Урок Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар — отбасылы? т?рбиені? негізі


Бекітемін:
Мектеп директоры: М. Салқынбаев
Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ Сынып: 7
Мерзімі: 27.09.2016 Ата-аналар саны : 8
Мұғалім: Нугыманова Г.К
Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасылық тәрбиенің негізі
Мақсаты:
Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, рухани - адамгершілік тәрбие беру.
Міндеттері:
1. Өзін – өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде түсініктерін кеңейту;
2. Ата - аналардың құндылықтар жүйесін бала тәрбиесіне және тұлға бойын қалыптастыра білу дағдыларын дамыту;
3. Отбасында бірін –бірі аялауға, сүюге, қиыншылықты жеңе білуге, төзімділік, сыйластық, жақсылық жасау, ынтымақтастық сияқты рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Ресурстары:
слайд, музыка, жұлдызшалар, құндылықтар терегі, сауалнамалар, «Жақсы адамдар» әнінің әуені.
1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, ата-аналарды қарсы алу. Топқа бөлу (жұлдызшалар арқылы 2 топқа бөлу).
2.Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат».
Жоспар:
1. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері.
Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің қағидаттары.
Сананың құрылымы. Сананы тазарту.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту шарттары
2. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Тұлға құндылықтардың иерархиясы;
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар;
Жалпыадамзаттық құндылықтар және адами тұлғаның болмысы;
3. Балаларды тәрбиелеудегі ата - ананың рөлі мен жауапкершіліктері
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Қыз бала тәрбиесі
Ұл бала тәрбиесі
Ата-аналарға арналған сауалнаманы жүргізу
Шығармашылық жұмыс
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер».
Осы мақал-мәтел бүгінгі таңда қаншалықты орындалып жүр?
Ата - ана пікірін тыңдау.
Топпен ән айту «Жақсы адамдар» Талдау
Үйге тапсырма
Баланың сүйіспеншілік қасиеттерін оятатын сөздерді жиі айтыңыздар.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» тақырыбына эссе жазу
Жиналыстың қорытынды сәті.
Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып сүйіспеншілікпен балаларымыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамытсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке. Ендеше, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктік қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етеріміз сөзсіз. Жақсы сөз жарым ырыс. Сөздің құдіретін түсінейік. Бауыр еті балаңызға тиісті жерде жылы сөздеріңізді көбірек айтып, оны жақсы көретініңізді есіне салып жүріңіз. Сонда көптеген мәселелерден аулақ боласыз.
Жиналыстан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, мына тілек ағашына ілейік.
Бәріңізге үлкен рахмет! Мұғалім _______________________

Директор ______________________