Аналар мерекесіне арнал?ан мерекелік іс-шараны? сценарийі «Ана – г?л, ана – жыр, ана – ?мір шуа?ы»
«Озерный орта мектебі» ММ
Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның тақырыбы:
Өткізген «Ботақан» тобының тәрбиешісі:
Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы
Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: мерекелік көңіл-күй құру; анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, ән тарту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте, қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзіне жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: жүргізуші, сайқымазақ
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.
• Ойындар: 1. Гүлді жинау эстафетасы
2. «Дауысты тани біл» ойыны (Ана баласының даусын тануы керек)
3. Кір жуу
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған не бір даналар. Ана - тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таң мен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Ал , енді олай болса балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.
Қошеметпен балаларды шақырайық(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Гүлдана: Өзі мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
Айнура: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Сара: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Дарина: Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты!
Айлана: Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Аида: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап, күлем!
Тамерлан: Мен үшін не керек – бәріңіз деп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Нұрбол : Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән «Айналайын, ақ мамам!»
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосынсый дайындап келді ғой. Олар бізге бір кісіні қонаққа шақырыпты. Балалар, оны шақырайық па? Балалар: Иә! Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен Сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. (Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді). (Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Ұлдардың биі.
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Сайқымазақ: Ал, мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку. (музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар.
Ән «Апам менің жақсы адам» әнін айтады.
Сайқымазақ: Ал енді ойын ойнайық, ата аналармен және балалармен. Ата аналарымыздың құлақтарының естуін тексерейік. Қазір аналар сендер көздеріңді жұмып тұрыңдар. Ойын «Баланың дауысын тану» Ал бір бала анасына оны «анашым» немесе «анам» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың баланың даусын тану.
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
«Кіржуу» ойыны
Ойын шарты: анасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Қай жұп бірінші бітіреді, солар жеңеді.
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің. Көңіл-күйімізді де көтердің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетемін. Фокустар: Саусақпен. Саусақты жұтып алады. Гүлмен. Бір гүлді қорапқа салып, «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады» деп айтады: Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Қораптың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды. Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!