Ерте?гілік ?ліппемен ?оштасу (1 сынып)


Тақырыбы: Әліппемен қоштасу
Мақсаты:
Сауат ашу сабағынан алған білімдерін бекіту
Ойлау қабілетін, зейінін дамыту
Таңдану, қуану көңіл-күйлерін жасай отыра коммуникативтік қабілеттерін дамыту.Тіл мен әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту;
Ұжымда достық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: карточкалар, ребустар, суреттер
Мерекенің жүрісі:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, атаналар! Бүгін сіздер бірінші сынып шәкірттерінің «Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Құрметті қонақтар, бұл балаларыңыздың қолдарына алғашқы рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бұл кітап, білімге бастайтын алғашқы жол. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан
«Әліппе» - білім бесігі!
«Әліппе» - жеген алтын жол,
Апарар сен алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол.
Тырмысып бақ намысқа.
Қош бол, құтты, «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөлеттің.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
Мынау әйбат Әліппе
Іші толы әріпке
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылған,
Жаттап өттім ұстазымның есімін.
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»,
Қызығып, қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғалім:
Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын,
Шам-шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар –«Әліппең»....
деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.
Ортаға Әліппе, Ана тілі оқулығы шығады.
Әліппе:
Менің атым –Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен Бауыржан да Мәлік те
Балалар, мен бүгін сендерге құр қол келген жоқпын. Менімен өткен жарты жыл ішінде оқып бітіргендеріңді өзімнің бауырым Ана тіліне көрсетейін деп келдім.
Ана тілі:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте ! – дегендей, мен сендердің алған білімдеріңді байқап, білім жолымен ары қарай бастап кетейін деп келдім.
Мұғалім:
Ендеше ,балалар, біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатымызда әр түрлі аялдамаларға тоқтап, сол аялдамалардың тапсырмаларын орындаймыз
Ол үшін біз сендермен 2 топқа бөлінеміз. Бір топтың аты «Алғырлар» , 2-ші топтың аты «Білгірлер» болады.
1 – аялдама «Таңдап ал»
Артық әріпті тауып өз таңдауларыңды түсіндіріңдер
2- аялдама «Жинақтап ал»
Шатасып кеткен әріптер
Қандай сөзден қашты екен?
Рстанаы (арыстан) янқо (Қоян)
Рікек (керік)ғшаа (ағаш)
Шауран (раушан) тқаат (тақта)
3 аялдама «Тауып ал»
Әріптер туралы жұмбақтар жасыру
4 аялдама «Сиқырлы дорба»
Дорбада әріптер жатады. Балалар соны сипап тұрып табады да атап, балаларға көрсетеді
Сергіту сәті
5 аялдама «Ребустар»
6 аялдама «Жоғалған сөздер»
Ойын « Сөзді аяқта»
Мақал- мәтелдерді аяқтау
7 аялдама «Ширату»
Алфавитте неше әріп бар?
Дыбыстар қандай болады?
Жуан дауысты дыбыстарды ата?
Жіңішке дыбыстарды ата?
Сатқын дыбысты ата.
Сөз неден құралады?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыс дегеніміз не?
Сөзде қанша буын болады?
Сөйлеу нешеге бөлінеді?
Жазбаша сөйлеуге не жатады?
Сөйлем неден құралады?
Орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін дыбыстар қандай?
Қандай әріптер дыбыс болып айтылмайды?
Мұғалім:
Міне, осымен Әліппенің әкелген тапсырмалары аяқталды. Менің ойымша балалар өз білімдерін ойдағыдай көрсете білді деп ойлаймын. Әліппе, сен біздің балаларға ризасың ба?
Әліппе :
Иә, балалар, мен сендердің білімдеріңе өте ризамын. Енді Ана тілі баурыма сендерді тапсырып, жолға шығайын.Егер рұқсат болса.
Мұғалім:
Балалар, Әліппенің бізбен қоштасатын уақыты болды. Оқушыларымыздың Әліппеге арнаған біраз сыйы бар. Соны қабыл ал.
Ән: «Әліппе»
Балалар «Қош бол, құтты Әліппем» деп хормен айтады.
Мектеп әкімшілігіне сөз.
Дипломдармен марапаттау
Ата-аналарға сөз