«Отбасы мен балаба?ша ынтыма?тасты?ы» та?ырыбында?ы ата-аналар жиналысыны? жоспары


Хаттама№ 2
2015 жылдың 10 қаңтар күнгі «Аққоян»I-ші кішілер тобында
«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»тақырыбындағы ата-аналар
жиналысы болып өтті.
Қатынасуға тиісті ата-аналар саны:20
Қатынасқан ата-аналар саны: 17
Қатынаспағаны: 3 (дәлелді себептермен)
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Баяндама:«Отбасы тәрбие бастауы»
2. Жауапты ата-ана:Фазылова Мерей.
3. Дидактикалық ойын:«Менің атым немесе есімдер сыры».
4. «Шебер қолдар көрмесі» ата-анамен жұмыс.
5. Флешмоб жаттығуы «Көңілді күн»
6. Фото көрме: «Жанұя жарастығы».
7. «Тірек ағашы» ата-анамен жұмыс.
Тыңдалды:
Тәрбиеші: Каленова К Құрметті ата-аналар! «Шебер қолдар көрмесіне» қош келдіңіздер!Біз сіздермен екінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі ашық есік күнінің тақырыбы:«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы».
Отбасы-әдеп пен өмір кілті. «Балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі. Бүгінгі жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Күн тәртібіндегі I-ші мәселе бойынша ата-ана М.Фазылова«Отбасы тәрбие бастауы»тақырыбындағы баяндамасымен танысып,талқыланды.
Күн тәртібіндегі II-ші мәселе бойынша «Менің атым немесе есімдер сыры» дидактикалық ойыны ойналды.Ата-аналардың немесе топтағы балалардың есімдерінің тарихын білдік.
Күн тәртібіндегі III-ші мәселе бойынша«Шебер қолдар көрмесі»ұйымдас-тырылып,ата-аналардың шеберліктері байқалды.Қолмен жұмыс жасап болғаннан кейін,флешмоб жаттығуы жасатылды.