8-наурыз мерекесіне арнал?ан Анам мені? а? жаулы?ты арда?ым атты мерекелік жиынны? ба?дарламасы
8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өтетін «Анам менің ақ жаулықты ардағым» атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Өтетін орны: мектеп АКТ залы
Өтетін уақыты: 06.03.2017жылы сағат 15.00
Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.
Кештің көрнекілігі: слайд,бейнероликтер, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.
фанфар
(әуенмен ана туралы монолог оқылады)
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!
2-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анам менің ақ жаулықты ардағым» атты мерекелік салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?
2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандылары 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды. 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
2- жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,Бала десе от болып жанасыздар.Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-дей отырып нәзік жандыларды құттықтау сөз ауыл әкімі Бектемиров Бақытжан Әбутәліпұлына беріледі.
«Анашым» әні 2- сынып оқушысы Жанат Айшаның орындауынды қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,Әрқашан ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтау сөз мектеп директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына беріледі.
Абылайқызы Кербездің орындауында «Әже» әні
2-Жүргізуш:
Ана десем шешек ашып жанары,Өмірімнің бастау алар ажары.Ана деген тіршілікке пана боп,Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып келесі құттықтау сөз ауылдық амбулаторияняң бас дәрігері Усманова Гүлшат Айтжанқызына беріледі.
Қаржау Аружанның орындауында «Анашым»
1-жүргізуші:
Анашым анажаным, асыл анам
Тәршілікке мойымаған ғасыр адам,
Мереке сіздер үніш ардақтылар,
Марқайып, шаттаныңыз бүгін анам – дей отырып келесі құттықтау сөз әйелдер кеңесінің төрайымы Рахымбаева Клара Рахымбайқызына беріледі.
Аудандық «Бұрымды қыз» байқауының жүлдегері- Жобалай Айымның орындауында «Ерке сылқым» биі, қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
1-жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Мектепішілік «Әнші балапан» байқауының «Бас жүлде» иегері
Төлеген Нұрхан «Болашағы елімнің» әні
2-жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
1-жүргізуші:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ән «Арулар» орындайтын Рамберген Меруерт
Ана (Оқитын Муслимова Алуа)
Сен бақыттысың,Жыламағын!Жай түсіп жатқанда да құламадыңТәңіріңнен мен едім ғой сұрағаныңСондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғойТірімін ғой,Қасыңдамын.Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңаӨзім кепіл тот басып, тозбасыма.Екі жыр жазсам саған бірін арнап«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімдіАспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,Сен бақыттысың, тербете берҚұба талдан иілген бесігімді…
Мерекелік би шашу 2 «ә» сынып оқушыларының орындауында.
Төлеген Айбергенов - «АНА» ( Керімкулова Айзат)
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!
«Аяула ана» әні Сағатова Гүлзаттың орындауында қабыл алыңыздар.
Жұмекен Нәжімеденов – «Ана» (Әбілшайых Дамир)
Бесікте – Ана,
бесікте – бөбек:
Бірі тербеледі, бірі тербетеді.
Бал-бөбек былдыр, өсіп те келеді,
Анаға жалғыз, сол жетеді.
Ана, Ана, қайран, ана!
Тербейді Ана әлемдегі күлкіні,
Нұр себеді аналардың кірпігіөліге де ояуға,
Ана дайын біреу үшін жылауға,
біреу үшін аяуға.
Тербейді Ана қуанышты, бақытты,
тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.
Тербейді Ана уақытты;
Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Тербейді Ана бөбегін,
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –
Планетаның алақаны сияқты...
Аусынахун Камшат «Ана» әні
Қадыр Мырза Әлі – «Ана» (Нұранова Перизат)
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
«Асыл әже» әні Сайдуллай Айдана
(Әбуталип Айтжан)
Асыл ана! Түсімде көрем сені,
Бұрынғыдай емессің неге еңселі?
Мен білсем, саған деген сағыныштың,
Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.
Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп елесіңді құштым тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ем,
Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.
Не таптым, белден кетіп бетегелі?!
Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.
Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,
Он жылдық білімім де жетер еді.
Дүние шыр айналып шарайнадай,
Жолыма қала бердің қарай-қарай.
Қайырымсыз қалаға, мейірімді,
Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!
Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,
Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.
Ардақтап арнамасам саған өлең,
Адыра қалатындай ақындығым.
Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
...Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда,
Сені сағынып кетем, анашым!
2 жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,Бала десе от болып жанасыздар.Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:
Гүлдей болсын өмірлеріңіз,
Нұрға толсын көңілдеріңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Хор «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған»
1-жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
2- жүргізуші:
Көңілің алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Диас: Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,
Анаң барға шүкір ет, болған пана.
Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,
Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!
Жомарт: Алтыным - Анам, Құттықтаймын Сізді !!!!
Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . .
Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,
Алғысым, Сізге бүгінгі күні ! ...
Айша: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттыұтап,
Әндетеміз бәріміз.
Анель: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Алмас: Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
Минура: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.
Дидар: Өмірде қымбат екен ана деген,
Өмірі гүл жаратын баламенен Біздерді ақ гүліндей аялаған,
Мен оның жалғасы боп қала берем
Альбина: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз!
Туған жердің тілі деп,
Туған жердің үні деп Анаға бас иеміз!
Қаржау Алмас «Ана Әке» әні
1-жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Қаржау Аружан «Ана»
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Анам менің ақ жаулықты ардағым" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Орындаған: педагог-ұйымдастырушы Мырзабекова Айжан Алтайқызы