Арда?ты ана! 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан мерекелік кеш.


Ардақты АНА
1-Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ардақты АНА» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-Жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
2-жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар! – дей отыра, құттықтау сөз мектеп директоры Закенов Болат Ныгметұлына беріледі
1-Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Алдарыңызда бастауыш сынып оқушылары - әдеби монтаж
2-жүргізуші: 1-сынып оқушыларының орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар

2-Жүргізуші: Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған Дайындық тобының орындауында Би «Вальс»
1-жүргізуші: 3-сынып оқушыларының орындауында «Айналайын ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы. 2-сынып оқушылары Флэшмоб
2-жүргізуші: Дайындық тобының оқушысы Әзімқызы Нұрсұлудың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ. 4-сынып оқушысы Серикова Дариғаның орындауында монолог «Ана»
1-жүргізуші: Дайындық тобының қыздарының орындауында «Үнді биі»
1-Жүргізуші:Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай 4-сынып ұлдарының орындауында флэшмоб

2-жүргізуі: 2-сынып оқушыларының орындауында көрініс «Анасы мен қыздары»
2-Жүргізуші:Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды. 1-сынып оқушысы Мұхамеджан Айшаның орындауында би «А си»
1-жүргізуші: Дайындық тобы ұлдарының орындауында Би «Шайхана». Қарсы алыңыздар.
1-Жүргізуші:Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен. 1-сынып оқушысы Әзімқызы Арайлымның орындауында «Біз тәртіпті баламыз» әнін қабын алыңыздар.
2-жүргізуші: Алдарыңызда 3-сынып оқушылары «Қазақ биі»
1-жүргізуші: 4-сынып оқушыларының орындауында Қыздар Биі
2-жүргізуші: 2-сынып оқушыларының орындауында ән «Анашым»
2-Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
1-Жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде
Әдеби монтаж
1-сынып «Ақ мамам» әні
0-сынып Вальс би
3-сынып «Айналайын Ақ мамам» ән
2-сынып флэшмоб
0-сынып Әзімқызы Н «Ақ мамам»
4-сынып Серикова Дариға монолог
Дайындық тобы «Үнді биі»
4-сынып ұлдар Флэшмоб
2-сынып Көрініс
1-сынып Мұхамеджан А. Би
Дайындық тобы би «Шайхана»
1-сынып Әзімқызы А. «Біз тәртіпті баламыз»
3-сынып Қазақ биі
4-сынып Қыздар биі
2-сынып «Анашым» әні