Халы?аралы? аналар к?ніне арнал?ан іс-шара жоспары Арулар — асыл жандар!


Арулар - асыл жандар!
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер,мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.
1- жүргізуші: Құрметті аналар ұстаздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Бұл аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі. Дендеріңіз сау болсын! Отбасыларыңызға береке бірлік тілейміз.
2- жүргізуші: Адам үшін ең аяулы ең қастерлі жан «ана» ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағымен мейірімен махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады. Бұл күн аналарымыздың мереке күні. Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да қанша нәзік болса да барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, қыздар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырып келген мерекелеріңіз құтты болсын! Көктем аруы атты сайысымыз ашық деп жариялаймыз.
1- жүргізуші:
Ал енді сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық.
5 сынып ________________________
6 сынып ______________________
7-8-9 сынып __________________________
Сайысымыздың қыздарын сахнаға шығу кезегін әділ қазылар алқасынан алсын.
Ендеше мерекелік «Арулар - асыл жандар!» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер
2-жүргізуші
Бүгінгі сайысымыз – 7 бөлімнен тұрады.
Таныстыру топтың атын, эмблемасын)
Өз өнері. ( ән, би,пародия.)
Шаш өру (1топтан 1 қыз)
Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісі)
Көрме (қолдан жасаған заттар)
Сұрақ-жауап.(салт-дәстүр туралы)
Флешмоб (спорттық жаттығу түрлері)
1-жүргізуші
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқаларын.
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
2- жүргізуші: Әрдайымда ана сөзін тыңдайық,
Аялайық қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі етпей ешқашан
Аналарды құрметтейік, сыйлайық!
1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Аналарға арналсын тілегіңіз - келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Нурахметова Гулжанар Құмарғалиқызына береміз.
2-жүргізуші
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі
1-жүргізуші
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дей - келе «Көктем аруы» сайысының «Таныстыру»кезеңіне берейік. Ортаға бірінші топ аруларын шақырайық.
Әділ қазы алқалары Таныстыру кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2-жүргізуші
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгігі күн сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты – дей келе сайысымыздың екінші кезеңі «Өз өнері» бойынша ән, би, пародия
Әділ қазы алқалары Өз өнері кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
1-жүргізуші
«Білектей арқасында өрген бұрым,
                   Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
                   Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
                   Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?»    деп Абай атамыз жырлағандай ортаға «Шаш өру» өнерімен сайыскерлерімізді шақырамыз!
Әділ қазы алқалары «Шаш өру» кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2-жүргізуші
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді әйел кейпін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын - дей келе сайысымыздың төртінші кезеңі «Қолөнер» Салат жасау.
Әділ қазы алқалары Қолөнер кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
Ерсайын Қасымның орындауында «Сенін көзін» атты әнің тамашалаңыздар
1-жүргізуші
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Сымбат – сәні келіскен ару қызға,
Әрдайым жұрт сүйсініп қарасатын -– дей келе «Қыздарға әсемдік жарасады (Сән үлгісіне кезек береміз)
Әділ қазы алқалары «Сән үлгісі» кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2-жүргізуші
Әке көрген - оқ жонар ,
Шеше көрген - тон пішер
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір –бірінен кем түсер – дей келе сайысымыздың соңғы кезеңі «Көрме» (қолдан жасаған заттарын)
Әділ қазы алқалары «Көрме» бөлімінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
1-жүргізуші:
Ал арулар, бұл сайысқа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал сұраққа қымсынбай кеп
Жауап берсеңдер әрине жарайсыңдар – дей келе Сайысымыздың 6-шы кезеңі Сұрақ-жауап.(салт-дәстүр туралы) сұрақтарға жауап беруге де келіп жеттік. Топбасылар әділ қазылар алқасы алдынан бір сұрақтан алыңыздар.
2-жүргізуші:
Құрметті көрермендер сайсымыздың соңғы кезеңі «Флешмоб» (спорттық жаттығу түрлері) кезеңіне де келіп жеттік. Олай болса бірінші топты ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші
Осымен сайысымыздың тапсырмалары да аяқталды. Қазылар алқасы қыздарымыздың 7 -тапсырмасы бойынша алған ұпай сандарын санап шығарғанша, Аналарымыз, ұстаздарымыз және аруларымызға арналған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.
Құрметтейік ананы!
1-жүргізуші: Аяулы да ардақты аналар сіздердің құрметтеріңізге арнап_________________
_____________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ
1- жүргізуші: «Ат биеден туады, алып анадан туады» - дейді ғой халқымыз. Дүниеде анадан асқан адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушыда, данышпан ғалым да, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де анадан туған.
Келесі орындалар би сіздердің құрметтеріңізге арналар. ___________________________ _____________________________________________________________________________
2- жүргізуші: Жарық өмір бір өзіңсің сыйлаған ,
Баласына бар ғұмырын арнаған.
Сенсің, ана, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тыным таппай бізді өсіріп баптаған. Ән: _______________________________ _____________________________________________________________________________
1- жүргізуші: Адамзат ең алдымен анаға қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді ақ орда салуды қаламайды, баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғының керегі жоқ.
2- жүргізуші:Ана тіршіліктің гүлі отбасының берекесі бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә.Күннің шуақты сәулесіндей, ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан, баршамыз ана атына кір келтірмей,оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз қажет.
Сіздердің құрметтеріңізге ________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
1-жүргізуші: Әрдайым да ана сөзін тыңдайық,
Аялайық, қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі айтқызбай әр қашан,
Аналарды құрметпенен сыйлайық.
2-жүргізуші: Бір күні бір сахаба пайғамбардан өмірде бірінші кімді құрметтеу керек десе пайғамбар ананы депті.Одан кейін кімді сыйлау керек десе ананы депті. Жоқ одан кейін кім десе ананы депті.
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
1-жүргізуші: Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың,ардақтысың, данасың
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
2-жүргізуші:Маған қымбат адам жоқ бір анадан
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Аналарға борыштарғой бар адам._____________________________________ _____________________________________________________________________________
1-жүргізуші: «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды. Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Осымен шағын концертіміз де тәмамдап қалды. Әділ Қазылар алқасы қыздарымыздың 7 тапсырмасы бойынша алған ұпай сандар шешімін шығарсаңыздар.
2-жүргізуші:
Топтарды марапаттау үшін Әділқазы алқаларын ортаға шақырамыз
Аналар, қалқып бақыт аралында,Лайым мұң қонбасын жанарыңа.Осымен кешімізді аяқтаймыз,Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа. дей отырып кешімізді аяқтаймыз.Мерекелеріңіз құтты, берекелі, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Қарлығаш негізгі орта мектебі
«Көктем Аруы»