«?останай – досты? мекені» Саба?ты? ма?саты:Елімізді? ?сіп-?ркендеуіне ?з ?лестерін ?осып келе жат?ан ?лттар мен ?лыстарды? арасында?ы досты? пен ынтыма?тасты?ты д?ріптеу.Отанды с?юге,досты??а,?лтжандылы??а,?лтаралы? ?арым-?атынас м?дениетіне т?рбиелеу. К


Коянбаева Гулжаухар Турсынбековна
Жангелдин ауданы
Қ.Қайдосов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Guliauhar72.@mail ru Сабақтың тақырыбы: Қостанай – достық мекені
Сабақтың мақсаты:Еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен қлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.Отанды сүюге,достыққа,ұлтжандылыққа,ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қостанай – достықтың киелі бесігі» тақырыбында кітаптар көрмесі. «Қостанай – достық мекені» тақырыбында слайд.
Сабақтың барысы:Құрманғазының «Сарыарқа» күйі баяу ойнап тұрады.
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті қонақтар,оқушылар.Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Қостанай – достық мекені» атты достық сабағымызға қош келдіңіздер!
Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз – көп ұлтты.Біздің елімізде достығымыздың,татулығымыздың,бірлігіміздің арқасында 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі өзге мемлекеттер қызыға қарайтын мамыражай тыныштық,достық қарым-қатынас – ынтымақтастықтың жемісі.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні болып белгіленді.Бұл күнді еліміздегі әрбір ұлт өкілдері өзінің ең қуанышты мейрамы деп біледі.
Қазақстанның солтүстік облыстары ішінде Қостанай облысы – аумағы мен халық саны жағынан ең үлкені.Ол Ресей Федерациясының үш облысымен(Орынбор,Челябі,Қорған) және Қазақстан Республикасының төрт облысымен(Ақтөбе,Қарағанды,Ақмола және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.Облыс аумағы 196 мың шаршы шақырым жерді,яғни Қазақстан аумағының 7,7 пайызын алып жатыр.
Облыс құрамына 16 аудан,5 қала кіреді.Облыс тұрғындарының саны 1017,7 (1999ж) мыңнан астам адам мекендейді.
1-оқушы:Қазақ жері – қонақжай төрдің жері
Қазақ елі – қас Сақтай ердің елі,
Толқынды тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті
Ұлт ұрпағы өнерлі өсиетті.
Риза көңілімен елге деген
Арнайды барша халық ақ тілекті.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді көтеру адамзат тарихындағы бірегей беттердің бірі болып қалды.Тың өлкесіндегі ортақ еңбекте көптеген адамдардың тағдыры байланысты,талай ұлттың өкілдері тың төсінде табысты.Бүгінгі күндері облысымыздың астықты астықты алқаптары елдің ішкі рыногын қамтамасыз етуге ғана емес,сонымен қатар әлемдік рыноққа астық жөнелтуге мүмкіндік беруде.
2-оқушы:Тума ақындар Қостанайын жырлаған,
Мариям да,Нұрхан,Ғафу,Сырағаң,
Сөз асылын арнап осы қалаға,
Орнатыпты құрыш тастан жыр-таған.
3-оқушы:Бар тіршілік өзіңнен нәр алғандай,
Дала қандай,көрікті қала қандай?!
Қырмандарың күз келсе,тау-тау астық,
Күзгі дала – сап-сары таба нандай.
Ән: Тербеледі тың дала
Елбасымыз Қазақстан халқтарының Ассамблеясының 15-сессиясында сөйлеген сөзінде «Береке басы – бірлік.»Ал, береке –бірлігі жарасқан елдің туы биік,болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.Біз дүниежүзі бір-бірімен етене араласып,біте қайнасқан кезеңде өмір сүрудеміз.Әлемді шарпыған дағдарыс әлі аяқталған жоқ.Жаһандық сипатқа ие болған қиындықтар қайта айналып соғуы мүмкін.Сондықтан,ең қастерлі қазынамызды – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап,мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет!Олай болса,қашанда еңселеріңіз биік,татулығымыз баянды болып,ел келешегі жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін » - деп атап көрсеткендей біздің Қостанай өңірінде мекендейтін ұлт өкілдері де бір-бірімен тату-дос,бауырлас болып кеткен.
4-оқушы:Ақ таңымен ерте оянып күн-аспан,
Су бетінде моншақ шашып сырласқан.
Сан сәуледен сергіп тұрды Қостанай,
Қарт Тобылдың жағасында жайғасқан.
5-оқушы:Тоғыстырды тағдыр ұлттар ұясын,
Зерттелуде мәдени мол мұра шын.
Дәріптеумен «Достық үйі» қашанда,
Бауырлықты,татулықты тұрасың.
Ассамблея-еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі,тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына,татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналып отыр.
6-оқушы:Қазақ жері – достықтың гүлістаны,
Дархан өлке – мерейлі ырыс-бағы.
Күрестерде,еңбекте,мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Қазақстан Республикасы – әлемдегі аса ірі көп ұлтты мемлекеттердің бірі.Елімізде 137 ұлт өкілдері тұрады. Ал,Қостанай облысында,1999 жылғы санақ бойынша-108 ұлт және ұлыс өкілі мекендейді.Облыстық ассамблея құрамында 38 адам бар.Олар – жұртшылық,мәслихат,атқару органдары,ардагерлер кеңесі,жастар ұйымдары өкілдері,мәдени орталықтары,қауымдастықтар мен діни конфессиялар басшылары мен белсенділері.
7-оқушы:Даламыздай көңіліміз кең бәріне,
Көршілердің айналғанбыз әніне.
Жақсылықты баса айтпасақ осылай,
Құр береке лепірудің мәні не?
Бүгінгі күні Қостанай – Қазақстанның ең гүлденген,өзіндік ерекшелігі бар,төлтума облыс орталықтарының бірі.2004 жылы қала тұрғындарының қайырымдылық көмегімен жаңа - Константин-Елнин храмы салынды.Алтын жалатқан жеті күмбезі күнге шағылысқан ол сенімнің,Қостанайдың,және бүкіл өлкенің қайта өркендеуінің символы іспетті.
7-оқушы:Мейірбанды Қостанайым мекенім,
Түсінгенмін өмір жазы екенін,
Ізгілікті,ірілікті ұлықтап,
Бақытыма балап сені өтемін.
Ән: «Туған жер Торғайым»
Сабақты қортындылау:Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір,жүрегі бір» деген жақсы сөз бар.Жүзі басқа болса да жүрегі бір,тілі басқа болса да тілегі бір,атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз.Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз,мақтанышымыз.Ән: «Достығымыз жарасқан»