Ерте?гілік ?ліппемен ?оштасу 1-сынып
Тақырыбы : «Қош бол, құтты әліппем !»
Мақсаты : 1. Оқушылардың төрт ай бойы әліппе оқулығы арқылы алғанбілім-білік дағдыларын тексеріп, көрсету.2. Оқушылардың тілін, дүниетанымын, оқуға деген қызығушылы-ғын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын молайту.3 .Білім нәрін беріп, саутын ашқан алғашқы оқулығы әліппегеҚұрмет көрсетуге тәрбиелеу.Көрнекілігі : Безендірілген кабинет, интерактивті тақта, музыка, нақылСөздер, электронды оқулық, газеттер.
Әдіс- тәсілі : сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық
Өтілу барысыІ. Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды ертеңгілікті өткізуге даярлап алу.Музыкамен ортаға шақырып алу.Мұғалімнің сөзіҚұрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар !Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндеріңіз бүгінде бойларында жауапкершілік сезімі пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып, тағы бір жасқа есейіп отыр. «Әліппе» – бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.Бүгін сіздердің алдарыңызда шәкірттер 4 ай бойы әліппеден және басқа пәндерден оқып, тоқығандарын көрсетпек.
ІІ. Негізгі бөлім1- ЖүргізушіАрмысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер мен қонақтар!2- ЖүргізушіАрмысыздар, аналар,Бармысыздар, балалар !Сөзіме құлақ салыңыз,Әліппеге арналмақ.Бүгінгі ән-жырымыз.1- Жүргізуші :Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппе оқулығын бітірдік.2- ЖүргізушіОлай болса бүгінгі «Қош бол, сүйікті әліппем !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1- ЖүргізушіАйтыңдаршы, балаларБолашаққа жол ашарІші толған әріпке,Білімдіге жарық не ?Балар хормен :Ол – сүйікті «Әліппе » !Ол – сүйікті «Әліппе » !2- ЖүргізушіЕндеше, бәрімізге қымбат «әліппені » ортаға шақырайықБалалар хормен : Әліппе, әліппе, әліппе ( әліппе кіреді )Балалармен хормен : Сәлеметсіз бе, әліппе ?Әліппе :Армысыздар, жас достар !Армысыздар, ата-аналар !Болашаққа жол бастар,Әліппең келді ортаңа.Менің атым – ӘліппеМені анаңдай дәріптеМені оқып ержеткенБауыржан да, Мәлік те.Балалар, мен сендермен төрт ай бойы бірге жүрдім. Бар білімімді, күш жігерімді сендерге арнап, сауаттарыңды аштым. Енді мен сендермен қоштаспақпын. Мен бүгін сендерге жалғыз келген жоқпын. Өздеріңмен мектепті бітіргенше қатар жүретін математика, дүниетану оқулықтарын ерте келдім. Балалар, енді ата-аналарға , ұстаздар мен қонақтарға төрт айы бойы менен не үйренгендеріңді көрсетіңдерші.1- Оқушы :Біз оқуды, жазуды үйрендік. 42 әріпті түгел жаттап алдық.2- Оқушы :Жаңа сөздер, сөйлемдер, мәтіндер, өлеңдер, жұмбақ, мақал, жаңылтпаштар оқып жаттадық. Мәтін оқиды.3- Оқушы : Өлеңді жатқа айтады. Мерей.4- Оқушы : Жұмбақ айтады. А.Айжан, Сандуғаш, Бексұлтан, Ақторғын, Айшуақ, Ерлан5- Оқушы : Жаңылтпаш айтады. Б.Ұлпан. О.Айжан6- Оқушы : Мақалдар айтады Мөлдір, АружанОқығанды айтпа, тоқығаныңды айт.Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.Жердің сәні- егін, ердің сәні- білім.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.Өнер ағып жатқан бұлақ, білім-жанып жатқан шырақІлімнің басы- бейнет, соңы-зейнет.7- Оқушы : Тақтаға сөздер жазады. Ана, әке, ұстаз, отан, біреуіне сөйлем құрайды.2. Әліппе. Жарайсыңдар, тағы менің сұрақтарым бар.А) Дыбыс деген не ? Әріп ше ?Ә) Дыбыс нешеге бөлінеді ? Айырмашылықтарын айтБ) Дауыстылар нешеге бөлінеді ? Ал, дауыссыздар ше ?В) Қанша дыбыс пен әріп үйрендіңдер ?Г) Қолдарыңдағы әріптерді мына қызыл мен көк үйлерге бөліп орналастырыңдар.8- оқушы : Бұл білімнің бәрін бізге сіз үйреттіңіз. Біз сізге шексіз ризамыз.9- оқушы :Ата,апа атын сен,Бізге үйретті «Әліппе»Бізге нағыз жақын сен,Сенен білдік әріпті. 10- оқушы :Үйретті бізді әліппе42 дербес әріпкеСөз, сөйлем құрап әріптен,Лайық болдық дәріпке.11- оқушы :«Әліппем» менің «әліппем»,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.12- оқушы :Әліппем менің әліппемӨмірді келем танып менҚайталап айтам мың ретХормен: Өзіңе көп рахметХор : Әліппе1- Жүргізуші«Әліппе» даңғыл жол аштыЖаңадан пәндер жалғасты…. демекші әліппемен келген пәндерге сөз кезегін берейік.2- жүргізуші :Еңбек білім мәнінде,Есептейін бәрін де.Сөз береміз ардақтап,«Математика» пәніне.Математика :Сәлемет пе достарым,Сабағы боп жоспардың.Төрт амалды қолданғанМатематика достарың мен боламын.Балалар, мені әліппе сияқты төрт ай бойы оқыдыңдар. Мені қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.А) Кім маған санамақ айтып береді ?Ә) 1-10 дейін оң және кері кім санап береді ?Б) 3+6, 10-6 өрнектері қалай оқылады ? Мәнін тап.В) 5 санының, 7 және 9 сандарының құрамдарын атаГ) Бақшаға, жақсы ағаКөп ойыншық келді алып.Бір балық, екі ешкі,Үш үйрек, төрт түлкіБарлығы қанша ойыншық ?Оң қолымда екі шарСол қолымда үш шарБарлығы қанша шар?Хор : Есеп сабағы1- жүргізуші :Табиғатты сүю- парыз,Сүю үшін күю парыз.Қасиетін ұғу- парыз,Қамқорлыққа алу парыз.2- Жүргізуші :Айналамыздағы дүниені, құбылыстарды танытатын дүниетану пәніне кезек берейік.ДүниетануСәлем достар!Айнала қандай тамашаКөз салып оған қараса,Әйнегі- күн, шатыры- аспан.Кең дала… Төсі шалқыған егінКөлдері көкке күмістер шашқан,Асыраушы- жер анам, меніңБалалар табиғатты, айналадағы дүниенің қыр –сырын, құбылыстарын мен арқылы оқып танысып жатырсыңдар. Кәне ,оқып білдік ?А) Табиғат деген не?Ә) Табиғат нешеге бөлінеді?Б)Неше жыл мезгілі бар?В)Жыл мезгілі жайлы тақпақтар айтуГ)Табиғат құбылыстарын ата?Ғ)Өсімдіктер нешеге бөлінеді?Д)Отанымыз қалай аталады?Хор: ОтанӘліппе:Балалар,мен сендерге ризамынЖер бетінде адам өмір өткізерБар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімнен аспанға жол салар.Білім теңізіне салған кемелерің өрге жүзсін дей отырып, мен сендермен қоштаспақпын:Маған әліппе оқулықтарыңды қайтарып берсеңдер. Мен келесі жылы мектеп табалдырығын атайтын балаларға жол жүрмекпін.(Әліппені әр оқушы сүйіп, пәндерге тапсырады.) Қош болыңдар балалар, мені ұмытпаңдар. (Қол бұлғап сыныптан шығады)Музыка ойнайды.1-жүргізушіКеше сәби балаңыз,Жарады, міне қараңызҒылым білім жолынаЕнді қайық саламыз.2-жүргізушіУа, халайық,халайық!Мұнда назар салайық.Әліппеге арналғанМерекені бастайық.1- ЖүргізушіҚымбатты қонақтар біздің біліміміздің қаншалықты екенін байқап көрдіңіздер. Ендігі кезекте өнерімізді тамашалаңыздар.2- Жүргізуші :Әліппе оқуғаҮйреткен әр күніҮйретіп санаудыКөп еңбек сіңіргенКім атын атай ғой ?Хормен : Ол біздің мұғалім апай ғойӘн : Мұғалім – ол біздің. Ұлдар тобыБи : Қара жорға2-жүргізушіЕл жатқанда жатпаған,Мен деп тыным таппағанБақыты үшін балаңныңАман сау жүр ақ мамамӘн: Аналардың тілегі. Орындайтын АйжанБи : Кукарела1-жүргізушіМектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам.Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерекТамырланып, сан тарапқа тарағанӘн. Мектебім. Қыздар тобы2-жүргізуші :Көрініс : Мақтаншақ1-жүргізушіБи : Теңізшілер2-жүргізушіШығыс биіОсымен «Қош бол, сүйікті әліппем » атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
1-жүргізушіКөңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Ендігі сөз кезегі апайымыз Жазира апайда. ІІІ. Қорытынды бөлім.
Ертеңгілікті аяқтап, мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беру, оқушыларды құттықтау сыйлықтар тапсыру.