«Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – мектепті? т?тастай педагогикалы? ?дерісіні? негізі»
Қосымша №4
Мұғалімдерге арналған әдістемелік
семинардың жоспары
Мектеп: №6 орта мектебі Семинарды тыңдаушылардың саны: Мерзімі _________________ Мұғалім: Байгарина А.Б.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығы туралы терең мәліметтер бере отырып, мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізіне бағыт беру.
Міндеттері:
-Балалардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптастырудың жолдарың көрсету.
-Мұғалімдердің жан – жақты іскер, шебер, гуманист болуға ықпал жасау.
-Ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстары:(материалдары, көздері)
Интерактивті тақта, слайдттар, музыка
бейнероликтер,
Жоспар:
1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері
- «Өзіңнен баста» (видео)
- Ізгілікті педагогика Манифесі
- Әңгімелесу: «Мектеп өмірінен» ой толғау жасау.
- Бейнеролик «Мұғалімнің сүйікті сөздері»
2.«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
- Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
3.«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.
4.«Өзіңнен баста» (видео)
5.«Мұғалімнің сүйікті сөздері» (бейнеролик)
6.Топпен ән айту.
Қорытынды Әр бір адам өзіңнен бастап ізгі істер жасаса, ізгілігі көрініс табады.
Мұғалімдер өз ойларын айтады
Мұғалімдер өз жауаптарын айтады
Үй тапсырмаcы. «Звездочка на земле» (көру және оймен бөлісу)
Жиналыстың қорытынды сәті.
Топпен ән айту. « Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні:Құрмаш Маханов
Қорытынды: Мұғалім _______________________
Директор ______________________
ТЕКСЕРІЛДІ, Абдраимова А.Б.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік
семинардың жоспары
1.Рухани - адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани – адамгершілік білім-ішкі білім.
- «Өзіңнен баста» (видео)
Бұл видео да күнделіктегі өмірде жасаған жігіттін жақсылығы, ізгі ісі көрініс табады.
Біз рухани бастаудан туындайтын, сыртқы әлемнен келетін ақпаратты дамытамыз, асқақтатамыз, ізгілендіреміз. Міне, осы бейнелерме оқушыларымыздың рухани әлемін толықтырамыз дейді Ш.А. Амонашвили
Ізгілікті педагогика Манифесінде мұғалім - нұр себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне бағыт - бағдар береді.
-Әңгімелесу: «Мектеп өмірінен» ой толғау жасау.
Сұрақтар: Не әсер етті? Менің өз ойым? Мұғалімнің ойы қалай өзгерді не себеп болды?
Педагогиканың үш типі
• Қалыптастыру педагогикасы (авторитальдық)
• Қабілеттерін дамыту педагогикасы (диалог ретінде)
Мұғалім Оқушы
• Кемелдендіру педагогикасы
Кемелдендіру педагогикасының мақсаты- адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
Педагогикалық қызметтік сұлбасы
Рухани бастау
Мұғалім Оқушы
Педагогтың үш стилі
Авторитарлық - (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары, ал оқушы төменгі сатыда болады.
Либералдық - педагогтар үшін ешқандай мақсат - мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.
Гуманистік - (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін
адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.
Бейнеролик «Мұғалімнің сүйікті сөздері»
Сұрақтар: Мұғалімнін бұл сөздерін кандай басқа сөздермен алмастыруға болады ?
Сана арқылы оқыту: Біз бірте-бірте бала санасын жалпыадамзаттық құндылықтардың нұрымен сәулендіреміз. Біз осы құндылықтарды өмірімізге енгізгенімізде теріс қасиеттер мен эмоциялар өз күші мен өктемдігі біртіндеп жояды.
Түпкі сана - сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға келіп түседіде, онда психоэмоционалдық реңге ие болады.
Сана - шынайы шындықтың идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғары деңгей.
Жоғары сана - бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор, оны оқушы бойында дамытудың маңызы зор. Біздің жан дүниемізде ар-ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін “бір нәрсе” бар. Ол біздің шынайы жоғары рухани табиғатымыз (жоғары сана) ол бізге даналық және білім береді. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар - ұждан даусы арқылы келеді.
Сұрақ: Бір стақан лас суды қалай тазалауға болады?
Сананы қалай тазалауға болады?
1.Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.
2.Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
3.Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.
4.Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
5.Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
6.Жаныңызды тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
7. Жақсы компания, орта табыңыз.
8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
9.Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.
10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.
11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз .
2.«Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио - құндылық, логос - ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.
Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.
Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет – ежелгі философ Сократ қарастырды.
«Кімде шынайы бейне мен ұшқыр ой болса ол бақытты»
“Достықсыз адамдар арасындағы қарым - қатынастың ешқандай құндылығы жоқ” Сокра́т
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір - біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.
Сүйіспеншілік – эмоция емес. Ол дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуат энергиясы
Әрекет арқылы сүйіспеншілік – Дұрыс әрекет; Сезім арқылы сүйіспеншілік – Ішкі тыныштық; Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік – Ақиқат; Түсінісу арқылы сүйіспеншілік – Қиянат жасамау.
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Қиянат жасамау – рухани аспект.
Ақиқат – интеллектуалды аспект.
Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.
Тыныштық – эмоциялық аспект.
Дұрыс әрекет – физикалық аспект.
3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру
Ықпалдасу – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды.
Ықпалдастыру процесі ( біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін- бірі толықтыратын, бір - бірімен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру.
Сұрақ: Құрметті ұстаздар қалай сабақты ықпалдастыруға болады?
Мыс: биология мен өзін-өзі тану, дүниетану мен өзін - өзі тну
Қалай ықпалдастыруға болады?
Білім берудің екі аспектісі:Интеллектуалды білім (сыртқы білім ақыл үшін.)Рухани – адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)Сыртқы ықпалдасу ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)Ішкі ықпалдасу ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы) - жаңа білім мен эволюцияны туындатады.
«Жанды білім- қанат бітірсе, жансыз білім- аяқты көтертпейтін жүк тәріздес деп түсіндіреді»
Жансыз, бірікпеген,қимылсыз білім Жанды тұтас, сүйіспеншілікпен берілген білім
1).Биологиялық тұрғыда: Бауыр - ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.
Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжімейді, ренжіседе бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір - бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы бауырмалдықты білдіреді. Ол - адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді.
2). Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеттері. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты,т.б. Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады.
3). Физика. Магнит өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір- бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір-біріне тартылады.
Адамгершілік тұрғыда: Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.
Әрбір пәннің мазмұнына рухани – адамгершілік тәрбиенің манызы зор.
Егер мұғалім өз ісіне және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ». Лев Толстой
Үй тапсырмаcы. «Звездочка на земле» (көру және оймен бөлісу)
Жиналыстың қорытынды сәті.
Топпен ән айту. « Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні:Құрмаш Маханов
Қорытынды: Құрметті ұстаздар семинар аяқталды. Сіздерге көп рахмет