8 НАУРЫЗ ХАЛЫ?АРАЛЫ? ?ЙЕЛДЕР К?НІНЕ АРНАЛ?АН АШЫ? Т?РБИЕ СА?АТЫ
Сыйынар ем ана деген тәңірге
Мақсаты: Ежелден қазақ қыздарына тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, еркелік пен ұстамдылық, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді ұрпақ санасына сіңдіру; жастардың рухани талғамын, ақылды да көрікті, үлгілі сұлулардың мерейін өсіру; бүгінгі заман талабына сай ой-танымдары жоғары, туған халқының салт-дәстүрінен, тұрмысынан, өнерінен хабары бар, көрікті де өнерлі, зерделі сұлуларды анықтау; әдеп пен өнер әлеміне жетелеу, озық дәстүрлерді жаңғырту.
Жүру барысы:
Би: Шашу
1-ж: Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
2-ж: Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
1-ж: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
2-ж: Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана, Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен колледжіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз. Алдарыңызға өнерлі шәкірттеріңіз Ақгүлдің орындауындағы «Ана туралы баллада» атты композициясын қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Көрініс « Ана қадірі »
1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз
2-жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
Алдарыңызда өнерлі қыздарыңыз Аиданың орындауында «Мама» әні
2-ж: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Дамирдың орындауындағы «Сағындым ана» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов. Ал Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейдіКөркемсөз: Айболат, Алтынбек, Айжан
2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, Гүлденің орындауында «Ерке сылқым» күйін ұсынамыз.
1-жүргізуші: Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишіліерімізге береміз.
Би: Рухты ару
2-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
1-жүргізуші: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше келесі кезекті дарынды әншімізге береміз.
(1-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды. Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі. Сол мезгілде Мирастың әні)
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
«Күлкі – өмірді ұзартады» дегендей көңілімізді бір көтеріп өнерлі студенттеріміздің әншілерге салған Пародияларын тамашалайық!
1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
2-жүргізуші: Сіздерге студенттеріңіздің жеке шығармашылықтарын ұсынамыз
Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!