Біз ?мірді? г?ліміз 4 класс


Сабақтың тақырыбы :  «Біз өмірдің гүліміз» әні. Б. Ғизатов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Біз өмірдің гүліміз» әні туралы түсінік беріп, жаңа шығарманы бастау.
Дамытушылық: Оқушылардың аспапта ойнау шеберліктерін, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық аспапты қадір тұтуға тәрбиелеу, оқушыларды бірлікке, татулыққа баулу.
Көрнекілігі: Домбыра аспаптары, «Біз өмірдің гүліміз» әнінің нотасы, мп3 форматын қолдайтын үнтаспа.
Сабақ барысы.
1 Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабакка дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа білімдерін қалыптастыру
Құрметті оқушылар! Біз бүгін «Біз өмірдің гүліміз» әнін үйренуді бастаймыз. Ең алдымен, бәріміз шаттық шеңберін құрайық, ортаға келіңіздер... (шаттық шеңбері арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру)
Ал енді шығарманың нотасына назар аударайық.
Ең бірінші шығарманың авторы кім екен? Иә, Бисенғали Ғизатов.
Бисенғали Ғизатов – Батыс Қазақстан облысының тумасы, музыкатанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Шығармалары:
-Домбыра үйрену мектебі (Л.Хамидимен бірге) Алматы, 1983 жыл
-Мектепте ән-музыка сабағы, Алматы, 1994 жыл
-Абай и музыка, Алматы 1995 жыл, т.б.
Біз енді «Біз өмірдің гүліміз» әніне көшейік.
Шығармаға музыкалық талдау жасату (дәптермен жұмыс)
Аспаппен жұмыс (шығарманы үйрету)
11049071120
30099080010
4. Жаңа білімдерін бекіту.
Шығарманы орындап беру.
Сергіту сәті: Музыкалық ойын. (әуенді табу)
Біз өмірдің гүліміз әнінен не ұғуға болады?
Ән көңілді ме?
Оқушылармен жеке-жеке жұмыс жүргізу
Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу.
5. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін көңілді шығарманы үйренуді бастадық. Ән көңілдеріңізден шықты ма? Ендеше, еңбектену арқылы музыкалық қоржынымызды көбейте берейік.
6. Үйге тапсырма: Әнді үйрену, жаттау
7. Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды.