапҮш екен деп қаласың.Ү - әрпі. ДанельҮйрек десе - бірінші,Бүйрек десе - екінші.Бұл қай әріп екенінБіреу айтып берсінші.Г - әрпі. НурболЕгіз десе - екінші,Сегіз десе - үшіншіБұл қай әріп екенінӨзің қарап түсінші.Ө - әрпі. ЖанелӨрікте сөздің басындаБөрікте б - ның қасында.Бұл қай әріп көріңдер,Енді айтып беріңдер.П - әрпі. Тоғжан
Ата - анаңмен барып сенПілді көрдің парктенОсы атаулар зер салшыБасталған қай әріптен?
Ә әрпі. Жансая.
Таныстырар әріппен
Мынау кітап - Әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен?Әліппе: Көп рахмет балалар,Менен білім алдыңдарӘр сөзімді жаттағанДостар үшін мақтанам.1 - жүргізуші: ӘлиҚане келе қойыңдарМұнда ғажап ойын барҚане қайда әріптерМұнда бәрін алып келӘліппенің тойындаӘркім құмар ойынға!2-жүргізуші: Айым: Ортаға 5 бала шақырылады. «Адасқан әріптер» ойынын ойнаймыз.
3-жүргізуші: Марғұлан: Әр балаға әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрауларың керек.
Асық – қ, с,а,ы. Бақа – а, б, а, қ. Вагон – а,в,н,г,о. Кітап –п,і,к,а,т. Түйе –е,т,й,ү.
Айлана Білім алып мектептеТалай пәнді оқимызШұға апайдың айтқанынЗердемізге тоқимыз.
1 - жүргізуші: Әли - Математикадан да Шұға апайдың айтқанын есте сақтап аласыңдар ма?
2 - жүргізуші: Айым- Әли, Марғұлан, математикадан білімімізді сынап көрсек қайтеді?3 - жүргізуші: МарғұланСынасақ сынайық! Ортаға Шұға апайды шақырайық!
МАТЕМАТИКАДАН ТАҚТАДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ МҰҒАЛІМ ОРЫНДАТАДЫ.
-Математикадан білімдеріңнің байғазысы ретінде Жансаяның орындауында әсем биге кезек берейік!
Жансая би билейді.
Рауан :Әліппе – білім анасыӘліппе – кітап данасыӘліппе бетін ашпағанАдамның бар ма баласы.
Әліппе:- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!3-жүргізуші: Марғұлан:Ана тілі ,ортаға келіңіз!Ана тілі:Туған елдің тілімінАқылыммен таныламТүсіндірер бәрін деАна тілі мен болам.Ана тілің – арың бұлҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте.- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!2-жүргізуші: Айым- Әліппе, біз сізбен қоштаспай тұрып, сізден алған білімді көрсеткіміз келеді.Сөзімізге құлақ түрсеңіз.
Әліппе:- Ой ,қандай керемет, рахмет.
Әли:
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Ғарышкер сөзін буынға бөл.
А әрпінен басталатын сөздер айт.
Бұл не? (алхоры)
Сиырдың төлін ата.
Айым:
Тау сөзінде «у» қандай дыбыс?
2)Әже сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3)Оқу құралдарын ата.
4)Бұл не? (керік)
5)Түйенің төлін ата.
Марғұлан:
Қазақстанның президенті кім?
Сен қай қалада тұрасың?
Туымыздың түсі қандай?
Сыныбымызда неше бала бар?
Нешінші мектепте оқисың?Әліппе:
Әліппенің бетін жарық етҰл - қызды түгел білімді етКелесі оқу жылынаАман - есен түгел жет-деп тілек айтып, -алғысымды білдіріп, сендерді куәлікпен марапаттағым келіп отыр. Ол үшін оқу ісінің орынбасары Баян Секенқызын ортаға шақырып, құттықтау сөз кезегін бергім келіп отыр!
Оқу ісі орынбасары сөз сөйлеп, марапаттайды.Әліппе:- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!Хормен:
Рахмет саған, Әліппе!- Қош сау бол, Әліппе!ХОР «Әліппе»әніСабина:Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға Ана тілін аламыз.Ата - ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!1 - жүргізуші: ӘлиБаланың да тілегі,Дананың да тілегі,Шаншылмасын ешқашан,Аналардың жүрегі.2 - жүргізуші: АйымАрманмен алыстарға аттанардаЖас оралар іркіліп жанарларғаЖүрекке жылы сөзбен тілек айтарСөз берейік әкелер мен аналарға
3-жүргізуші:Марғұлан:
-Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға да жетті!
(ата - аналарға сөз беріледі.)Мұғалім:- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп - көп рахмет! Қош сау болыңыздар!