Б?рі де сіздер ?шін атты Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан сценарий
«Бәрі де, сіздер үшін!!!»
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
1-жүргізуші: Илияр – Нұр
2-жүргізуші: Медет – Нұрбек
ХОР: «Гүлдерайым»
ХОР: «Біз Отанның ұланымыз»
(Хор аяқталғанда, оқушылар шығып кеткенше жай әуен ойнап тұрады, экраннан видео көрсетіледі)
ФанфарИлияр: Құрметті асыл аналар,
Қадірлі ұстаздар,
Қырмызы қызғалдақ қыздар!
Медет: Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Илияр: Ерекше төзімді, кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімізді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз!
(жүргізушілер басын иіп көрсетеді)
Медет: Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда аман-есен жүре беріңіздер! Бүгінгі «Аналар, бәрі де сіздер үшін!» - атты мерекелік концертіміз тек сіздерге арналады.
Илияр: Медет! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат емес пе?
Медет: Иә, Илияр! Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Илияр: Ендеше, қымбатты ұстаздар! Баршаңызға мереке құтты болсын!
Медет: Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын,
Илияр: еліміздің өсіп-өркендей беруін шын жүректен тілейміз.
Медет: Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып,
алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры
Нығметов Берік Задагерейұлына береміз.(директор сөз сөйлеуге шыққанда, сөз сөйлеп болған соң әуен ойнап тұрады)
Нұр: Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз.
Илияр: Нұр, олай болса, кезекті аналарымыздың құрметіне әсем әнге береміз.
3. ӘН: «Ана» Орындайтын: Кайруллиев Асхат
Медет: Нұрбек! Ойлап қарасаң, Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.
Келісесің бе?
Нұрбек: Иә! Келісемін! Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де, қыздар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Медет: Дұрыс айтасың. Бұрын көктем келді дегенде аналарымыздың мерекесі есімізге түсетін. Биыл елбасымыз көктемнің алғашқы күнін «Алғыс айту күні» деп жариялады. Бұл керемет! Алғыс айту күнінде ең алдымен кімге алғысыңды айттың?
Нұрбек: Әрине, ең бірінші ата-анама, содан кейін басқаларға алғысымды білдірдім.
Өйткені, барлық адамзат, шынында, алғысты жарық өмір сыйлаған ата-анасына айтады ғой.
Ендеше барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! – дей отырып, кезекті әсем әнге береміз.
Ән: _______________________________________________________________________
Орындайтын: Манас Исмағұлұлы. Қабыл алыңыздар!
Нұрбек: Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында, Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Медет: Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Нұрбек: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі құттықтау сөзді
мектебіміздің кәсіподақ комитетінің мүшесі Серік Сырымұлына береміз.
( сөз сөйлеп, әуенмен ұстаздарға сыйлық таратылады)
Илияр: Құрметті арулар! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер.
Нұр: Мәңгілік Еліміздегі бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз!
4. Ендеше неміс композиторы Джеймс Ласттың композициясы
Сахнаға әсем әуезді әнімен Махут Базарбайұлын шақырамыз!
Нұрбек: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар!
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
Медет: Нұр, өте керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық:
5. Сахнаға «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымының оқушыларын шақырамыз.
Нұрбек: Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Медет: Олай болса, Абдрахманды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!6. Ән: «Анашым» Орындайтын: Бақытжан АбдрахманИлияр: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Медет: Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Илияр: Көктемдей құлпырып, әдемі күлкілеріңізбен айналаңызды көркейте беріңіздер!
Медет: Кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!