Ерте?гілік ?ліппемен ?оштасу 1 сынып
Павлодар облысы,Баянауыл ауданы Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Қосдаулетова
Сабақтың тақырыбы:«Әліппе – білім бастауы»
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушылардың ойын, сөздік қорын молайту.
3.Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, «Әліппе», «Ана тілі», Ы.Алтынсариннің портреті.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: - Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндеріңіз бүгінде бойларында жауапкершілік сезімі пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып тағы бір жасқа есейіп отыр. Әліппе – бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы. Бүгін сіздердің алдарыңызға шәкірттер Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ.Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын ғана мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршін балалар едік, енді міне бүгін «Әліппемен» қоштасқалы отырмыз.
2-жүргізуші: Біз «Әліппеден» оқуды, әдемі жазуды үйрендік.Сонымен қатар ән айтуды, өлең оқуды да меңгердік. Енді біздің өнерімізді тамашалаңыздар.
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың
Әлия:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар
Наргиз:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Біздің мерекемізге кішкентаі даярлық топтың бүлдіршіндері келіпті кәнеки қарсы алайық балалар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіңдерме кішкентай бүлдіршіндер. Мерекемізге қош келдіңіздер!
Аружан: Біз құрқол келген жоқпыз. Сіздерге арналған ән шашуымыз бар.
Тоғжан: Сонымен бірге сіздерге арнап жаттаған өлең жолдарымыз да бар.
Кішкентай бүлдіршіндер өнерлерін көрсетеді.
Аружан:Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кер кетіп,
Есерлігін қоймаған.
Нұрсұлтан: Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ салған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Ән «Апатайым анашым»
Мұхит: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдына
Шығарып мақтаймыз.
Тоғжан: Отан- менің ата-анам
Отан-досым бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан туған ауылым!
1-жүргізуші: Рақмет, сендерге бүлдіршіндер! Бізбен бірге қосылып «Ботақаным бөбегім» әнін орындайық. Енді отырып бүгінгі мерекені тамашалаңыздар.
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз.
2-жүргізуші: Алғаш хат танып сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Әлия:Мен енді өзім оқып, өзім жазамын.
Наргиз: Ертегі , әңгімені де өз бетіммен оқимын.
Фарида: Біз кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Гүлнәз: Мен кішкентай қонақтарға Әліппені қалай оқитынымды көрсетейін.
Әліппенің бірінші бетіндеЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Айналайын» деп жазған сөзімен басталып тұр.Соны дауыстап оқып берейін.
Мұғалім: Жақсы! Балалар, енді мен сендерге сұрақ қояиын кім тез жауап береді екен?.
-Біз тұратын ауылдың аты?
-Ауданымыз?
-Облысымз?
-Республикамыз?
-Қазақстан рәміздері нелер?
-Әнұранның авторларын ата?
-Елордамыз?
-Елбасымыз кім?
Мұғалім: Тамаша! Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешеміз бе?
Балалар: Шешеміз.
Жұмбақ жасырады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ. (Ә әрпі)
Мына доға қарайық,
Ұқсайджы оған қай әріп? (Л әрпі)
Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Оның атын біз жазған
Қайсы әріптен басталған? (І әрпі)
Ата-анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен? (П әрпі)
Пілде бар, шілде жоқ,Допта бар, шарда жоқ,
Кеседе бар, қасықта жоқ. (П әрпі)
Ешкіде бар, қойда жоқ,
Кеседе бар, қасықта жоқ. (Е әрпі)
Мұғалім: Қандай сөз шықты?
Бәрі: Әліппе
Мұғалім: - Балалар, ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
(Ы.Алтынсарин)
- Біздің қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
- Балалар, сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?
Олжас: Ережелерді айтып үйрендік. Мысалы: Сөз дыбыстан құралады.
Дильназ: Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Гүлнәз: Дыбыстарды айтамыз, әріпті көреміз.
Фарида: Кісінің аты-жөндері, жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады.
Әлия: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса сөз жуан, ал сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса сөз жіңішке айтылады.
Наргиз: Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.
Ән «Бала тілегі» орындайтын 1-сынып оқушысы Дильназ
Мұғалім: - Балалар қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер?
Хормен:
-Рұқсат етіңіз!
-Кешірім сұраймын!
-Рахмет, ризимын!
-Кешіріңіз!
(Оқушылар арасында пікірталас жүргізіледі)
Фарида: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз
Әлия: Кітап, дәптер ,қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз?
Гүлнәз: Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз
Дильназ: Оқы ойна
Бөбектерім , оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртпа,
Сияменен бояп қойма.
Қолыңды жу, тырнағыңды ал,
Мұрныңды сүрт орамалмен.
Кешігіп қалмай мектепке бар,
Алысып жүрмей балалармен.
Ата-ана, мұғалімге
Қарсы келмей әдепті бол.
Өтірік айтпа, үйрен шынға,
Тілеймін сенен сол.
Ән: «Дос болайық бәріміз», Орындайтын 1-сынып оқушысы Олжас
2-жүргізуші: - Әліппенің беттерінен не үйрендік?
Гүлнәз: Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе – білім бесігі.
Наргиз: Сен бақытты ұлансың
Анаң - күнің,жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын
Әлия: Отан
Бесігін елдің тербеткен,
Анамсың, байтақ Отаным!
Нәр алып, ерте ержеткен,
Мен де бір ерке ботамын.
Олжас: Қазақстан – Менің Отаным
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім!
Бәрімізге белгілі,
Сенің қандай екенің.
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам қуана.
Желбірейді көк туың.
Төбемізде мәңгілік.
Фарида: Жарқын жүзді ұстазым
Кегенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
«Шәкіртім» деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Наргиз:Туған өлкем
Кеңсің дала,
Туған ана.
Көйлегіңі кең көк ала,
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
Дильназ: Өз елің
Тал, қарағай, көк өрім,
Айдын көлің, өзенің,
Қар жамылған асқар тау,
Байтақ дала-өз елің.
Дарқан елдің еркесі-
Бақытты бол бөбегім!
Олжас:Астана
Астанам – жас қалам,
Мақтаныш – бас қалам.
Көңілде шырқалсын,
Шаттықты асқақ ән!
Астанам – жас қалам,
Мақтаныш – бас қалам.
Жолшы бол бастаған,
Ардақты Астанам!
Гүлнәз: Ана тілің- арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Фарида: Астана
Болдашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән
Елодасы Оанның –
Мақтанышым – Астанам.
Ән «Алғашқы ұстазым» Орындайтын 1-сынып оқушысы Гүлнәз
Мұғалім: - Қандай мақал – мәтел жаттап үйрендік?
Наргиз:1. Кітап – алтын қазына
2.Күш – білімде, білім – кітапта.
Ожас: 1.Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2.Кітап – асыл қазына
Әлия:Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Гүлнәз: Әліппенің ар жағы – білім бағы. Дильназ:Түлік төлден өседі.
Малы бардың назы бар. Фарида: Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.
Әлия:Менімен жаңылтпашты жаңылмай қайталап көріңдерші.
1.Ақ кептер,
Көк кептер-
Көп кептер.
2.Досжан досқа
Бармақшы едім.
Достан топса
Алмақшы едім
3.Шұғылдандым , шынықтым
Спорт сырын шын ұқтым.
«Жастар биі» Бой жазу жаттығулары.
Мұғалім:Әліппені оқып бітірдіңдер .Әліппе бізге көп нәрсе үйретті.Енді Әліппеге не дейміз?
Рахмет!
Мұғалім:Енді жаңа достармен танысыңдар. Бізге кітап патшалығынан кітапханашы апайларың Жанар келіп отыр.
Кітапханашы: Мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін рахмет.Кітапханада қызық әңгіме мен өлеңдер бар, балаларға арналған кітаптар көп.Кітапханаға келіп, алып оқып тұрыңдар.Оқушыларға «Ана тілі» пәнін тарту етеді.
Мұғалім:Енді бұдан былай ана тілі оқулығын оқитын боласыңдар.
Оқушылар: «Ана тілі» пәнін жақсы оқуға, әңгімелеуге уәде береміз.
Мұғалім: Балалар әліппеден көп нәрсе үйрендіңдер, осының бәрін үйренуге көмектескен кім?
Балалар хормен: Мектеп, мұғалім, ата-ана, әліппе.
- Ендеше балалар бәріміз қосылып рақмет айтайық.
Бәрі: Рақмет!
1.Ойын жарыс .(Ата-аналарымен бірге)
топ «Білім» 2 топ «Достық»
Қай әріпті жоғалттым?
А ... А Ш ... Ш
Д ... П Т ... Л
Б ... С Ж .. З
2)Қай буынды жоғалттым?
КЕ ... МА ...
ЖА ... АЙ ...
ТУ ... ҚА ...
3) Дыбыстардан сөз құра.
А, т, ғ, а Ғ, а, а, ш
Л, а, қ, б, ы Б, а, а, қ, с
А, ғ, а, з, қ О, у, қ, ш, ы
2.Ойын «Өз орныңды тап».
Музыка ойналып тұрады балалар , ата-аналарымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда сандар рет- ретімен тұра қалуы керек.
3.«Суретті сөйлет» ойыны. Суретке ат қою, оны үш тілде яғни қазақ ,орыс, ағылшын тілдерінде айту.
«Қу түлкі» ертегісінен үзінді
Автор:Дильназ
Түлкі:Наргиз
Жолбарыс:Олжас
Қасқыр:Фарида
Құс:Гүлнәз
Қоян:Әлия
Мұғалім:Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып,, оқуларына ата-аналарының да қосқан үлесі мол. Сіздерге алғыс айтамын.
(Салтанатты мерекеге келген ұстаздар, ата-аналар оқушыларды құттықтап, алғыстарын білдіреді.)