?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі ?ліппе-білім бастауы 1-сынып
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр мектеп-лицейі
ертеңгілік
Мұғалім: В.А.Кыдырбаева
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың қабілеттерін, икемділіктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата - аналарға балалардың 3 – 4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, Елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе, Ана тілі оқулықтарының мұқабасы, нақыл сөздер, шарлар, фотомонтаж,слайдтар.
Барысы:
Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн! Оның ерекшелігі сол – 1 А лицей сынып оқушылары өздерінің алғашқы әрі сүйікті оқулығы Әліппемен қоштасқалы отыр. 4 ай бұрын олар мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары Әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше? Қазір олар бойлары да, ойлары да толысқан, әр бетін қызыға тамашалаған Әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез келген әңгіме, ертегілерді өздері оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар!
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,1 «А» лицей сыныбын ортамызға.
«Мектебім» әнінің әуенімен 1 а сынып оқушылары ортаға келеді.
Мұғалім:Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, ендігі сөз кезегін
1 а лицей сыныбының оқушыларына ұсынамын.
1-жүргізуші: Бала шақтан болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
1-жүргізуші: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне Әліппемен қоштаспақ
Сауаттанып кешегі сәби-еркелер.
2-жүргізуші: Бүгін біздің сынып оқушыларының қуанышында шек жоқ.
1-жүргізуші: Себебі, біз тұңғыш рет қолымызға ұстаған, алғаш хат танып, сауатымызды ашқан досымыз – Әліппемен қоштасамыз.
2-жүргізуші: Ертеңгілік барысында 1-ші А лицей сынып оқушыларының аз уақыт ішінде
алған білімі мен өнеріне куә боласыздар.
1-жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппеміз қоштаспақ.
2-жүргізуші: Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған.
Екеуі:Өсті білім, ойымыз,
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
2-жүргізуші:Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім!
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Жаннұр! Мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің
атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
2-жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың
мектепке арнаған жырларын тыңдайық!
Ерасыл Қасым : Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға.Мектеп деген даналардың мекені.
Диана К:Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Гүлден:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі.Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.
Ернұр: Мектебім – алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
1-жүргізуші: Алтын ұя мектебімізге арнап «Аяулы мектебім» әнін Балғабай Досболдың
орындауында тамашалайық!
Ән: Мектебім. Балғабай Д.
Аяжан:Іші толған әріпке,
Оның аты – Әліппе.Білімдегі жарық не?
Оның аты – Әліппе.
Таза ұста, дәріпте,
Себебі ол – Әліппе.
Болашаққа жол ашқан,
Рахмет саған Әліппе!
1-жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе келіп ән айтады.
1-жүргізуші: Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден
кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету – біздің міндетіміз.
2-жүргізуші:Әліппе, сіз – бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Досбол:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Кәусәр:Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
Қасиет:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріп те,Оқимыз қазір ертекті,Үйреткен оны Әліппе!
Ақмаржан: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Шыңғыс:Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!
1-жүргізуші: Әліппе досымыз, Жарылғап Гүлденнің орындауындағы би өзіңе арналады.
Өзбек биі. Жарылғап Г.Рауан: Ата – апа атын сен,
Бізге үйреттің – ӘліппеБізге нағыз жақынсыңСенен білдік әріпті.
Динара: Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
Диана Т:Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да.
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе
Өркен: Әліппем, менің әліппем!«А» деген бастап әріптенСөз құрап жаза бастадымТақылдап таңба танып мен.
Әліппе: -Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын. Амал қанша қоштасуға тура келеді. Өйткені сендермен достасуға «Ана тілі» асығып келеді.
Ана тілі: -Армысыңдар, жас достар! Бүгінгі думанды кештерің құтты болсын! Осы қуанышты
сәтті мен тағатсыздана күткен едім. Егер қатесіз, шапшаң оқитын болсаңдар, мені игеру аса қиын емес.
Туған елдің тілімін,Ақылыммен танылам.Түсіндірер бәрінеАна тілі мен боламАна тілің – арың бұлҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте.
1-жүргізуші: Ана тілі достым, қош келдіңіз!
2-жүргізуші:Балалар, ендігі сендердің жаңа достарың – Ана тілі. Сондықтан Әліппені қалай жақсы меңгерсеңдер, Ана тілін де солай жақсы меңгеруге уәде бересіңдер ме?
1-жүргізуші: Олай болса, жаңа досымыз – Ана тілінің құрметіне бала Жамбылдың «Тілдің жайы
жөргектен» өлеңін Ерасылдың орындауында тыңдаңыздар!
2-жүргізуші:Ана тілі, Досболдың орындауындағы «Қасиетті домбыра» әні де бір өзіңе арналады.
1-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.Ата – ана, қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп, шықты міне, балаңыз.
2-жүргізуші: Қош, әліппем, биіктеткен асқарғаҚанат берген шарықтауға аспанғаҚоштассақ та ұмытпаймыз өзіңдіТапсырамыз іні, қарындастарға
Әліппе:Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанамРахмет айтып шаттанамРиза болып аттанамАттанатын жолым барОқумен өсіп толыңдарАман-есен болыңдар!
Хормен:Қош бол, құтты Әліппем!
Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»
1-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі
шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Данияр! Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал
тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1-жүргізуші: Олай болса, келесі өнерімізді ұстаздарымызға арнаймыз.
Гауһар:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып ол береді.Қанатымен су себелеп асыл жан,Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Диана Т: Жарық күннен жылы жүзің елестер,Құлағымда өзің берген кеңестер.Жанарымда алыс тартқан қара жол, Көз жұмсам да көретұғын белестер.
Арайлым: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,Басталған ақ батаңнан жас талабым.Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Асылай: Мұғалім – ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың, даналардың.Өмірде сенің алар орыныңа,Бірі де жете алмас бағалардың.
1-жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің,Енді аяңдап қонақтарға келейін.Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,Сөз кезегін қонақтарға берейін.
2-жүргізуші: Құрметті Қаламқас апай, қош келдіңіз!
1-жүргізуші:Өзіңізді мақтан етіп біз жүреміз. Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз, Сөз береміз құрметпен өзіңізге, Енді бізге арналсын тілегіңіз.
2-жүргізуші:Білімдінің күні жарық, білемін
Әрқашанда соны ойға алып жүремін.
Тыңдайықшы мектеп үшін тер төккен
Інжу, Үміт, Сән апайлардың тілегін.
1-жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігіміздің құрметті қонақтары – мектебіміздің директоры Қаламқас Қалиқызына, директордың орынбасарлары Інжу Өтегенқызы, Үмітхан Әмірқызы және Сән Нұржігітқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Аяулы ұстаздарымызға арналған «Ұстазым менің, ұстазым!» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Ұстазым менің, ұстазым» Ерасыл Қасым: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Мағжан: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,Ақылға келе алмадық ерте көніп.Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Алихан: Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір сыныптың ұлы менен қызымыз.
Бірге жүріп оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
1-жүргізуші:Бүгінгі осынау қуанышты мереке сыныптасымыз Динараның туған күнімен тұспа тұс келіп отыр.
2-жүргізуші: Туған күнің бүгінгі
Құтты болсын Динара!
Тани алмай әріпті
Жүруші едік қинала.
Енді міне қырық екі
Әріпті де меңгердік.
Тілек жазып біз саған
Сый жасауды жөн көрдік.
1-жүргізуші:Туған күнде осынау
Бишілерім алға шық.
Мерекеміз мерейлі
Кетсін биге жалғасып.
2-жүргізуші:Бүгінгі туған күн иесі Динара сыныптасымызды құттықтап, оған келесі биді
арнаймыз! Қабыл алыңыздар!
Би: «Туған күн»
2-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз.
Қатарымыздың теңі болып, тамағымыздың тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол
кісілердің арқасы.
1-жүргізуші: Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, Данияр! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек,
ата-ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Ерасыл Қарж: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Дария: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Мансур:Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Гауһар:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем, еңбек етем,Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
1-жүргізуші: Қымбатты ата-аналар! Ендігі ән - шашуымыз сіздерге арналады.
Хор: «Ата-ананы тыңдаймыз!»
2-жүргізуші:Аяулы ата-аналар, балаларыңыздың өздеріңізге арнап дайындаған тапсырмалары бар. Ендігі кезекте экранға назар аударып, оқушылардың не туралы айтқанын тез тауып айтуларыңыз керек.
Оның үстінде тәртіпсіздік жасауға болмайды. Ол болып жатқан кезде барлығы тыныш отырады, тыңдайды, жазады. Бір күнде біздің сыныпқа оның төртеуі немесе бесеуі болады. (Сабақ)
Оған жазуға, сурет салуға болмайды. Кейбіреуі онда басын қойып, ұйқтап та қалады. Онда бір немесе екі оқушы отырады. (Парта)
Оған келместен бұрын оқушы жазу да жаза алмайды, оқи да алмайды. Осыған келіп, оқушы осыны үйренеді. Оның әрбіреуінің жетекшісі бар. (1-сынып)
Оны сабақта да, үйде де жазу кезінде пайдаланамыз. Кейбір балалар оның ішін бояп қояды. Кейбіреулері тап-таза етіп ұқыпты ұстайды. Сыртында әр оқушының аты-жөні жазылып тұрады. Оның түрлері көп. Торкөз түрін математика пәніне пайдаланамыз.
Ол жазда, күзде, қыста және көктемде болады. Ол кезде қыдыруға, теледидар көруге, кітап оқуға болады. Мен оны өте жақсы көремін. Асыға күтемін. Оны тіпті әкем мен анам да тағатсыздана күтеді. Әсіресе маған жаздағысы қатты ұнайды. (каникул)
Ол кез келген мектепте болады. Мектеп өмірінде оған тіпті директордың өзі де бағынады. Оны біздің мектепте кейде күйдің әуенімен жібереді. (қоңырау)
1-жүргізуші: Бәрекелді, ата-аналар!
2-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
1-жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін,Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін әліппе сырын ұқтырған алғашқы ұстазымыз Венера Әлкеқызына береміз!
Ұстаз тілегі:Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,Сенімдердің айналыңдар серперіне.Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,Тек сәттілік шәкірттердің ертеңіңе.
Қымбатты шәкірттерім! Сендердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын!Бүгінгі кештен естелік ретінде сіздерге 1-сыныпта түскен фотоларыңыз бен балаларға арналған кітапты сыйға тартамыз.
2-жүргізуші:Ата-аналар атынан Жемісгүл анамыздың орындауындағы «Атамекен» әнін қабыл
алыңыздар!
1-жүргізуші:Осымен бүгінгі әліппемен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.
2-жүргізуші:Тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!