Ерте?гілік 1-сынып ?ліппемен ?оштасу


Сабақтың тақырыбы: «Әліппеге рахмет!» ертеңгілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту. Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауға үйрету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: «Әліппеге рахмет!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышынды  сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.
Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)
Сиқыршы қыз: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы қыз:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектептің 1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!
Сиқыршы қыз: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім: Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңыз.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппеге рахмет!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
 Әліппені бітірді балаларым,
 Әліппеден нәр алған даналарым.
 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
 Құтты болсын білімі балалардың,
 Ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Жания
  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бибінұр
 Көз салып қараңызшы бойымызға
 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
 Әліппемен қоштасу тойымызға.
 Мұғалім:
 Өсті міне бойларың,
 Өсті ақыл – ойларың.
 Қуанышқа ортақпын,
 Құтты болсын тойларың!
 -    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
 Іші толы әріпке,
 Білімдегі жарық не?
 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,
 Ол сүйікті Әліппе!
 Мұғалім:
 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
 Хормен:  Әліппе, әліппе, әліппе
 Әліппе:
 Менің атым -  Әліппе,
 Мені анаңдай дәріпте.
 Мені оқып ер жеткен,
 Аған менен әпкең де.
 Армысыздар жас достар!
 Армысыңдар, ата-ана!
 Болашаққа жол бастар,
 Әліппең келді ортаға.
 Мерекеңмен құттықтаймын
 Бүлдіршіндер, балғындар!
 Не үйреніп, не білдік Кәне ортаға салайық.
 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
 Қарақат: Талабы биік таудаймыз.
 Жания: Мың бұралған бишіміз.
 Бибінұр: Біз шеберміз.
 Амина: Ақылдымыз.
 Алау:Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
 Бақберген: Көп оқимыз.
 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.
Сиқыршы қыз: мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?
Балалар:Ойнаймыз.
 Сиқыршы қыз: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.
Сиқыршы қыз:1.Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар,көжекте жоқ. («Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде»
Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
4.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
5.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
6. Ешкіде бар, қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Сиқыршы қыз:Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Сиқыршы қыз: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Хормен: Ия
Сая
Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Бақберген
Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Амина
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Досымжан
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Бибінұр
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе менде ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш әлім
Биікке самғап ұшамын
Хормен: «Алғашқы ұстазым» әні
Айым
Жақсы кітап әліппе,
 Үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
Олжас
Іші толы әріпке,
Мынау айбат әліппе
Барлық ілім, білімнің
Әжесі осы әліппе
Жания:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
Хормен: «Әліппе» әні
 Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Мерей
Әә деп ұзақ айтамынӘә деп үйге қайтамын
Әкем, әжем, тәтеме
Әдемі ән айтамынҚарақат
Ғалым болып аламын,
Ғаламға да барамынҒылым, білім- ілімдіҒибрат еткен баламынАлау
Ыдырыс-ау, Ыдырыс.
Алдыңда үлкен бұрылыс
Жол тәртібін абайлаАртыңда үлкен құрылыс.
Бақберген
Ұлар, ұлар, ұлармын
Ұшқырлыққа құмармын
Ұлы сөздің басындаҰ әрпі болып тұрамын
Олжас
Фарида мен Фатима -фотоопарат алыптыФархад пенен Фатима
Фермаларға барыптыСая
Ілияс-інім, Інжу сіңілім
Інім-ілімді, сіңілім-білімді.
Шыңғыс
Алфавитті білдік бізОнда жүйе қалып бар.
Бізідің қазақ тілінде42 әріп бар
 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен:   Біздерге білім үйреткен,
 Әліппе, саған рахмет.
 Мұғалім:
 -    Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
 Оқушылар: Математика, ағылшын тілі, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу,өзін-өзі тану.
 Әліппе:  Ретімен тізбелі Әрбір санды даралап,
 Қайсың барсың бізге енді Айтып берер санамақ?
Санамақ айтайық
Бақберген
1 дегенім- бесік,
 Шықтың содан өсіп.
Сая
 2 дегенім – елім,
 Далам, тауым, көгім.
Досымжан
 3 дегенім – үміт,
 Үміт артар жігіт.
Қарақат
 4 дегенім – төзім,
 Төзе білем өзім.
Айым
 5 дегенім – бақыт,
 Бағалайтын бақыт.
Бибінұр
  6 дегенім – ақыл,
 Тыңдағаның мақұл.
Мерей
7 дегенім – жалау,
 Жүректегі алау.
Амина
8 дегенім – сөзің,
 Серт беретін кезің.
Шыңғыс
9 дегенім – тоқтау,
 Елдің жоғын жоқтау.
Алау
10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Әліппенің тапсырмаларын орындау.
 Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
 Ән бимен шашу шашылсың
 Мың бұралған бишелер Бименен кешті жалғасын.
Қыздар тобының орындауында «Асатаяқ» биі.
Математика: Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан
                          Математикаға  орын  берсең  басыңнан
                           Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,
                           Досың  солар  табылатын  қасыңнан
-Ал  енді «Математика қоржынынан» тапсырмалар орындайық.
Бақберген:
 Әліппені бітіріп,
 Бала болдық  ақылды.
Қош бол, құтты Әліппем,
 Көп нәрсені үйреткен!
 Бибінұр:
 Әліппемен қош айтысып қаламыз,
 Енді қолға ана тілін аламыз.
 Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
 Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Сиқыршы қыз  мен балалардың  сауаттылығын тағы бір тексерейін менімен бірге «Ұйқасын  тап» ойынын  ойнайық,әрі  жұмбақтың  шешуін  табайық.
1)Құйрығы  сүйір,
Алаботаға  үйір 
Оның  аты... (Сиыр)
2) Тастан  тасқа  секірген ,
Шұнаңдап  ойнап  есірген
Құйрығы  келте  шұнақ, 
Оның  аты ...  (Лақ)
3)Теңбіл  түсті  ,өзі  ширақ ,
Ұзын  мойын, ұзын  сирақ,
Білгің  келсе ,аты оның ...(Жираф)
4)Тоны  түкті, түрпі,
Оның  аты - ... (Кірпі)
Сиқыршы қыз: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдым. Менің сендерге сыйлықтарым бар.(Сыйлықтарын беру)
Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!
Балалар: Қош, болыңыз, Сиқыршы қыз!
 Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
 Хормен: "Туған жердей жер болмас" әні
 Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.
 Кір шалмасын беттерін,
 Таза болсын оқулық пен дәптерің.
 Оқығандарын есте болсың,
 Күнделіктерің 5-ке толсын!
 Хормен.Әліппе мен ұстазға
 Бас иеміз құрметпен.
 Хормен: « Рахмет, саған Әліппем»  әні
Хормен «Айналайын» әні
  Мектеп басшыларына сөз беріледі.
 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар Сөз берейік әкелер мен аналарға.
 Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
 Балалардың есімі әулеттерге таралар,
 Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
 Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар. (Аналар шашу шашады)
 -    Уақыттарыңызды бөліп қуашымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
 -    Қош сау болыңыздар!