?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі ?ліппе-білім бастауы
Мақсаты:
Оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру.Оқушыларды ғылым
дүниесінің бірінші баспалдағы «Әліппенің»рөлі және маңызымен жете таныстыру.
Ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу. Оқушылардың кітап оқу
шеберлігін, тақпақ айту мәнерін, есепке жүйріктігі мен өнерлерін тамашалау.
Көрнекілігі: шарлар, плакат, нақыл сөздер
Ғылымменен ұласқан,
Жас балаға нұр шашқан
Әліппе – кітап тіл ашқан
Бар білімнің бастауы.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Кеше ғана алаңсыз
жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы
азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп
отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын! Енді қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Білімдеріміздің артып, сөз байлығымыз молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Ендеше 1 сынып бүлдіршіндерін қарсы алайық!
1-О.: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
2 О: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
БИ: «ВАЛЬС»
МҰҒАЛІМ: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
ХОРМЕН: Болашаққа жол ашқан
Ол-сүйікті- Әліппе!
МҰҒАЛІМ: Олай болса, бәрімізге қымбат дос, «Әліппені»ортаға шақырайық!
ХОРМЕН: «Әліппе», «Әліппе» (Әліппе шығады)
Әліппе: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар, ата-ана
Болашаққа жол бастар,
«Әліппең» келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім –көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Кане ортаға салайық!
Ән: «Әліппе»
МҰҒАЛІМ: Сенің нұрын сөнбесін,
Ашық аспан, жарық күн
Келешегі сөйлесін
Қазақ деген халықтың
БИ: «Орындық» биі
3 О: Әліппем, менің Әліппем
«А» деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен
ӘЛІППЕ: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Балалар, мен бүгін сендердің мені қаншалықты меңгеріп алғандарыңды білу үшін
бірнеше тапсырма сұрақтар әкелдім. Соны орындап көрейік!
1 сұрақ: Балалар, біздің қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42
2 сұрақ: Біздің Президентіміз кім? Н.Ә. Назарбаев.
3 сұрақ:Дыбыс нешеге бөлінеді? 2. Дауысты, дауыссыз.
ӘЛІППЕ: Балалар, менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге
көп-көп рахмет, өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балаларды көріп қатты қуанып
тұрмын. Сау болыңдар. Енді сендерге өзімнің ағам- Ана тілін жіберейін!
4О: Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді танып келем мен с
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет.
ХОРМЕН: Рахмет саған Әліппе!
Қош бол құтты Әліппе!
КӨРІНІС: «Оқушы мен кітаптар». Дүниетану, математика, оқушы, дәрігер.
МҰҒАЛІМ: Оқушылар біздер оқулығымызды кірлетіп, жыртып ұстаймыз ба?
ОҚУШЫЛАР: Жоқ, күнде таза ұстаймыз.
МҰҒАЛІМ: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ендеше Ана тілін қарсы алайық.
АНА ТІЛІ: Қымбатты балалар! Мен сендерді жақсы оқуға, сауатты жазуға
үйретемін.
5 О: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес алыс жол
Тырысып бақ намысқа
6 О: Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
МҰҒАЛІМ: Құрметті Ана тілі төрлетіңіз, балалардың өнерін бірге тамашалайық!
МҰҒАЛІМ: Мектепте кімдер оқиды?
ХОРМЕН: Біз
МҰҒАЛІМ: Бақытты балалар кім?
ХОРМЕН:Біз
МҰҒАЛІМ:Осындай бақытты тұрмысқа жеткізген кім?
ХОРМЕН: Отан, Ата-ана, Мектеп, Мұғалім, Әліппе.
Көрініс: «Кірпі, қоян, аю, түлкі»
КІРПІ: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Кане отырыңдар!
Біз сабақты бастаймыз
Қайталаудан аспаймыз
Кане, қоян, ойланып,
Екіге үшті қоса ғой
Білмедім мен шешуін...
КІРПІ: Қос көрінер қорыққанға
Қорқу деген жаман іс
Екіге үшті қосқанда
Шығады міне үлкен «5»
Енді түлкі сен айтшы
Өнеріңді көрсетші
Екіге екіні қосқанда
Не шығады тез айтшы
Түлкі (дәптерін ақтарады)
КІРПІ: Дәптерге өйтіп қарама
Алдауға бізді бола ма?
Аспай-саспай ойланып
Шешуін тап ойланып
Түлкі қолын санап, «4» дейді.
КІРПІ: Дұрыс, түлкі. Мен саған бес қоямын
Ал аю үшке үшті қосқанда неше болады?
АЮ: Үшті үшке қосқанда: у-у-у
КІРПІ: Міне осындай тапқыр болыңдар,
Ақылды да күшті болыңдар
Сабақ бітті осымен
Сау болыңдар, достарым.
Көрініс : «Жайлаудағы оқиға»
БИ: «Ковбой» қарсы алыңыздар!
Көрініс: Қойлар.
Оқушылар мен ата-аналарды марапаттау рәсімі: Ата-аналарға алғыс хат.
МҰҒАЛІМ: Айналайын, гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің
Балдан тәтті бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар!- дей келе бүгінгі Әліппемен қоштасу ертеңгілігі аяқталды. Аман-саулықта кездескеше ,сау болыңыздар!
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Ақмырза орта мектебі
Өткізген: Куринбаева Г.А.
2014-2015 оқу жылы